Математикалық маятниктің тербелісін үйрену
1. Математикалық маятниктің тербелісін үйрену
Жұмыстың мақсаты: Математикалық маятник тербелісі периодының маятниктің ұзындығына, амплитудасына және массасына тәуелділігін эксперимент арқылы тексеру.
Құрал-жабдықтар:Штатив, жібі бар шар, таразы, өлшеуіш сызғыш, транспортир, пластилин, магнит. Зертханалық тұрғы және муфта, секундомер, өлшеуіш таспа.
Теориялық түсінік:
Математикалық маятник тербеліс периодының формуласын қорытып шығарайық .
Есепті жеңілдету үшін маятникті бір жазықтықта тербелтпей, жүк шеңбер бойымен қозғалатындай етіп, оны конус сызуға мәжбүр етеміз.
Маятниктің айналу периоды оның тербеліс периодына тең болады. Тайн.=Ттер=Т.
Конустық маятниктің айналу периоды жүк сызатын шеңбердің ұзындығын сызықтық жылдамдыққа бөлгенге тең:

Ал маятник вертикаль күйінен шамалы ғана ауытқитын болса, амплитуда аз болғанда, қорытқы күш шеңбердің ВС радиусы бойымен бағытталады деп есептеуге болады. Бұл жағдайда қорытқы күш центрге тартқыш күшке тең:

ОВС және ВDE үшбұрыштарының ұқсастығынан: ВЕ:ВD = СВ:ОС немесе Ғ:mg = R:l, бұдан

Ғ күшінің осы екі өрнегін теңестіре отырып алатынымыз:

Осыны Т периодтың өрнегіне қойып, мынаны аламыз:
Гипотеза:
· Математикалық маятниктің периоды маятник ұзындығына тәуелді болуы мүмкін.
· Математикалық маятниктің периоды жүктің массасына тәуелді емес болуы мүмкін.
· Математикалық маятниктің периоды тербеліс амплитудасына тәуелді емес болуы мүмкін.
· Математикалық маятниктің периоды еркін түсу үдеуіне тәуелді болуы мүмкін.
Аспаптың бөлік құны және аспаптық қателік:
Аспап шкаласындағы бөліктің құны өлшенетін шаманың шкаладағы кез келген екі мәнінің айырымын сол мәндердің арасындағы бөліктердің санына бөлу арқылы анықталады.
Аспаптық қателік аспап бөлігі құнының жартысына тең.
|