Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Химия» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмаларының үлгісі



«Химия» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмаларының үлгісі

1. Альдегидтердің тривиалды атауы өздері тотыққанда түзілетін карбон қышқылдарының атауымен сәйкес келеді. Май альдегидінің IUPAC номенклатурасы бойынша атауы мен формуласын көрсетіңіз. 1) С3Н7СОН 2) Этаналь 3) Пропаналь  4)С2Н5СОН 5) Бутаналь   6) СН3СОН A. 1және 3 B. 2 және 4 C. 1 және 5 D. 5 және 6 [1]
2. Альдегидтердегі функционалдық топ атауы мен формуласын көрсетіңіз. A. Карбоксил,-ОН- B. Карбонил,- СО C. Гидроксил, -СООН D. Карбонил,- СОН [1]
3. CH3CH2CH2CH(CH3)COOH осы затты IUPAC номенклатурасы бойынша атаңыз. A. 2-метилпетан қышқылы B. Изогексан қышқылы C. 1-метилпентан қышқылы D. Валериан қышқылы [1]
4. Бензол ароматты көмірсутектердің қарапайым өкілі. (a)Не себептен бензолға қосып алу реакциясы тән емес? [1] (b) Бензол мен оның гомологтарының химиялық қасиетін көрсететін кестеде реагенттер мен өнімдер арасындағы сәйкестікті орындаңыз.

Реагенттер   Өнім
С6Н6 +3Н2 А С7Н14
С7Н8 +3Н2 В С6Н12

С6Н6 +Сl2 темір (III) хлориді қатысында

С С6Н6Cl6
В С6Н5Cl

[3]

 

 

5. Төмендегі кестеде альдегидтер мен кетондардың қасиеттері көрсетілген. Реагенттер мен өнімдер арасындағы сәйкестікті көрсетіңіз.

 

Реагенттер   Негізгі өнім
C2H5COH + [Ag(NH3)2]NO3 А CH3CHOHCH3
CH3COCH3 + H2 В C3H7OH
C2H5COH+H2 С C2H5COOH
CH3COH D CH3COOH

[4]


6. Бензол қосып алу реакциясына қарағанда орынбасу реакциясына жақсы түседі. Оның себебі делокализацияланған электрондар тығыздығы біркелкі таралғандықтан жалпы молекулада еселі байланыс болмайды. Бензолдың орынбасу реакциясының бірі нитрлеу реакциясы, күкірт және азот қышқылдарының қоспасы қатысында жүреді.   (a) Бензолды нитрлеу реакциясы қандай механизммен жүреді? [1] (b) Бензолды нитрлеуде электрофиль қалай түзіледі? Реакция теңдеуін жазып көрсетіңіз. [1] (c) Бензолды нитрлеу реакциясының механизмін жазыңыз. [2]
  7.   Арендер — молекулаларының құрамында бензол сақинасы (бензол ядросы) бар жалпы формуласы СnН2n -6 болатын көмірсутектер. Олардың қарапайым өкілдерінің бірі - бензол , екіншісі -толуол (С7Н8). (a) Бензол молекуласы әдетте тотықпайды. Ал толуол молекуласы оңай тотыға алады. (і) Толуол молекуласы неліктен оңай тотығады? [1] (ii)Толуолдың тотығу реакция теңдеуін құрыңыз [1]     (b) Бензол және толуол молекулалары орынбасу реакцияларына түседі. Соған қарамастан толуол молекуласындағы орынбасу реакцияларының ерекшелігі бар? (і) Ол қандай ерекшелік? [1] (іі) Толуол молекуласының концентрлі күкірт қышқылы қатысында азот қышқылымен әрекеттесу реакция теңдеуін жазыңыз. [1]
  8.   Cірке қышқылы тұрмыста кеңінен қолданылатын карбон қышқылдарының бірі.

Карбон қышқылдарының химиялық қасиеттері минералды қышқылдары тәрізді. (а) Сірке қышқылының магний металымен реакция теңдеуін құрыңыз

 

[1]

(б) Тұрмыста тәтті тағам даярлау барысында ас содасын сірке қышқылымен сөндіріп жатады. Ас содасын (NaHCO3) сірке қышқылымен сөндіру реакция теңдеуін құрыңыз

 

[1]


9. Күрделі эфирлерді карбон қышқылдары мен спирттерді әрекеттестіру арқылы алады. Бұл этерификация реакциясы концентрлі күкірт қышқылы қатысында жүреді. (а) Cірке қышқылы мен этил спирті әрекеттесу реакция теңдеуін құрыңыз.   [1] (б) Осы этерификация реакциясының механизмін сипаттайтын сатыларын жазыңыз   [3]
10. Адам өмірі үшін майлар маңызды органикалық қосылыстар. Майлар үш атомды спирт глицерин мен жоғарғы май қышқылдарының күрделі эфирлері.     (a) Майлар құрамындағы карбон қышқылдарының құрылымына байланысты сұйық және қатты май болып бөлінеді.     Сұйық майдың құрамында                                                                                    карбон       қышқылдары,       ал       қатты       майдың       құрамында                                                                               карбон қышқылдары болады. [2] (b) Қатты майлардың маңызы өнеркәсіпте сабын алу үшін қажет. Майларды сілті қатысында қыздырғанда сабын алынады. Мұны «сабындану реакциясы» деп атайды.     Тристеараттың «сабындану реакциясын» жазыңыз. СН2-О-ОС-С17Н35 │ СН -О-ОС-С17Н35 │ СН2-О-ОС-С17Н35 тристеарат

[1] (c) Қатты май алу үшін сұйық майды гидрлейді. Алынған майды ары қарай сабын дайындауда т.б. қолданылады. Триолеаттың гидрлену реакция теңдеуін жазыңыз. СН2-О-ОС-С17Н33 │ СН -О-ОС-С17Н33 │ СН2-О-ОС-С17Н33 тристеарат [1]
  [Барлығы 30]



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.