|
|||
Компания жұмысыСтр 1 из 2Следующая ⇒
Билл Гейтс Туған жылы:28.10.1955 Туған жері:Сиэтл, США Кәсіпкерлік қызметінің бағыты:Microsoft Corporation компаниясының негізін қалаушысы Уи́льям Ге́нри Гейтс III (ағылш. William Henry Gates III; қазанның 28, 1955, Сиэтл), немесе Билл Гейтс (ағылш. Bill Gates) — АҚШ кәсіпкері әрі қоғам қайраткері, бағдарламалық қамсыздандыру саласының әлемдік көшбасшысы болып табылатын Microsoft Corporation компаниясының негізін қалаушысы (Пол Алленмен бірге) және бұрынғы президенті, негізгі акционері. 2008 жыл маусым айына дейін оның басқарушысы болған, ал одан бері директорлар кеңесінің атқарушы емес төрағасы лауазымында. Қайырымдылық Билл және Мелинда Гейтстер қоры төрағаларының бірі. Билл Гейтс — Forbes журналы бойынша әлемдегі екінші бай адам. Оның байлығының ең биік шыңы 120 млрд. долларға дейін жеткен еді. «Майкрософт» акцияларына биржалық бағалардың ауытқуына байланысты Гейтс санаулы секундтар ішінде миллиардтарын жоғалтып, оны қайта қалпына келтіре алды. Мемлекет «Майкрософтпен» соттасады, ал президенттер Гейтсті құрметпен қабылдайды. Алайда қазір ол ақша табудан гөрі, жоқшылықпен күреске ақшасын жұмсауға ерекше мән беруде. Гейтс өсиет хатына сәйкес оның үш баласының әрқайсы тек $10 млн. алады. Қалғаны оның кенже баласы қайырымдылық қорының еншісіне тиеді. Microsoft жүйелері әлемде пайдаланылатын компьютерлердің 93%-да орнатылған. Монополияға қарсы комитеттің талабы бойынша Президенттіктен бас тартқан Билл Гейтс қазіргі кезде компанияның басқарушыларының бірі және бағдарламалық қамсыздандыру өнімдерін дайындау бойынша бас инженер болып табылады. Сонымен қатар, ол компания акциялары бөлігінің үлкен үлесінің иесі. Бүгінгі таңда ол 75 миллиард доллардың иесі және Forbes тізімінде байлығы бойынша 1-ші орынды алады. Балалық шағы:Оның әкесінің айтуынша: «Сәби болған кезінде-ақ, Билл өз бесігін өзі тербетуші еді». Тербетпелі бесіктен Гейтс әлсіз және кішкентай болып шықса да, оның рухы күшті болатын. Ата-анасы Биллді жергілікті жекеше мек- тепке беруді ұйғарды. Гейтс грамматика, азаматтық тану және оның өзі еш қажетсіз деп санаған басқа да пәндерден ақсайтын, алайда математика пәнінен ең жоғары бағаларды алушы еді.Өмір бойы Гейтс өз «менін» бекіту мен тәуелсіздігі үшін күресті. Бұл күрестің ең бірінші құрбандары оның ата-анасы болды. Биллдің анасы – Мэри, мектеп мұғалімі қатал мінезді әйел болатын. Мектептегі өмірі:Мектептің өзінде-ақ 13 жасар Билл Гейтс және оның айырылмас досы Пол Аллен алғаш рет өрескел компью- терлік терминалды жасады. Содан соң олар ол үшін екі бағдарлама жасап шығарды. Ерекше үлгеріммен көзге шалынбаған, ол 9 сыныпты кітаптарға көз салмай- ақ ылғи бестікке (ағылшынша «А» әріпі) бітірді және «қабілеттілікке» тест тапсыру кезінде Американың үздік оқушыларының ондығына кірді, бұл да оның бүлігінің бір түрі болатын. Оныншы сыныпта Билл компьютер ісін оқыған жоқ, оны өзі оқытты. Сол кезде ол өзінің оқу сыныбы үшін бағдарламасын жасады.Сол жылдары Гейтстің жақын досы священниктің ұлы, Кент Эванс болды. «Біз бірге әлемді жаулап алуды армандаушы едік, – деп есіне алады Гейтс. – Мен қазірге дейін оның телефон номерін жатқа білемін». Билл, Кент және Пол Lakeside Programmers Group компаниясының негізін қалады және жергілікті фирмаларға қызмет көрсете бастады. Дәл сол кезде мектеп қабырғасында жүріп-ақ Пол Аллен Гейтстің алдын орап, барлық істі өз қолына алмақшы болды. Бірақ көп ұзамай, Пол бағдарламалар кодын жасауда оған шаршау мен шалдығуды білмейтін Биллдің қажет екеніне көз жеткізді. Сөйтіп Пол оны шақырды. «О’кей, – деді Гейтс, – бірақ менің бір шартым бар: мен қожайын боламын». Студенттік өмірі:Билл Гейтс сол кезде Гарвардты бітірмегені қызықты жайт. Гарвард университетінің дипломының орнына дүниеге «Майкрософт» компаниясы келді. Компания жұмысы Жаңа компания жаңа ғана сәнге айналып келе жатқан жеке компьютерлер үшін бағдарламалық құралдар жасай бастады. «Майкрософттың» дүниеге келуі жайындағы аңыз былай дейді: Аллен 1974 жылы Гарвардтағы Гейтске келе жатып, жолда газет дүңгіршегінен жур нал сатып алмақшы болады. Алайда онда көрген дүниесі оның және Гейтстің өмірін мүлдем өзгертеді. «Таны- мал электроника» журналының мұқабасында Altair-8080 суреті жарияланған, ал оның үстінде ірі шрифтпен «Коммерциялық модельдермен бәсекелесуге қабілетті, әлемдегі ең бірінші компьютер» деп жазылған. Олардың екеуі де олардың алдында қандай көкжиектердің ашылғанын бірден түсінді. Олар «үй» компьютерлерінің нарығы сәлден кейін құлпырып, миллиондаған адамдарға бағдарламалық құрал қажет болатынын түсінді. Бірнеше күннен соң Гейтс Altair өндірушісі – MITS компаниясына хабарласып, Алленмен бірлесіп Altair-де қолданыла ала- тын Basic бағдарламалау тілінің нұсқасын жасағанын айтты. Гейтс жалған айтты. Сол кезде достар кодтың бір жолын да жазған жоқ болатын. Соның үстіне, оларда Altair-де, оның чипі де болған жоқ. MITS бұл туралы білмей, Гейтстің ұсынысына қызығушылық танытты. Осылайша достар Basic бойынша қауырт жұмысқа кірісті. Гейтс кодпен жұмыс жасаса, Аллен PDP-10 мек- теп компьютерінде Altair жұмысын симуляциялады. Бір жарым айдан соң, бағдарлама дайын болды. Аллен оны MITS-ке апарды. Сол кезде ол алғаш рет Altair-ді ұстап көрген еді. Таңғажайып керемет болды – достардың бағдарламасы іске қосылды! Келісім-шарт жасалды. «Бағдарламалық құрал нарығы туындады!» – деп айқайлап жіберді Гейтс. Қазір Билл Гейтс "Майкрософт" компаниясын басқармайды. Уақытының көп бөлігін қайырымдылыққа жұмсауда. Билл Гейтс алдына бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығын алуды мақсат еткен. Ол 2012 жылы бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығына үміткерлер қатарында болды. Бірақ бұл сыйлық Еуропалық Одаққа берілді. Паййдаланған әдебиеттер:http://citaty.info/man/bill-geits "William Bill Gates", Forbes 2013ж басылым
|
|||
|