Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Электролиздің қолданылуы



 

Сыныбы:8

Пәні:Физика және астрономия

Сабақ тақырыбы: §48, 49 Газдардағы электр тогы. Вакуумдағы электр тогы.

                                              Электронды сәулелік түтік.

Сабақ мақсаты:

1. Оқушыларға газдардың иондану, вакуумдағы электр тогы, электрондық

сәулелік түтік туралы . екпінді иондану, плазма, найзағай туралы түсінік  

беру.

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: дәстүрлі емес

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап. Топтық жұмыс

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор,

                                                 Электронды оқулық, амперметр, шам ,электрод

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

1. Ой қозғау.Кестені толтыр.

2.Тәжірибе жасау, электронды оқулықтағы тәжірибемен салыстыру.

3.Джигсо әдісі (Мәтінді оқып, топ болып талдау, презентация жасап,

қорғау)

4.Тест тапсыру. (Тестілеу құрылғысымен)

5.Бағалау. (Есеп шығару) Рефлексия

                        1. Кестені толтыр

                 Электролиздің қолданылуы

Электролиз түрлері Кім ашты Қай салада қолданылады
     
     
     

2.Тәжірибе жасау, электронды оқулықтағы тәжірибемен салыстыру.

Автор орындығы:Қыздыру шамының тұзды және тұзсыз суда жану , жанбауын тексеру. Электронды оқулықтағы тәжірибемен салыстыру.

ІІІ. Жаңа сабақ. (Видеофрагмент арқылы түсіндіріледі).

Джигсо әдісі (Мәтінді оқып, топ болып талдау, презентация жасап,

қорғау)

Қыздырғанда газ атомдарының не молекулаларының жылдамдығы артады. Соған сәйкес олардың кинетикалық энергиясы да артады. Осындай атомдар не молекулалар соқтығысқанда олардан электрондар үзіліп шығып, газда бос электр зарядтары – электрондар мен оң иондар түзіледі. Мұндай процесс газдың иондану деп аталады.

Электр тогы жоқ кезде газдағы электрондар мен иондар хаосты қозғалыс жасайды. Олар соқтығысқан жағдайда қайтадан бейтарап молекулалар түзілуі ықтимал. Осы процесті рекомбинациядеп атайды.

Егер иондалған газда электр өрісін тудырса, онда иондар мен электрондар реттелген қозғалысқа келеді де, тізбекте электр тогы пайда болады.

Газдардағы электр тогы дегеніміз –электрондар мен оң және теріс зарядталған иондардың бағытталған қозғалысы болып табылады.

Егер иондалған газда электр өрісінің кернеулігін артырса, онда электр өрісінен екпін алған электрондар бейтарап молекулалармен соқтығысып, электрондарды жұла, оларды бейтараптайды. Ал, олар өз кезегінде электр өрісінен екпін ала газдың басқа молекулаларының иондалуын тудырады. Электрондар мен иондар санының тасқын тәріздес артуы байқалады. Газдың осындай иондалуы екпінді иондалу деп аталады. Екпінді иондалу нәтижесінде тізбектегі ток күрт өседі.

Егер иондалған газда екпінді иондану есебінен еркін электрондар мнн иондардың саны күрт өссе, онда мұндай газ плазмадеп аталады.

Вакуум – сиретілген орта, онда молекулалар санының аз, олардың соқтығысу ықтималдығы өте аз.

Барынша жоғары температура кезінде металдан электрондардың ұшып шығу құбылысын термоэлектрондық эмиссия деп атайды.

Вакуумдағы электр тогы термоэлектрондық эмиссия нәтижесінде алынған

элеткрондардың бағытталған қозғалысы түрінде болады.

Термоэлектрондық құбылыс қолданылатын қарапайым құралдарға электрондық шамдар жатады.

Электрондық-сәулелік түтік деп электр сигналдарын көрінетін кескінге

түрлендіретін вакуумдық электронды аспапты айтады.

 

 

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.