Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Сотта кәмелетке толмаған адамға қатысты істі қарау ерекшеліктері



 

Сәлеметсіздер ме құрметті мемлекеттік аттестациялық комиссия төрайымы және мүшелері, группаластар, менің қорғауға ұсынып отырған диплом жұмысымның тақырыбы Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар бойынша істерді қараудың ерекшеліктері деп аталады,

Жалпы тақырыпты зерттеу желісінде екі тарауға бөліп қарастырдық, соның ішінде басты сот талқылауына дайындық сатысы және басты сот талқылауы сатылары қамтылды.

Диплом жұмысының тақырыбы өзекті, себебі кәмелетке толмағандар ұлт болашағы, жалпы диплом жұмысында тақырыптың өзектілігін сипаттауда кәмелетке толмағандардың қылмыстық істерін қарастыру жөніндегі ҚР Жоғарғы Соты және Прокуратура органдары құқықтық статистика департаментінің статистикалық мәліметтері қарастырылды.

Зерттеу жұмыcтың нeгізгі мақcаты – кәмeлeткe тoлмағандаpдың қылмыcтаpы бoйынша coт іcін жүpгізуді кeшeнді түpдe жан-жақты зepттeп, талдау, ocы cанаттағы қылмыcтаpдың coтта іc жүpгізілуінің тиімділігін аpттыpу, coт үкімінің әділдік жәнe тәpбиeлік-өнeгeлік cапаcын аpттыpу бoлып табылады.

¡ Дипломдық зерттеудің объектісі: Зepттeу жұмыcының объектісі бoлып кәмeлeткe тoлмағандаpдың қылмыcтаpы бoйынша coт іcін жүpгізугe байланыcты туындайтын қoғамдық қатынаcтаp табылады.

Тақырыпты зерттеуде қазақстандық және ресейлік заңгер ғалымдарлың еңбектері кеңінен қолданылды.

 

Білуіңіз керек Кәмелетке толмағандардың істерін Ювеналды соттар немесе Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандырылна соттар қарастырады.

Қалғандарын слайтан қысқартын айтасыз

Қылмыстық процестік кодекс 04 шілде 2014 жыл

Сотта кәмелетке толмаған адамға қатысты істі қарау ерекшеліктері

1. Кәмелетке толмағандарға қатысты істерді кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар қарайды. Осы Кодексте көзделген жағдайларда істі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот не гарнизонның әскери соты немесе мамандандырылған ауданаралық әскери сот қарайды. Кәмелетке толмаған күдіктінің, айыпталушының өтінішхаты бойынша істі осы Кодекстің 65-тарауына сәйкес алқабилер қатысатын сот қарауы мүмкін.

2. Кәмелетке толмағандардың істері бойынша сот талқылауы осы Кодексте көзделген жалпы қағидалар бойынша жүргізіледі, онда мынадай ерекшеліктер сақталады:

1) істі талқылау жариялылықты шектеу жағдайларында жүргізіледі;

2) істі қарауға бүкіл сот талқылауы бойында қатысатын, өздеріне тиесілі барлық құқықтарды пайдаланатын кәмелетке толмаған сотталушының заңды өкілдері қатысады және олардан өздерінің келісімі бойынша кәмелетке толмаған адамның өмір сүру және тәрбиелену салтының мән-жайлары туралы куәлар ретінде жауап алынуы мүмкін; іске қатысатын заңды өкілдің келуі мүмкін болмаған жағдайда, ол басқасымен алмастырылуы мүмкін;

3) сот отырысына қорғаушының қатысуы міндетті, сот кәмелетке толмаған сотталушының қорғаушыдан бас тартуын қабылдай алмайды;

4) осы Кодексте көзделген жағдайларда сот отырысына педагог, психолог, ал қажет болған жағдайларда психиатр, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өкілдері, кәмелетке толмаған адам оқыған немесе жұмыс істеген ұжымдардан өкілдер қатысады.

3. Кәмелетке толмаған сотталушының заңды өкілін және қорғаушыны қатыстыра отырып жәбірленушімен татуласуға, оның ішінде медиация тәртібімен татуласуға, сондай-ақ прокурормен процестік келісім жасасуға құқығы бар.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.