|
|||
Асқазан рагының қай түрі баяу өседі, сирек және кеш метастаз береді?! Созылмалы атрофиялық гастриті бар науқас 10 жыл бойы терапевтте диспансерлік есепте тұрады. Кезекті тексеріске келді. Шағымдары жоқ. Бұл науқас тексеруден өтуді қажет ете ме? * қан зерттеуін қажет етеді * қажет етпейді * зәр зерттеуін қажет етеді * ФГС немесе рентгенологиялық зерттеуді қажет етеді * асқазан сөлін тексеруді қажет етеді ! Асқазан рагының қай түрі баяу өседі, сирек және кеш метастаз береді? * эндофитті * инфильтративті * Полип тәрізді * жаралы-инфильтративті * тостағанша тәрізді ! Асқазан рагы ең жиі метастаз береді: * бауырға * өкпеге * бұғана үсті лимфа түйіндеріне * бүйрекке * Сүйекке ! Крукенберг метастазы кайда орналасады? * төс-бұғана-емізік тәрізді бұлшық ет аяқшалары арасында * кіндікте * аналық бездерінде * бұғана үсті лимфа түйіндерінде * тік ішек–қуық аралығындағы қатпарында ! Әйелдерде Шницлер метастазы қайда орналасады? * тік ішек-қуық аралығындағы қатпарында * Дуглас кеңістігінде * аналық бездерінде * кіндікте * бұғана үсті лимфа түйіндерінде ! Асқазанның кардиальды бөлімінің рагына тән белгіні көрсетіңіз: * эпигастрий аймағында ауру сезімі * кекіру, қыжылдау, құсу * әлсіздік * дисфагия * іш өту ! Асқазанның пилорикалық бөлімінің рагына тән клиникалық белгіні көрсетіңіз: * аш қарынға «шолпыл шуы» белгісі * жүрек айну * дисфагия * іш өту * қыжылдау ! Асқазанның пилорикалық бөлімінің рагына тән болып келетін белгілер клиникалық феномендердің қайсысымен білінеді? * деструкция * компрессия * обтурация * интоксикация * қызба ! Асқазанның созылмалы ауруы бар науқаста қыжылы төмендеп, тамақтанудан кейін пайда болатын ауру сезімі азайып, тұрақты сипат алды. Не туралы ойлауға болады? * аурудың жазылуы * үрдістің тұрақтануы * ісіктің малигнизациялануы * асқазанның тесілуі * созылмалы аурудың өршуі ! Асқазанның пилорикалық бөлімінің рагына обтурация феноменімен білінетін қандай белгілер тән? * қыжыл * күрт пайда болатын әлсіздік * дене қызуының көтерілуі * тез арада жүдеу * жүрек айну, құсу ! Асқазан рагын барынша ерте анықтауды қамтамасыз етеді: * лапароскопия * «кішігірім белгілер» синдромын іздеу * құрсақ қуысының жалпы шолу рентгеноскопиясы * асқазан рентгенографиясы * гастроскопия жасап биопсия алу ! Асқазан рагының паретальды ішпердесіне метастаздарын қандай әдістің көмегімен анықтауға болады: * құрсақты мануальды әдіспен зерттеу * лабораторлы тесттер * лапароскопия * құрсақ қуысы мүшелерінің жалпы шолу рентгенографиясы * қос контрасттау фонындағы асқазан рентгенографиясы ! Төмендегілердің қайсысы сүт безі рагына тән клиникалық белгілердің қатарына жатпайды: * Емшек ұшының ішке қарай кіріп кетуі * Ісік түйінінің қатты болуы * Ісік түйіні шекарасының айқын болмауы * Пальпациялағанда қатты ауру сезімінің болуы * Теріде лимон қабығы сияқты өзгерістің болуы
|
|||
|