|
|||
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ⇐ ПредыдущаяСтр 2 из 2 ҚОРЫТЫНДЫ Қазақстандық философия әлемдік философияның бір бөлігі екендігі аян. Осы әлемдік философия қатарынан қазақ даласы ойшылдарының философиясы да өзінің орын алуымен қазақтың ұлттық философиясымен әлемдік философия арасында байланыс орнап, зерттеу мен оқыту кең қанат жайып, адам санасы мен рухындағы терең астарлар айшықтала түседі. Тәуелсіз Қазақ Елінің философиясы еркіндік жағдайында, адам рухының биік көріністерін айшықтап, адамдардың болмысын біріктіруші негізге айналады. Қазіргі кезеңде Қазақстан философтарының алдында жаңа әлеуметтік-саяси шындықтың күрделі мағынасын ашу жолында өтпелі кезеңнің қайшылықтары мен ерекшеліктерін анықтау, егеменді еліміздің өркениетті елдердің қатарында дамуының мәденитарихи алғышарттарын байыптау сияқты күрделі істер тұр. Қазақ ақын-жырауларының, би-шешендерінің, ағартушыларының, алаш қайраткерлерінің өз елінің болашағы үшін жүргізген күресі, көзқарастары, дүниетанымы қазіргі Қазақстан мемлекеті үшін рухани мұра, саяси сабақ бола алады. Ұлттық мәдениеттен алшақ рухта тәрбиеленген, одан хабары жоқ болашақ ұрпақтан халқымыздың мүддесін қорғайтын азаматтар шықпайды. Тәуелсіздіктің туын тігіп, алдағы даму жолын бағдарлап жатқан еліміздің болашағын мығым етудің іргетасы ұлттық идеямыздың басты ұстындары болып саналатын еркіндік, бостандық, тәуелсіздік категорияларын саралап, философия тарихы тұрғысынан зерделеу болып табылады. Көпэтносты елімізде мемлекеттілігімізді, ұлттымызды сақтаудың бірден бір кепілі қоғамдық келісімді сақтауды басты мақсат етуіміз қажет.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 1. Абайды оқы, таңырқа // Құрастырған, алғы сөзі мен түсініктемелерін жазған М. Мырзахметов. – Алматы: Ана тілі, 1993. – 160 б.
2. Мұқаметханов Қ. Абай шығармаларының текстологиясы жайында. – Алматы: Қазақтың мемлекеттік Көркем Әдебиет баспасы, 1959. – 144 б.
3. Орынбеков М.С. Духовные основы консолидации казахов. – Алматы: Дайк-Пресс, 2001. – 163 с.
4. Абай /Ибраһим/ Құнанбайұлы. Шырамаларының екі томдық толық жинағы. – Алматы: Жазушы, 1995. – Т. 1 – 336 б.
|
|||
|