Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Барлық білім беру ұйымдары мен еңбек ұжымдарында «Қазақстанның киелі географиясы» арнайы жобасы шеңберінде виртуалды экскурсиялар ұйымдастыру. Нұр-Сұлтан, 2020



               

                         

Барлық білім беру ұйымдары мен еңбек ұжымдарында «Қазақстанның киелі географиясы» арнайы жобасы шеңберінде виртуалды экскурсиялар ұйымдастыру

        

                                 

Нұр-Сұлтан, 2020

Барлық білім беру ұйымдары мен еңбек ұжымдарында «Қазақстанның киелі географиясы» арнайы жобасы шеңберінде виртуалды экскурсиялар ұйымдастыру бойынша ұсынымдар

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында мәдениет саласында екі ауқымды бағдарлама жүзеге асырылуда: «Қасиетті Қазақстан» жобасы және Қазақстан Республикасының музей  қорының мемлекеттік каталогын шығару. Бірінші жоба – бұл әлемде тендесі жоқ мәдениет мұрасының ғимараттарын және 100-ден астам  объектіні цифрлық  форматқа айналдыру, екіншісі – Қазақстан Республикасының музей  қорын сандық форматқа айналдыруды көздейтін ауқымды жоба.

Мәдениет саласында цифрландыру бойынша ауқымды әдіснамалық жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, мәдени мұраны қисынсыз цифрлау процесінен қорғауға мүмкіндік беретін халықаралық стандарттар негізінде мәдени мұра нысандарын цифрлау әдістемесі әзірленді.

Сонымен қатар, мәдени мұра нысандарын цифрлаудың Ұлттық жоспары әзірленді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі базасында «Музей қорының мемлекеттік каталогы» және «Киелі Қазақстанның виртуалды турлары» пилоттық жобасы іске қосылды. Сонымен, «Мемлекеттік каталог» жүйесі пайдаланушыларға ҚР музей қорының кез келген экспонатының 3D үлгілеріне тез арада қол жеткізуге мүмкіндік береді.

«Виртуалды турлар» жүйесінің арқасында кез келген адам онлайн режимде «Киелі Қазақстан» тізіміне кіретін объектілердікөруге мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар, республикалық музейлерде музей  артефактілерін цифрлау жұмыстары жүзеге асырылуда. Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің жалпы музей қоры 24 813 бірлікті құрайды, оның 13 700 бірлігі немесе 55,2%-ы цифрландырылды.

2018 жылы алғаш рет «Жалпыұлттық маңызы бар Қазақстанның киелі нысандары» тізіміне енген Қазақстанның 12 сәулет ескерткіші 3D форматында цифрланған (Қ.А. Яссауи, Қарахан, Жошы хан, Алаша хан, Бекет ата кесенелері, Бөкей орда кешені, Абай, Шәкәрім, Қорқыт ата мемориалдық кешендері, Қарасай-Ағынтай, Баба Түкті Әзиз, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Арыстанбаб кесенелері).

2018 жылы әлеуметтік желілерде киелі орындарды жариялау және кеңінен насихаттау мақсатында 90 бейнеролик, 2019 жылы ұзақтығы 40 секунд болатынтағы 30 мобильдік форматтағы бейнеролик қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде таратылды.

Сонымен қатар, «Қазақстанның киелі географиясы» арнайы жобасы бойынша халықтың барлық әлеуметтік және жас топтары және де әртүрлі ұйымдар толық қамтылмаған.

Көптеген азаматтарға уақыттың және қаржының тапшылығы Қазақстанның киелі жерлеріне баруға мүмкіндік бермейді. Алайда, заманауи техникалық мүмкіндіктер осы объектілерді виртуалды режимде көруге және өз елі туралы білімін арттыруға мүмкіндік береді, сонымен бірге ішкі туризмді дамытуға серпіліс береді.

Әлемдік қоғамдастықта жаһандық ақпараттандыру үрдістерін ескере отырып, отандық мәдениеттің жетістіктерін интернет-ресурстар арқылы кең тарату мүмкіндігін пайдалану қажет.

Виртуалды экскурсиялардың мақсаты –Қазақстанның сакралдық объектілерін танымал ету.

Виртуалды экскурсиялардың міндеттері:

- өз тарихына, мәдениетіне деген құрмет сезімін қалыптастыру;

- қазақстандық туризмнің тартымдылығын арттыру;

- тарихи деректерге қызығушылықты арттыру;

- шағын және орта бизнесті дамыту әлеуеті бар арнайы жобаның тиімділігіне жәрдемдесу және өңірлердің инвестициялық тартымдылығын арттыру

Іске асыру тетіктері:

1. Білім беру ұйымдары мен еңбек ұжымдары «Қазақстанның сакралдық географиясы» арнайы жобасының виртуалды объектілерін қарауды ұйымдастырсын.

Қазақстанның 100 жалпыұлттық киелі объектілері тізімі осы сілтеме арқылы қолжетімді –

http://iqap.kz/100-%D0%BE%D0%B1%D1%89%D0%B5%D0%BD%D0%B0%D1%86%D0%B8%D0%BE%D0%BD%D0%B0%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D1%8B%D1%85-%D1%81%D0%B0%D0%BA%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D1%8B%D1%85-%D0%BE%D0%B1%D1%8A%D0%B5%D0%BA%D1%82/

 

2. Жауапты тұлғалар басшылықпен келісіп Қазақстанның әр түрлі өңірлерінің объектілерін қарауға бейімделген орынды (акт залы, конференц-зал, оқу аудиториясы, кітапхана немесе кез келген басқа үй-жай) және уақытты таңдайды.

3. Әрі қарай, қарау үшін қасиетті объектілердің  тізімін жасап веб-сайттарда 3D турларға немесе YouTube бейнефильмдерге алдын ала сілтеме дайындау қажет

Виртуалды турлар көрсету үшін ұсыным ретінде келесі тізімді ұсынуға болады:

- https://qazaqstan3d.kz/ru – сайты, мұнда киелі объектілердің 3D модельдерін және YouTube-тан алынған фотосуреттер мен бейнелер көруге болады.

- https://kazakh-tv.kz/ru/programms/program/program_1249_sakralnye-mesta-kazakhstana –Kazakh TV телеарнасының «Киелі жерлер» жобасында киелі объектілер  туралы бейнематериалдар орналастырылған.

- https://kazakh-tv.kz/ru/programms/viewArchive?id=9655, https://kazakh-tv.kz/ru/programms/viewArchive?id=20931–Kazakh TV телеарнасының «Тарихтын жұмбақтары» жобасында киелі объектілер туралы бейнематериалдар орналастырылған. Мысалы, көрсетілген сілтемелерде –«Рабия Сұлтан Бегім. Тағдырдың сценарийлері», «Орбұлақ шайқасы».

- https://kazakh-tv.kz/ru/programms/viewArchive?id=17509 –Kazakh TV телеарнасының «Қазақстанның архитектурасы» жобасында киелі объектілер туралы бейнематериалдар орналастырылған. Мысалы, көрсетілген сілтемеде – «Ұлы Әмір Темірдің басты мұрасы» бар.

- https://kazakh-tv.kz/ru/programms/viewArchive?id=16481,https://kazakh-tv.kz/ru/programms/viewArchive?id=15522,https://kazakh-tv.kz/ru/programms/ viewArchive?id=15166–Kazakh TV телеарнасының «Ұлы дала құпиясы» жобасында киелі объектілер туралы бейнематериалдар орналастырылған. Мысалы, көрсетілген сілтемелерде – «Арыстан баб», «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу», «Хан Тәңірі – үш мемлекеттің шыңы».

- https://kazakh-tv.kz/ru/programms/viewArchive?id=17859–Kazakh TV телеарнасының «Ұлт қазынасы» жобасында киелі объектілер туралы бейнематериалдар орналастырылған. Мысалы, көрсетілген сілтемеде – «Ат қай жерде алғаш рет қолға үйретілді?».

- https://kazakh-tv.kz/ru/programms/viewArchive?id=15187–Kazakh TV телеарнасының «Қазақстан қорықтары» жобасында киелі объектілер туралы бейнематериалдар орналастырылған. Мысалы, көрсетілген сілтемеде – «Шарын ұлттық паркі».

- https://www.youtube.com/watch?v=jJGuDTZe4r8 – «Хабар SHOW - Шоу, сериалдар мен бағдарламалар» Ютуб арнасындағы «Айша бибі кесенесі».

- https://www.youtube.com/watch?v=scgetYL5Gfs&list=PL843WPu0L-kyzNALQbYu7cjZu7JWsTuo1&index=1 – Ютуб арнаның осы плейлистінде 17 бейнефильм жинақталған, соның ішінде «Белгілер. Дала аңыздары» «Жетінші арнаның» тапсырысы бойынша түсірілген бағдарламалар.

- http://zhetysu360.kz/ - 3D тур, соның ішінде Жетісудін киелі жерлерін, HD сапада 360 градуста қарауға болады. Бұдан басқа, келушінің алдында әрбір бөлме мен әрбір бұрыш ашылады.

- http://dp.azretsultan.kz/ - ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мәдени мұра тізіміне енгізілген «Әзірет Сұлтан» музей-қорығы туралы 3D тур.

Жоғарыда көрсетілген тізбе толық болып табылмайды.

Виртуалды тур үшін қатысушылардың өз тарихына, мәдениетіне деген құрмет сезімін қалыптастыратын және қазақстандық туризмнің тартымдылығын арттыратын қызықты және танымдық бейнематериалдарды таңдау қажет.

Киелі объектілер туралы жай аудио әңгімелерсіз 3D турлардан немесе квадрокоптерден түсірілген бейнелерден гөрі көркемді-қойылым бейнематериалдар және деректі-тарихи бейне бағдарламалар тындаушылар үшін аса қызықты болады.

4. Егер іс-шараны өткізу форматтары туралы айтатын болсақ, бұл іс- шараны түрлі қызықты тәсілдермен өткізуге болады. Мысалы, «О.Бөкей атындағы ОКЖ» КММ № 30 мектептің педагогикалық ұжымының қолдауымен оқушылар арасында үштілдік байқау ұйымдастырылып, Шығыс Қазақстанның киелі жерлеріне виртуалды тур өткізді. Толық ақпарат осы сілтеме бойынша алуға болады -https://altaynews.kz/ru/arxiv/virtualnyy-tur-po-sakralnym-mestam-vostochnogo-kazahstana.html

2019 жылы «Almaty Nomad» саяхатшылар клубы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ жастар ішкі туризмін дамыту бойынша мемлекеттік грант шеңберінде Қазақстан бойынша жастар турларын ұйымдастырумен айналысты.

Картада «Қазақстанның 100 киелі жері» деп аталатын                                     110 жалпыреспубликалық киелі жер белгіленген.

Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін картадағы киелі орындар түрлі түстермен белгіленген:

· жасыл – табиғи объектілер;

· күлгін – ежелгі қалалар;

· қызғылт сары – кесенелер және қасиетті орындар;

· қоңыр –тарихи тұлғалар жерленген жерлер;

· қызыл – тарихи шайқас немесе маңызды оқиғалар орындары.

Картада барлығы 150 объект, әрқайсысына сипаттама, фото және бейне бар.

Картаға сілтеме:

ttps://www.google.com/maps/d/viewer?mid=1BwcEkPojilm0uPSqHHUg8yNJHrNCgzub&ll=47.702353503482726%2C79.36099045711376&z=6

Орындау мерзімі:Жыл бойы.

Күтілетін нәтиже:

- Қазақстанның сакралдық географиясы объектілері халық арасында танымал;

- қатысушылардың өз тарихы мен мәдениетіне деген құрмет сезімі қалыптасқан;

- Қазақстандық туризмнің тартымдылығы артуы

Көрсеткіштер:

Халық арасында Қазақстанның киелі нысандарына қызығушылық пайда болу.

Қазақстанның киелі нысандарына экскурсиялық турлардың көбейуі.

Қатысушалардың саныәр өңір бойынша – 100 000 адамнан кем емес.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.