Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Химия» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмаларының үлгісі



«Химия» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмаларының үлгісі

1. Тотығу дәрежелері ауыспалы болып келетін металдардың қатарын көрсетіңіз. A. K, Na, Mg, Ba B. Zn, V, Ni, Ca C. Cr, Mn, Cu, Co D. Sc, Ni, Fe, Li [1]
2. Нанобөлшектерді кеңінен қолданатын салаларды атаңыз. [1]
3. (a) Ауыспалы металдар химиялық элементтердің периодтық жүйесінде d - блогында орналасқан. Хром металдардың ішінде ең қаттысы, Моос шкаласы бойынша қаттылығы 8,5 тең. (i) Хром атомының электронды -графикалық формуласын жазыңыз [1] (ii) Хром бөлме температурасында концентрлі азот және күкірт қышқылдарында пассивтенеді. Себебі неде? [1] (iii) 2000ºC кезінде ауада жанады. Жану реакция теңдеуін құрыңыз [1] (b) Өнеркәсіпте хром алюминотермия әдісі бойынша алынады. Егер реакцияға 30,4 г хром (III) оксиді түскен болса, реакция нәтижесінде қанша хром алынады? [5]
4. Гальванопластика және гальваностегия процестері өте маңызды процестер. Бұл процестер ұқсас болғанымен бір бірінен айырмашылығы бар. Осы процестердің айырмашылығын жазыңыз. (a) Гальваностегия [1] (b) Гальванопластика

  [1]
5. Гемогобин - кешенді қосылыстардың бірі. Суретте гемогобин молекуласының құрылымы көрсетілген. (a) Гемоглобин молекуласының құрылымын сипаттаңыз. [1] (b) Гемоглобин молекуласының құрамындағы темір ионының заряды қандай? [1] (c) Қандағы гемоглобиннің қызметін сипаттаңыз. [1] (d) Иіс газы күшті тотықсыздандырғыш. Адам ағзасына иіс газы түскен кездегі улану себептері мен уланудың белгілерін жазыңыз. [1] (e) Иіс газымен уланған адамға алғашқы көмек көрсету жолдарын ұсыныңыз. [1]


6. Атмосферадағы газдар мен басқа қосындылардың көбеюінен, Жерден ғарышқа көтерілетін жылудың көлемі азаяды да, Жер бетінде қалып қояды. Ал бұл жағдай климаттың жылынуына әкеліп соғады. Бұл процесте көмірқышқыл газының әсері өте көп Ақпараттар бойынша, көмірқышқыл газының концентрациясы 0,03 пайыздан кейінгі жылдары жылдан жылға ұлғайып отыр. (a) Парникті эффект тудыратын газдарды (көмірқышқыл газынан басқа) атаңыз. [1] (b) Суреттегі "???" белгісін түсіндіріңіз. [1] (c) Озон қабатының бұзылуы замануи ахуалдың бірі. Қандай газдар озон қабатын зақымдайды? [1] (d) Ғаламдық жылыну мен озон қабатының бұзылуының алдын алу жолдарын ұсыныңыз. [2]
7. XX ғ. ортасына қарай алғаш рет полимерлі зат "резеңке" синтезделіп алынған кезде бұл ғылым үшін үлкен жаңалық еді. Қазір XXI ғ. "сандық технологиялар" ғасырында адамзат әр түрлі бағыттағы іс әрекетін дамыту үшін жаңа композитті полимерлі заттар жасауда.


  (a) Жаңа композициялық материалдарды өндірудегі басты саланың бірін атаңыз. [1] (b) Жаңа композитті полимерлердің ерекше қасиеттері қандай? [2]
8. Қазақстан Республикасының металлургия саласы басқа салалар тәрізді жаңа инновациялық технологиялар және "Болашақ" бағдарламасымен даярланған білікті кадрлармен қамтамасыз етілуде. Бірақ соған қарамастан металлургия экологиялық мәселелерді туындатып отырған салалардың бірі. (a) Металлургия саласында ауаға шығарылатын негізгі газдардың бірін жазыңыз. [1] (b) Металлургия саласының қоршаған ортаға тигізетін кері әсерінің екеуін жазыңыз. [2] (c) Кері әсерді болдырмаудың екі жолын ұсыныңыз [2] [барлығы 30]

Балл қою кестесі

Жауап Балл Қосымша ақпарат
C  
Медицина, косметика, талшықтар, ғарыш кез келген бір дұрыс        жауап қабылданады
(а) (i) [Ar]4s1 3d5  
(ii) Себебі сыртында оксидтік қабыршақ бар. Ол нығыздалып қышқылмен әрекеттесуге мүмкіндік бермейді.  
(ііі)4Cr +3O2 = 2Cr2O3  
(d) Cr2O3 +2Al =Al2O3+2Cr 1моль                  2 моль  
n(Cr2O3) = 30.4/152 = 0.2 моль  
n(Cr2O3) = 2n(Cr) = 2●0.2 =0.4моль  
n = m/M  
m = 0.4●52=20.8г  
(a) Гальваностегия – бір металдың сыртын екінші бір металмен қаптайтын электрохимиялық процес.  
(b) Гальванопластика – бір заттың көшірмесін алудың электрохимиялық әдісі (өнімдердің нақты көшірмелерін алу).  
(a) темір ионымен органикалық     лигандтар байланысқан комплексті /кешенді қосылыс  
(b) Fe2+  
(c) ұлпадан ұлпаға оттегін тасымалдайды  
(d) күшті тотықсыздандрғыш     болғандықтан оттегімен жылдам байланысады оксигемоглобинге қарағанда                                карбогемоглобин тұрақты Бас ауру, бас айналу, құсу және ауа жетпей тұншығу  
(e) Улану ошағынан оқшаулау кез келген    екеуін жазса қабылданады

  оттегінің келуін қамтамасыз ету(кеуде тұсын қысып тұрған киімін босату т.б.с.с) өздігінен тыныс алуын қамтамасыз ету жақын жердегі дәрігерлік пунктке жеткізу    
(a) метан, су булары кез келген бір дұрыс        жауап қабылданады
(b) ИҚ сәулелердің бір бөлігі ауадағы көмірқышқыл газына жұтылады, тағы бір бөлігі шағылып жерге түседі.  
(c) хлор фтор органикалық қосылыстар, азот оксидтері  
(d) Ормандар өсіру, альтернативті отын қолдану, хлоррганикалық қосылыстарды фторорганикалық қосылыстармен алмастыру, т.б.с.  
(a) наноинженерия / нанотехнология  
(b) өте берік, электрөткізгіш/жартылай өткізгіш, қалыпна            келетін,                          биоыдырайтын, ыстық/суық/қышқыл/ сілті әсеріне төзімді кез келген екі дұрыс жауап қабылданады
(a) Күкірт оксидтері/көмірқышқыл газы т.б.с.с. Кез келген дұрыс жазылған жауап қабылданады
(b) ауаға зиянды газдардың бөлінуі, зауыт қалдықтарының ағынды суға түсуі, шаң тозаң ретінде бөлінген қалдықтар мен жер, су , топырақ пен өсімдікке кері әсер етеді кез келген екі дұрыс жауап қабылданады
(c) жаңа үлгідегі сүзгілер, қатаң бақылау, үлкен көлемдегі айыппұлдар, экологиялық сауаттылық, халықтың санасын ояту кез келген екі дұрыс жауап қабылданады

Барлығы

 

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.