Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Химия» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмаларының үлгісі



  «Химия» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмаларының үлгісі

1. Cулы ерітіндіде сульфид ионын (S2-) сапалы түрде анықтауға арналған реагент: A. Ca(NO3)2 B. Pb(NO3)2 C. CaCl2 D. PbCl2 [1]
2. Концентрациясы 0,01 М тұз қышқылының рН мәні қандай? A. рН = 2 B. рН = 1 C. рН = 3 D. рН = 4 [1]
3. Бос орындарды толықтырыңыз. IVA топ элементтерінің топ бойынша жоғарыдан төмен қарай балқу және қайнау температуралары       артады.       Себебі       жоғарыдан       төмен       қарай                                          құрылымнан                                        құрылымға өтеді. [2]
4. Органикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыстағы белгісіз А және В заттарын анықтап, оларды алуға болатын реакция теңдеулерін жазыңыз. СН4 → С2Н2→А→ С6Н5NO2 →B [2]
5. (a) IVA топ элементтеріне көміртек, кремний, германий, қалайы және қорғасын кіреді. Төмендегі кестені + белгісін сәйкес қатарға қойып толықтырыңыз. Кремний мысал ретінде көрсетілген. Элемент/тотығу дәрежесі         +4                    +2                  -4 C

Si +    
Ge      
Sn      
Pb      

[1]

 

 

i. +2 және +4 тотығу дәрежелеріндегі қосылыстарының тұрақтылығы өзгеру тенденциясын жазыңыз.

[1]

 

 

ii. Қалайы мен қорғасын (IV) оксидтерінің тұз қышқылымен реакция теңдеуін құрыңыз.

[2]


6. Габер процесі химия өнеркәсібіндегі маңызды процестердің бірі. Процестің реакция теңдеуі төменде көрсетілген. Реагентпен өнімдер газ тәрізді заттар.       Өнеркәсіптегі сызбасы төмендегідей       (a) Аммиак алу үшін қажетті шикізаттардың көзі: Сутегі                                                                                      Азот                                                                                         [1] (b) Аммиакты алу үшін қажетті жағдайлар     [1]     (c) Зертханада амммиакты алу үшін аммоний тұзына сілті қосып белсенді түрде шыны таяқшамен араластырады. Аммоний нитраты (қ) мен кальций гидроксиді (қ) арасындағы реакция теңдеуін, зат күйін көрсете отырып жазыңыз. [1] (d) тапсырмада аммиактің бөлінгендігін қалай тексеруге болады? [1]
  7.   Азот - инертті газ. Ауадағы азот пен оттегі газдары бір бірімен әрекеттеспейді, олар тек жоғарғы температурада әрекеттеседі.

(a) Автокөліктердің қозғалтқыштарында отын ауадағы оттегі қатысында жанатын болғандықтан азот пен оттегі қозғалтқыштың ішінде бір бірімен әрекеттесіп, ауаға зиянды газдардың бірі азот (II) оксидін түзеді. Осы реакция теңдеуін құрыңыз.

[1]

(b) Автокөліктердегі зиянды азот (II)оксидінің бөлінуін азайту жолын ұсыныңыз

[1]

(c) Азот (II) оксиді тұрақсыз, ауадағы оттегімен бірден тотығып азот (IV) оксидіне айналады. Өз кезегінде Азот (IV) оксиді жауын шашынмен араласып қышқылды жаңбырлардың түзілуіне әкеледі. Табиғатта қышқылды жаңбырлардың түзілуін сипаттайтын реакция теңдеуін жазыңыз.


 

 

(a) Қышқылды жаңбырлардың кері екі әсерін жазыңыз


[1]

 

 

[2]


8. Күкірт қышқылы «химия өнеркәсібінің наны» деп аталады. Өнеркәсіпте күкірт қышқылын нитроздық және жанасу әдістерінің бірімен алады. Жанасу әдісімен күкірт қышқылын алудың сызбанұсқасы төмендегідей.     (a) Шығыс Қазақстан облысы полиметалл кендеріне бай. Полиметалл кендерінің бірі сфалерит (ZnS). Сфалеритттен күкірт диоксидін алу реакция теңдеуін құрыңыз. [1]     (b) Күкірт қышқылын алу үшін қажетті жағдайлар     [1]     (c) 3-сатыда жүзеге асатын реакция теңдеулерін жазыңыз [1]     (d) Массасы 6,4 т таза күірттен қанша күкірт қышқылын алуға болады? [1]
  9.   Күкірт қышқылы ауада аздаған мөлшерде кездеседі. Оның елді - мекендердегі шектеулі мөлшері 0,05мг/м3.     (a) Күкірт диоксидінің атомсфераға түсу жолдарын жазыңыз [1]     (b) Күкірт диоксиді атмосфераға түскеннен кейін пайда болатын күкірттің қосылыстарының формуласын көрсетіңіз. [1]     (c) Күкірт диоксидінің экологиялық зардабы қандай? [1]

  (d) Күкірт диоксиді тағамға консервант ретінде қосылады, яғни тағамның сақталу мерзімін ұзартады. Күкірт дикосиді не себептен консервант ретінде қолданылады? [1]
  10.   Көлемі 125 мл тұз қышқылының ерітіндісін бейтараптау үшін 54 мл 0,1М натрий гидроксидінің ерітіндісі жұмсалды. Тұз қышқылының концентрациясын есептеңіз. [3]     [Барлығы 30]



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.