|
|||
Көрнекілік: жарты шарлар картасы, электрондық оқулық, слайдтар.Стр 1 из 2Следующая ⇒
Сабақ жоспары. Сынып: 6 сынып Сабақ тақырыбы: §50. Табиғат кешендерін қорғау Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың білімін жан-жақты дамыту. Адамның шаруашылық әрекетінің барған сайын күшеюіне байланысты табиғат кешендерінің мұдай жайсыз өзгерісі кең етек алып отырғаны туралы білім қалыптастыру. Дамытушылығы: Оқушылардың жан-жақты ойлау қабілетін және іскерлігін, белгілі бір іс-әрекетке дағдысын, тәртібін жақсарту. Тәрбиелілігі:Елін сүйетін азамат тәрбиелеу. Оқушыны адамгершілікке, сана сезімді жетілдіруге тәрбиелеу. Оқушылардың ой-өрісін,табиғат пен қоғамның ара қатынасын,алған білімдерін өмірдің кез келген жағдайларында қолдана білуі,картаны пайдалана отырып өз бетінше жан-жақты жұмыс жасауға тәрбиелеу Сабақтың типі: жаңа білім беру Сабақтың әдісі: зерттеу әдісі Көрнекілік: жарты шарлар картасы, электрондық оқулық, слайдтар. Сабақтың барысы 1.Ұйымдастыру 1.1.Оқушыларды түгендеу 1.2.Сабаққа дайындығын тексеру 1.3.Мақсат қою ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
1.Табиғат кешенін қорғау қажеттігі неден туады? 2.Адамның табиғатқа әсері апатты дәрежеге қай уақытта жетті? 3.Табиғатқа түрлі зиянды заттар қайдан келеді? 4.Табиғатты қорғауда география ғалымдары қандай қызмет етуде?
Көкейтестілік а).Тірек білімдер (Қандай ұғымдарға аса мән беріледі). ә).Қызығу тудыруға ықпал ету амалдары. б).Жұмыс барысын бақылау түрлері, өзін-өзі байқау тәсілдері.
Жаңа сабақты меңгерту кезеңі. Табиғат кешендерін қорғаудың қажеттігі.«Географиялық қабық-Жердің ерекше кешенді қабығы» деген тақырыптан жер бетіндегі табиғат кешендерін құраушы компоненттердің бір-бірімен тығыз байланысты екендігін байқадыңдар. Олардың бірінің шамадан тыс өзгерісі басқаларының да өзгеруіне алып келеді. Соның нәтижесінде бүкіл бір аумақтың табиғат кешені өзінің алғашқы табиғи күйінен айырлады немесе мүлде жойылады. Адамның шаруашылық әрекетінің барған сайын күшеюіне байланысты табиғат кешендерінің мұнай жайсыз өзгерісі кең етек алып отыр. Аң және балық аулаумен айналысқан алғашқы қауым адамдары табиғатқа бағынышты болды. Ол кезде адамның табиғатқа, жеке алғанда ауланатын аң мөлшеріне әсері онша байқалған жоқ. Мал шаруашылығы мен егіншіліктің дамуы адамның табиғатқа ықпалына күшейтті. Далалық алқаптардың жыртылуы, егістік жерді кеңейту үшін орманды отау және өртеу ісі, құрғақшылық аудандардағы жер суару жұмыстары табиғат кешендерін өзгертпей қоймады (қандай өзгеріске ұшырайтынын ойластырыңдар). Адамның табиғатқа теріс әсері әсіресе ірі өнеркәсіптің дамуына байланысты апатты сипат алды. Адам табиғат байлықтарын бірінен соң бірін шаруашылық мақсатына игере бастады. Өсімдік, топырақ, жануарлармен қоса пайдалы қазбаларды, суды, ауаны барған сайын кең көлемде пайдалатын жағдайға келді. Табиғат байлықтарын тұтыну әсіресе ХХ ғасырдың 2- жартысында ғылым мен техниканың пәрменді түрде дамуына байланысты барынша кең етек алды. Ендігі жерде адамның табиғатқа әсері оның байлықтарын пайдаланумен бірге табиғи ортаны ластау, табиғат кешендерін қайта қалпына келместей дәрежеде бұзу сипатына ие болып отыр. Ғаламдардың есептеуінше, адам жер беті табиғат кешенлдерінің жалпы көлемінің 60% - ын игеріп, оны белгілі бір дәрежеде өзгерткен, 20%-ын түгелдей өзгерткен. Қазіргі кезде адамдар табиғи отын мен шикізатты өндіріске өте көп мөлшерде пайдаланады. Сонымен бірге өндіріс орындары, жылу электр стансалары, автокөліктер орсан көп қалдық шығарады. Бұл қалдықтар ұзақ уақыт бойы топыраққа , суға және ауаға қосылып келеді. Өндіріс қоқыстары барған сайын жер бетіне жайылып жатыр. Қалдық улы заттарөзендер мен көлдерге қосылып келеді. Өндіріс қоқыстары барған сайын жер бетіне жайылып жатыр. Адамның шаруашылық әрекетіне атмосферадағы газдардың да тепе-теңдігін бұзады. Түрлі өндіріс орындарының мұражаларынан шыққан зиянды қоспалар табиғаттағы зат алмасуына қатынасады. Табиғат кешендерін қорғаудың ғылыми негіздері. Адамның шаруашылық әрекетінің әсерінен табиғат кешендері сөзсіз өзгеріске ұшырап отыратынын байқадық. Оған себеп- адамның күнкөрісі табиғатпен байланысты. Ол табиғаттан керегін алмай, оны пайдаланбай отыра алмайды. Жер қойнауынан пайдалы қазбалар өндіру, металл қорыту, егін егу су энергиясын пайдалану және сол сияқтылар табиғатқа тікелей әсерін тигізеді. Мәселе – табиғатқа тимеу емес, оны жағымсыз өзгерістерге ұшыратпау. Ол үшін табиғат құбылыстары мен заттарын зерттеп, дұрыс пайдалана білу керек.
|
|||
|