|
|||
III - ДЕҢГЕЙСтр 1 из 3Следующая ⇒ III - ДЕҢГЕЙ
1. Ауруханадан тыс пневмонияның патогенін анықтағанға дейін барынша тиімді антибактериальды терапияны тағайындаңыз: A. гентамицин B. тетрациклин +C. ровамицин D. бисептол E. кефзол
2. Созылмалы алкоголизм және өкпенің созылмалы обструктивтік ауруларымен ауыратын егде жастағы ер адам қарақат желесі тәрізді, күйген ет иісті, тұтқыр қиын бөлінетін қақырық пен жөтелге шағымданады. Объективті: айқын интоксикация, ентігу, өкпеде аздаған сырылдар. Рентгенде «бал арасының ұясы тәрізді таралаған өкпе» феномені, көптеген бронхоэктаздар, қалдықты қуыстар, пневмосклероз анықталды. Қандай қоздырғыш анықталуы мүмкін: A. хламидия +B. клебсиелла C. микоплазма D. вирус гриппы E. ішек таяқшалары
3. Өкпенің созылмалы обструктивтік ауруымен және өкпе текті жүрекпен ауыратын, жағдайы тұрақты науқастың өмірлік болжамының жақсаруы келесі шараға байланысты болуы мүмкін: +A. тұрақты оттегілік терапия B. бета-блокаторларды ұзақ қолдану C. варфарин курсын жылына 2-3 рет тағайындау D. кезеңдік трахеобронхиальды санация E. ұзақ әсерлі нитраттарды қолдану
4. Тыныс тұншықпасын реттейтін дәріні атаңыз? А. эуфиллин, теофиллин В. адреналин, эфедрин С. жүйелі кортикостероидтар +D. ингаляцилық кортикостероидтар, бета - 2 - стимуляторлар Е. бета - адреноблокаторлар
5. Тыныс тұншықпасының бірінші қатарын емдеуде қолданылатын дәріні атаңыз: +А. ингаляциялық бета - 2 - адреномиметиктер В. ингаляциялық кортикостероидтар С. теофиллиннің ұзартылған түрдегі дәрілері D. жүйелі кортикостероидтарды пайдалану Е. комплекстік ем
6. Тыныс тұншықпасының үшінші қатарын емдеуде қолданылатын дәрілерді атаңыз: А. ингаляциялық бета - 2 - адреномиметиктер В. ингаляциялық кортикостероидтар С. теофиллиннің ұзартылған түрдегі дәрілері D. жүйелі кортикостероидтарды пайдалану +Е. комплекстік ем
7. Өкпе ісігінің қандай сатысында сәулелік ем қолданылады: A. Бірінші B. Екінші C. Үшінші +D. Төртінші E. Тек ісіктің гистологиялық құрылымына байланысты
8. Инфильтративті туберкулезбен өкпенің орталық ісігі екшеу диагностикасын жүргізу үшін тиімді әдіс болып табылады: A. Томография +B. Биопсия мен бронхоскопия C. Қақырық микроскопиясы D. Биопсия мен медиастиноскопиясы E. Диагностикалық торакотомия
9. К. атты 28 жастағы науқас тұншығуға, ұстама тәрізді құрғақ жөтелге шағымданады. Соңғы аптада түнде 2рет тұншығудан оянған, ұстама беротекпен басылған. Күніне 10мг преднизолон қабылдайды. Қарағанда: ТАЖ-22 рет мин., тыныс шығарудың жылдамдық шыңы 68%. Сіздің болжам диагнозыңыз: A. тыныс тұншықпасы, жеңіл дәрежелі, өршуі ТЖ І B. тыныс тұншықпасы, ауыр ағымы, өршуі, ТЖ ІІІ C. тыныс тұншықпасы,орташа дәрежелі, өршуі, ТЖ ІІ +D. тыныс тұншықпасы, ауыр ағымы, гормон тәуелді түрі, өршуі, ТЖІ E. тыныс тұншықпасы, орташа дәрежелі, гормон тәуелді түрі, өршуі, ТЖ ІІ 10. Әскери бөлімде әскери қызметкерлерінің жаппай аз қақырықты жөтелмен жүретін және айқын интоксикациямен көрініс берген пневмониямен ауырған. Рентгенологиялық суретте жиі екі жақты өкпе түбірінде өкпе суретінің күшеюі, полиморфты ошақты қабыну инфильтрациясы анықталды. Ампициллин, гентамицин, цефалоспориндермен жүргізілген ем тиімсіз. Пневмонияның негізгі себебі болуы мүмкін: A. алтын түсті стафилококк B. клебсиелла +C. микоплазма D. пневмоциста (Р. саrini) E. пневмококк
11. Науқас 49 жаста, қарқынды емдеу бөлімшесіне жедел трансмуральдық инфаркт миокардтісімен жеткізілді. Ентігу басталды, тахипноэ, АҚҚ 90/60 мм, с.б.б., дейін төмендеген, тахикардия 120 рет мин. өкпенің төменгі бөлігінде ылғалды сырылдар естіледі. 3-4 қабырға аралықта айқын шоқырақ ырғақты систолалық шу естіледі. Сіздің болжам диагнозыңыз: A. қарыншаның сыртқы қабырғасының жыртылуы B. өкпе артериясының эмболиясы C. тромбоэндокардит D. қарынша аралық перде жыртылысы E. эпистенокардиялық перикардит
12. 45 жастағы науқас сол жақ қарыншаның алдыңғы қабырғасында орналасқан жедел миокард инфарктісімен интенсивті палатаға түсті. АҚҚ 150/100 мм.с.б., ЖСЖ 100 рет мин. 2 күннен кейін ентігу ұстамасына шағымданды. АҚҚ 100/70 мм. с.б.б., ЖСЖ 120 рет мин., ТЖ 32 рет/мин. Өкпесінің төменгі бөлігінде ылғалды сырылдар. Төстің төменгі жағында голосистоликалық шу, шоқырақ ырғағы естіледі. Диагнозды қою үшін нақты зерттеуді таңдаңыз: A. 12 тіркеме мен ЭКГ B. Өкпе рентгенографиясы C. Өкпе артериясындағы қысымды өлшеу D. ЭхоКГ E. Артериальдық қандағы қысымды өлшеу
13. 55 жастағы науқаста көп физикалық күш түскеннен кейін сол жақ иыққа таралатын, кеуде артындағы қатты қысып ауырғандық пайда болады. Ауырғандық көк тамырға морфин ерітіндісін енгізгеннен кейін басылды. Түскен кезде: науқас тежелген, терісі бозғылт, ылғалды, еріні көгерген, т.а.ж. 24 рет 1 минутына, өкпесінде қатқыл тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары тұйық, пульсі 115 рет 1 минутына, толықтылығы әлсіз. АҚҚ 95/75мм с.б. бойынша. Бауыры сипағанда анықталмайды. Ісіктер жоқ. ЭКГ-де: I, AVL, V5-6 тіркемелерінде ST жоғарыланған, III, V1-2 тіркемелерінде ST төмендеген. Сіздің болжам диагнозыңыз? A. өкпе артерияларының тромбоэмболиясы B. артқы диафрагмальды миокард инфарктісі C. алдыңғы жайылмалы миокард инфарктісі D. алдыңғы перде аралық миокард инфарктісі E. алдыңғы бүйір қабырға миокард инфарктісі.
14. 66 жастағы науқаста гипертониялық криз салдарынан өкпе шемені пайда болады. АҚҚ 220/120 мм. с.б. бойынша. Бұл жағдайда қандай препарат қолдану керек? A. капотен B. анаприлин C. дигоксин D. дилтиазем +E. лазикс
15. 60 жастағы науқаста гипертониялық криз салдарынан өкпе шешені пайда болды. АҚҚ 220/120 мм сб. б/ша. Бұл жағдайда қандай препарат қолдану керек? А. капотен В. анаприллин С. дигоксин D. дилтиазем +Е. лазикс
16. Аталғандардың біреуінен басқасы, миокард инфарктісінің жедел кезеңін дәрімен емдеуде негізгі бағыт болып табылады: А. ауырғандықты басу В. ерте тромболизис (миокард инфарктісі басталғаннан кейін 6 сағатқа дейін) С. антикоагулянттар және аспирин D. миокардқа келетін күшті азайту +Е. миокард инфартісі басталғаннан кейін 6-12 сағаттан соң тромболитиктерді қолдану
17. Стенокардия ұстамасын басу үшін қандай дәрі қолданылады? А. морфин В. анальгин С. промедол D. корнифар +Е. нитроглицерин
18. Бета – адреноблокаторларды қолдану қандай кезде тиімді? А. егде жастағы науқастарға В. семіздігі бар науқастарға С. қант диабеті бар науқастарға +D. стенокардиямен біріккен АГ Е. көп физикалық жұмыс атқарғанда
19. ЖИА, күш түсу стенокардиясы 4-ші ФК мен науқаста жүрек соғу ұстамасы пайда болды. ЭКГ: R-R – 0.4; QRS-0.14. Бұл науқаста қандай ырғақ бұзылысы болуы мүмкін: A. суправентрикулярлық пароксизмальды тахикардия B. синусты тахикардия +C. қарыншалық пароксизмальды тахикардия D. дұрыс пішінді жүрекшелер жыбыры E. қарынша үстілік экстрасистолия
20. Науқас 50 жаста. Соңғы жылы түнгі уақытта төстің жоғарғы үштен бір бөлігіндегі ауырғандыққа шағымданады. Ауырғандық 15 минутқа дейін созылады, өздігінен немесе нитроглицерин қабылдағаннан кейін басылады. АҚҚ-120/80 мм.с.б.б., ЖЖЖ-92 рет минутына, тыныш күйде ЭКГ-де патологиялық өзгеріссіз. Жүктемеге жоғары төзімділік кезінде физикалық жүктеме сынамасы теріс мәнді. Ұстама кезінде ЭКГ-да кеуделік тіркемеде ST сегментінің жоғарылауы анықталған. Сіздің болжам диагнозыңыз: A. кардиалгия B. нейроциркулярлы дистония C. күш түскендегі стенокардия +D. вариантты стенокардия E. обструктивті кардиопатия
21. Алкогольді бауыр циррозымен ауыратын науқаста айқын ісінулік- асциттік синдром дамыған. Төсектік режим, тұзсыз асмәзірі және тәулігіне сұйықтықты 1000 мл-ге дейін шектеу. Науқаста 3 күн ішінде ісіктің азаюына әкелген жоқ. Қандай шаралар қолдану керек: A. парацентез +B. верошпирон жоғарлатылған мөлшерде C. лазиксті тамыр ішілік енгізу D. гипотиазидті ішке қабылдау E. урегитті ішке қабылдау
22. Жас ер адам 2 жыл бойы қыжылдауға, жүрегінің айнуына, эпигастрий аймағындағы тамақ ішкеннен кейін ауру сезіміне, түнгі аш қарынға ауру сезіміне шағымданады. ЭФГДС-да 12 елі ішектің буылтығының жарасы анықталған.Соңғы уақытта ауру сезімі тұрақтана түскен және арқаға берілген. Ауру сезімінің осылай өзгеруі ненің көрінісі болып табылады: A. жара перфорациясы B. кіші ішпердеге жара пентрациясы +C. жараның ұйқы безіне пенетрациясы D. қалытқы стенозының дамуы E. жара малигнизациясы
23. 56 жастағы науқас қыжылдауға, тамақтан кейінгі және еңкею кезіндегі төс артындағы ауру сезіміне шағымданады. Ауырсыну сезіміне байланысты кардиологқа қаралған. Нитраттар қабылдаған, бірақ жағдайы жақсармаған. Сіздің диагнозыңыз: +A. гастроэзофагеальді рефлюксті ауру B. тыныш күде пайда болатын стенокардия C. үдемелі стенокардия D. кардии ахалазиясы E. өңеш дискинезиясы
24. 36 жастағы науқас хеликобактер инфекциямен біріккен 12 елі ішектің жара ауруымен ауырады. Стационарда 14 күн эррадикациялық ем жүргізілген (омепразол, кларитромицин, метронидозол, денол). Берілген жағдайда сүймелдеуші терапия уақыты қанша: A. 2 апта B. 3 апта +C. 4 апта D. 5 апта E. 8 апта
25. 52 жастағы маскүнем ер адамда, соңғы 3 жыл ішінде эпигастрий және сол жақ қабырға астында ауру сезімі , метеоризм, нәжістің бұзылысы пайда болған. Диареяға байланысты 1 жыл ішінде 6кг-ға арықтаған. Науқастың жағдайы майды толық шектейтін емдәмді сақтағанда жақсарады. Диагнозды дәлелдеуде ең информативті әдіс: A. ЭРГХГ B. ЭФГДС +C. Копрограмма D. Глюкозаға толеранттылық сынамасы E. Сутектік тест
26. 45 жастағы әйел адам тері мен склерасының интенсивті сарғыш түске боялуына, күшті тері қышуына, сүйектердегі ауру сезіміне, күндізгі ұйқышылдыққа шағымданады.Тексергенде қабақтарда, шынтақта және алақанда ксантомалар, тамырлық жұлдызшалар, бауыр мен талақ ұлғаюы анықталды. Анализінде Алт мен Аст –ның әлсіз жоғарлауы, сілтілі фофатаза мен ГГТП айтарлықтай жоғарлауы. Ең мүмкін болатын диагноз: A. аутоиммунды гепатит B. вирусты гепатит +C. біріншілік билиарлық цирроз D. бауырдың майлы дистрофиясы E. гемохроматоз
27. Науқас 50 жаста, ұзақ уақыт бойы алкогольді шектен тыс қолданатын, диспансеризацияланғанда бауыр қабырға доғасынан 5см шығып тұрғаны, тығыз эластикалық консистенциялы, пальпациялағанда ауыратындығы анықталды. Талақ сипағанда анықталмайды, ұзындығы 10см. Тамырлық жұлдызшалар, пальнарлық эритема жоқ. Нв - 134 г/л, 1 мкл-де лейкоциттер – 6,5 мың, ЭТЖ - 26 мм/сағ, қанның жалпы билирубині 16 ммоль/л, АСТ – 1,25 ммоль/л, АЛТ - 1,2 ммоль/л. Мүмкін болатын диагноз: A. Гемолитикалық анемия B. Дабин – Джонс синдромы +C. Бауырдың майлы дистрофиясы D. Жильбер синдромы E. Бауыр циррозы
28. 45 жастағы науқас мезогастральді және кіндік аймағындағы ұстама тәрізді ауру сезіміне, дефикациядан кейін азаятын метеоризмге, іш қатуға шағымданады. Обьективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, іші жұмсақ, мезогастрий аймағында ауру сезімі, бауыр мен талағы ұлғаймаған. Анализдерде өзгерістер анықталмайды. Науқас сұрауы бойынша колоноскопия өткізіліп, өзгерістер анықталмады. Мүмкін болатын диагноз: A. бейспецификалық жаралы колит B. тоқ ішек дивертикулі +C. тітірленген ішек синдромы D. шырышты қабықшаның терең жаралары E. нейтрофильді инфильтрация
29. 45 жастағы әйел адамда 2 күн бұрын ішімдік, қаймақ, саңырауқұлақ қолданғаннан кейін эпигастрии аимағында интенсивті арқаға таралатын ауру сезімі, жүрек айну, құсу, сұр-сары түсті дәрет пайда болды. Алғашқы қойылған диагноз созылмалы панкреатиттің рецидивті (паренхиматоздық) түрі. СП-ң ең жиі себебеі болып табылады: +A. ішімдік B. гиперпаратиреоидизм C. темекі шегу D. гиперлипидемия E. описторхоз
30. 26 жастағы науқас іштің оң жағындағы сыздайтын ауру сезіміне, күніне 6-8 рет болатын сұйық нәжіске, нәжісінде шырыш, ірің және қан болуына шағымданады. 3 айда 8 кг-ға арықтаған, қызба, артралгия мазалайды. Қараған кезде оң жақ мықын аймағында айқын ауырсыну анықталады. Хирург қарап жедел аппендицит диагнозын жоққа шығарған. Диагноз дәлеледеу үшін қандай зерттеулер қажет: A. іш қуыс мүшелерінің УДЗ B. іш қуысының кең көлемді рентгенографиясы +C. биопсия мен колоноскопия D. компьютерлік томография E. ЭФГДС
31. Полицитемия емдеу принципіне жатпайды: A. емді диагнозды қойған соң бастайды B. басында гематокритті қанды ағызу арқылы төмендетуге тырысу C. Ht 46% және одан төмен деңгейде ұстап тұру D. терең темір жетіспеушілігін болдырмау +E. қан ағызу арқылы емдеу абсолютті қарсы көрсеткіш
32. 28 жастағы науқас тез шаршағыштыққа, оң жақ бел аймағындағы ауырғандыққа, дене қызуының 37,5ºС-қа көтерілуіне, жиі зәр шығаруына шағымданады. Анамнезінен: өзін 3 жыл бойы аурумын деп есептейді, ауруының асқынуын салқын тиюмен байланыстырады. Қарағанда: шамалы бетті ісіңкі, бозарған. Жүрек тондары анық, аортада II тонның акценті, АҚҚ – 140/90 мм с.б.б, оң жақтан қағу симптомы оң мәнді. Сіздің алғашқы диагнозыңыз: A. созылмалы пиелонефрит, жасырын ағымы +B. созылмалы пиелонефрит, қайталанбалы ағымы C. жедел гломерулонефрит D. созылмалы аралас гломерулонефрит E. несеп тас ауруы
33. Гемофилиядағы қан кетуді басу үшін тағайындалатын ең нәтижелі емдеу әдісі болып табылады: A. тромбопластин +B. криопреципитат C. Е – аминокапрон қышқылы D. глюкокортикоидтар E. сарысу алмастырушылар
34. Аутоиммунды тромбоцитопения емінде қолданылмайтын әдіс: +A. тромбоциттарлық масса құю B. глюкокортикоидтарды ішке қабылдау C. спленэктомия D. иммунодепрессивті химиотерапия E. плазмоферез
35. Тұқымқуалаушылық микросфероцитозбен науқастарды емдеуде нәтижелі әдіс болып табылады: +A. спленэктомия B. темір препараттарын тағайындау C. витамин В12 D. кортикостероидтар E. гемотрансфузиялар
36. В12-тапшылықты анемияның емдеу әдісі: A. перидоксиннің курсты тағайындалуы B. глюкокортикостероидтарды қолдану +C. цианокобаломинді қолдану D. цианокобаломинді темір препараттарымен қоса қолдану E. плазма құю
37. П. атты 42 жастағы науқас, 12-екі елі ішектің ойық жарасымен ауырады, әлсіздікке, бас айналуына, ентігуге, физикалық күш түскенде жүрек соғуына шағымданады. Бір рет нәжісі қара түсті болған. Объективті: терісі мен көрінетін кілегей қабаты бозғылт. Жүрек үндері тұйық, жүрек ұшында систолалық шу, ЖЖЖ - 102 рет мин. Эпигастрии аймағында ауырғандық. Қанында: эритроциттер - 2,6 млн., Нв - 70 г/л, ТК - 0,8, лейкоциттер - 3,8 мың. Ойық жара ауруының асқынуы ретінде қандай анемия дамуы барынша мүмкін? A. В12-тапшылықты B. гипопластикалық +C. темір тапшылықты D. Маркиафава-Микели ауруы E. аутоиммунды гемолитикалық
38. Гипохромия, микроцитоз, ферритин мен сарысулық темір деңгейінің төмендеуі және 1 айдай темір препараттарымен емдегенде оң нәтиже беруі қандай ауруға барынша тән? A. талассемияға B. В12-ташылықты анемияға +C. темір тапшылықты анемияға D. фолитапшылықты анемияға E. Минковский-Шоффар ауруына
39. Д. атты 34 жастағы науқас әлсіздік, бас айналуы, жүрек қағуы, дем жетіспеу сезіміне шағымданады. Геморроймен ауырғанына 2 жыл болған. Объективті: тері мен кілегей қабаттары бозғылт, койлонихиялар бар. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систолалық шу естіледі. ЖЖЖ-119 рет минутына. Қанда: эритроциттер-2,7млн., Нв-82г/л, ТК-0,75, лейкоциттер-4,8мың, тромбоциттер-200мың, ЭТЖ-17 мм/сағ, анизоцитоз, пойкилоцитоз. Сарысулық темір-6,4мкмоль/л. Төмендегі препараттардың қайсысын тағайындау барынша тиімді: +A. сорбифер ішке қабылдау B. преднизолонды ішке қабылдау C. ферум-лекті көк тамырға D. десфералды бұлшықетке E. эритроциттік массаны көк тамырға
40. С. атты 60 жастағы науқас әлсіздікке, эпигастрий аймағындағы ауру сезіміне, нәжісінің тұрақсыздығына шағымданады. Объективті: тері мен көзге көрінетін кілегей қабаттары бозғылт-сарғыш түсті. Беті ісінген. Тілі "жылтыр". Бауыры, талағы аздап ұлғайған. Қанда: эритроциттер - 2,6 млн., Нв - 104 г/л, ТК - 1,2, лейкоциттер - 2,7 мың, тромбоциттер -115 мың. ЭТЖ - 30 мм/сағ, макроцитоз, полисегментарлық нейтрофильдер. Билирубин-38,5мкмоль/л. Миелограмма: мегалобласты қан түзілу. Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы мүмкін? A. апластикалық анемия B. В12 тапшылықты анемия +C. темір тапшылықты анемия D. Маркиафава-Микел ауруы E. аутоиммундық гемолитикалық анемия
41. Науқас 20 жаста, І типті қант диабетімен ауырады, кенеттен есінен танып қалған. Тері жамылғылар дымқыл, суық, көз алмасының тонусы жоғары, тахикардия. Туысқандары алғашқы көмекті қалай көрсетуі тиіс? A. тәтті сусын ішкізу B. мүсәтір спиртінің ерітіндісін иіскету +C. 5 мл глюкагон препаратын б/ет енгізу D. т/а 0,1 Б/кг қысқа әсерлі инсулин енгізу E. т/а 0,2 Б/кг қысқа әсерлі инсулин енгізу
42. Кетоацидоздық кома кезіндегі дұрыс инсулиндік терапияны көрсетініз: +A. сағатына актрапидті 6-8Б к/т тамшылатып B. актрапид 50Б к/т және 50Б тері астына C. актрапид 10Б тері астына таңертең; протофан 16Б тері астына кешке D. сағатына протофан 20Б к/т тамшылатып E. актрапид 20Б тері астына таңертең
43. Гиперосмолярлық комада шұғыл көмек көрсету үшін қолданылатын препарат: A. 40% глюкоза ерітіндісі +B. гипотониялық хлор натрий ерітіндісі (0,45 %) C. гипертониялық хлор натрий ерітіндісі (10%) D. несен жүргізетін препараттар E. бигуанидтер
44. Аталған препараттардың біреуінен басқасы, лактацидемиядық комада шұғыл көмек көрсету үшін қолданылады: +A. 4% бикарбонат натрий ерітіндісі B. 5% глюкоза ерітіндісі C. бигуанидтер D. «аз мөлшерлі» инсулинмен емдеу E. дезинтоксикациялық ем
45. Гипогликемиялық кома кезінде қолдануға болмайтын препарат: A. 40% глюкоза ерітіндісін к/т +B. инсулиннің 20Б к/т физиологиялық ерітіндісімен C. преднизолон 30-60 мг к/т D. глюкагон 1,0 бұлшықетке E. адреналин 46. Дәрігерге шөлдеу, жиі және көп зәр шығаруға, артық салмаққа, қынапта болатын кезеңді қышынуға шағымданып келді. Анамнезінен: Аталған шағымдар өткен жылдан басталған, дәрігерге қаралмаған. Тексеру кезінде емханада қан глюкозасының 6,8 ммоль\л-ге дейін жоғарылауын анықтаған. Объективті: Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, жоғары қоңдылықта (бойы – 152см., салмағы – 98кг). Өкпеде везикула тынысы, сырылдар естілмейді. Жүрек тондары тынықталған, ырғақты. АҚҚ – 160\100мм с.б.б. ЖСЖ– 86 соққы минутына. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Нәжісі мен зәр шығаруы қалыпты. Тексергенде: аш қарында глюкоза -12,0ммоль\л; зәрдегі глюкоза – 4%; ЖЗА-де лейкоциттер -15-ке дейін, эпителиальды клеткалар – 4-8 көру аймағында, дрож – (+++). Сіздің алғашқы диагнозыныңыз: A. Иценко-Кушинг синдромы +B. 2 типті қант диабеті C. семіздік D. 1 типті қант диабеті E. гипотиреоз
47. Науқас 16 жаста: үстіңгі тип бойынша май басу, бет-жүзі шартабақтай, "минус-тінді" жалпақ қанталаған стрийлер, АҚ – сн.бғ. 160/100 мм. Рентгенологиялық түрде – түрік тоқымы кеңейген. Қандай ауру деп ойлауға болады? A. Иценко-Кушинг синдромы B. Экзогендік-конституционалдық май басу +C. Иценко-Кушинг ауруы D. Андростерома E. Альдостерома
48. 17 жасар науқас қызда зәрдің меншік салмағы төмен полиурия байқалады (8-10 литр тәулігене). Науқас әйелдің ауруы қандай? A. психогендік полидипсия +B. қантсыз диабет C. қант диабеті D. созылмалы пиелонефрит E. созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, полиуриялық фаза
49. 19 жастағы науқас, ауруханаға аузының құрғауы, шөлдеу, үдемелі ұйқышылдық, салмағының азаюына, терісінің қышуына, жалпы әлсіздікке шағымданып түсті. Қарағанда: терісі құрғақ, ұрт және жақ аймағындағы қызыл шырайлы, тахикардия. АҚҚ – 140/90 с.б.б. Аузынан ацетон иісі. Бауыры оң жақ қабырға доғасы астынан 3 см төмен. Лабораторлық зерттеу: қандағы холестерин 7,7 ммоль/л, гипокалиемия, гипергликемия. Сіздің диагностикалық ойыңыз қандай: A. тиреоидтық криз +B. кетоацидоз C. феохромацитарлық криз D. Конн синдромы E. Аддисон ауруы
50. Ревматоидтық артритте кортикостероидтар көрсеткіш болып табылмайды:
|
|||
|