|
||||
Пән туралы ақпаратСтр 1 из 3Следующая ⇒
1. Пән туралы ақпарат Пән атауы ___Когнитивтік лингвистика_________________________________________ Кредиттер саны__________2_____________________________________________________ Курс, семестр________ ІІІ курс, 6 семестр Күндізгі бөлім ОБ (4 жылдық)_____________ Мамандықтың шифры мен атауы___5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»_____________ Институт, кафедра__Филология институты, Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы____ Пәнді өткізу уақыты және орны___Оқу басқармасы бекіткен _ Сабақ кестесі бойынша Оқытушының аты-жөні, лауазымы, дәрежесі, атағы ____ф.ғ.к., аға оқытушы Жиренов Саян Аманжолұлы____________________________________________________________ Контактілік ақпарат (телефон, e-mail)___8 747 616 50 25 Saken82@mail.ru 2. Пәннің қысқаша сипаттамасы. (Оқытудың мақсаты, міндеті, тұлғалық нәтижелері - «білу», «меңгеру» және т.б. терминдердегі пәндік және жалпы мәдени құзіреттері (қысқаша). Пәнді оқытудың мақсаты: Когнитивті лингвистика пәнінің мақсаты – тіл біліміндегі танымдық теорияның ғылыми негіздерін меңгеру, оның басты тұжырымдары мен негізгі қағидалары арқылы студенттердің ой-өрісін кеңейту. Cтуденттердің жоғары оқу орны бағдарламасы көлемінде қазақ тілінен меңгерілген білім, білік дәрежелерін жүйелі түрде тиянақтап, тілдің дамуы мен қалыптасуы шығу тегі, тіл мен танымның бірлестігі, генологиялық және типологиялық ерекшелігі туралы кең көлемде мағлұмат беру, тіл мен таным бірлестігі туралы ғылыми теориялық аппаратының жетілуі мен ғылыми ойлау және сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, келесі курстарда оқылатын тіл білімінің теориялық курсын жоғары деңгейде меңгерту.«Когнитивті лингвистика» пәнінің негізгі міндеттері: Негізгі мақсаттың жүзеге асуы үшін орындалатын міндеттер: · тіл білімі мен когнитивтік лингвистиканың бір-бірімен байланысын көрсете білу; · тіл біліміне қатысты таным теориясының – негізгі қағидаларын игеріп, оны қоғамтану мен өміртануда дұрыс қолдана білу; · когнитивті лингвистиканың бағыт-бағдарын айқындай келіп, оның басқа ғылым салалармен байланысын зерделеу; · танымдық аспектілерге байланысты ғылыми еңбектерді, концептуалды пікірлерді, көзқарастарды талдап, талқылай білу; · когнитивтік лингвистикаға қатысты ұғымдарды, терминдерді, метатіл түсініктерін меңгеру; оларды нақты мысалдар мен деректер арқылы талдап көрсету; · танымдық лингвистиканы оқыту барысында студенттердің ойлау қабілетін, қоршаған ортаны зерттеп-тану қасиетін, өзіндік ой-пікірін дәлелдеп жеткізе білу дағдысын жетілдіру; олардың дүниетанымын кеңейту; · ой, сана, тіл тұтастығы арқылы тілдік қатынасты жете меңгеру, таным процесін жан-жақты іске асыру. Қазіргі жаһандану процесі ғылым салаларының тоғысу мен бірігуіне ғана ықпал етпей, сонымен қатар тың ғылыми салалардың қалыптасуы мен дамуына да әсер етті. Когнитивтік лингвистика - тіл білімінің қоғамдық-әлеуметтік орны мен рөлінің күшеюіне орай, адамзаттың ой мен тіл, сана мен сөйлеу, таным мен тілдік қарым-қатынас процестерінің бірлескен әрекеті нәтижесінде тілші-ғалымдар алдына жаңа идея, тың ізденісті қажет еткен сала. Бұл - сала жалпы тіл білімі проблемаларымен де, сондай-ақ жеке тіл білімі мәселелерімен де тығыз байланысты сала. «Когнитивті лингвистика» пәнін оқыту нәтижесінде студент:Когнитивтік лингвистика пәнін оқу арқылы, тіл табиғатын, қоршаған ортаны, адамзат қасиеттерін, қоғамдық құбылыстар мен жаратылысты танып-білудің ғылыми-теориялық негіздерінен ақпарат алады. Когнитивтік лингвистика пәнінің нәтижесінде тіл білімінің танымдық бағыттары мен аспектілерін әр түрлі қырынан ғылыми негіздейді және адамның таным процесіне қатысты білімін тереңдетіп, тәжірибесін молайтады. Когнитивтік лингвистика оқу жүйесіндегі «Жалпы тіл білімі», «Қазіргі қазақ тілі» пәндерінде берілген білім мазмұнын тереңдетеді, студенттердің ғылыми-теориялық көзқарасын жетілдіреді. Бұл сала қоғамдық-әлеуметтік өмір мен ғылым-білімді ұштастыра келіп, болашақ маманның дүниетанымын жетілдіріп, өзінше ой-пікір түйіндеуге қол жеткізеді. «Когнитивтік лингвистика» пәнін оқу негізінде студент: – Когнитивті лингвистика тіл арқылы қоршаған ортаны, адамзат қасиеттерін, қоғамдық құбылыстар мен жаратылысты танып-білуді; – Тіл білімінің танымдық бағыттары мен аспектілерін әр түрлі қырынан ғылыми тұрғыда негіздеуді және адамның таным процесіне қатысты білімін тереңдетіп, тәжірибесін молайтуды; – Тіл арқылы дүние болмысын танумен қатар, тілдің танымдық қызметінің ғылыми-теориялық негізін сараптауды; – Тілдің танымдық қызметі арқылы қоғамдық-әлеуметтік өмір мен ғылым-білімді ұштастыра келіп, болашақ маманның дүниетанымын жетілдіріп, өзінше ой-пікір түйіндей білуді меңгеруі керек. Кәсіби құзыреттілігі: Бүгінгі гуманитарлық ғылым саласындағы жаңа көзқарас бойынша тұлғаға бағдарлы үлгі, студенттерге білім негіздерін беруді емес, оқу және өмірлік жағдаяттарда алған білімдерін шығармашылықпен қолдануына, түйінді және пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыру арқылы өзін-өзі дамытуына, қоршаған шынайылықты түйсінуге, өзінің даралығын сезінуге, негізгі оқу және айналасындағы адамдармен өзара әрекеттесу дағдыларын игеруге, өзінің оқу іс-әрекетін ой елегінен өткізуге жағдай жасауды мақсат етеді және жоғарыда аталған мәселелерді шынай өмір құбылыстарында қажеттілік негізіне сәйкес пайдалана білуі керек. Пәндік құзыреттілігі: Күрделі білім беру, оқу-тәрбие үрдісін оңтайлы және тиімді құруда, яғни баламалығын қамсыздандыруда, білім, білік, қасиет және тұлға сапасын кешенділігін қамтамасыз ету; қоршаған ортадағы өзара әрекетті кең түрде білім, білік, дағды жиынтығын, оқытуда субъект игеруіндегі сәтті жағдай туғызу болып табылады және аталған мәселелерді теориялық және практикалық тұрғыдан меңгеруі керек.
|
||||
|