|
|||
Физика» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмаларыСтр 1 из 2Следующая ⇒
«Физика» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Герцшпрунг-Рассел диаграммасының басты тізбегінде жұлдыздардың қай типі көрсетілген? A. өмірінің соңындағы жұлдыздар B. негізінен көміртегін жағатын жұлдыздар C. негізінен сутегін жағатын жұлдыздар D. массасы ең үлкен жұлдыздар [1]
2. Біздің Күн G класының жұлдызы болып табылады. Бетінің температурасы ең жоғары болатын жұлдыздар қандай спектрлік класқа жатады? A. F класына B. K класына C. M класына D. O класына [1]
3. Суретте Герцшпрунг-Расселл диаграммасының кескіні көрсетілген. «Ақ ергежейлілер» диаграмманың қай бөлігінде көрсетілген? Күннің орналасқан орнын анықтаңыз және Күн деп жазып қойыңыз
[2]
4. А. Жұлдыздар эволюциясын сипаттауда ақ ергежейлілер деген нені білдіреді [1]
В. Парсек терминіне анықтама беріңіз. [2]
С. Антарес – қызыл алып және ол түнгі аспандағы ең жарық жұлдыздардың бірі. Оның параллаксты 0,0059 бұрыштық секундқа тең.
Антарестің бізден қашықтығын жарық жылымен анықтаңыз. 1 пк = 3,26 жж [3]
5. Күн орналасқан галактикада жүз миллиардтан астам басқа жұлдыздар бар. Әлемнің көрінетін бөлігінде кем дегенде екі жүз миллиард басқа галактикалар бар. A. Күн орналасқан галактиканың атауын жазыңыз. [1]
B. Түнгі аспанды зерттеу үшін телескоп пайдаланғанда, жұлдыздар да, тұмандықтар да көрінеді. (і) Тұмандықтардың сырт көрінісі жұлдыздардан қалай ерекшеленетінін көрсетіңіз. [2]
(іі) Жиырмасыншы ғасырдың басында екі астроном Кёртис және Шепли арасында тұмандықтардың табиғаты туралы пікірталас болды. Осы екі астрономның көзқарастары қалай ерекшеленетінін сипаттаңыз. [3]
C. Хаббл бақылаулары Кёртиспен Шеплидің пікірталасын қалай шешкенін түсіндіріңіз.
D. Үлкен жарылыс теориясының бір дәлелін атаңыз
6. А. Алыс жатқан галактиканың алыстау жылдамдығы галактиканың тәуелді екендігін көрсететін графикті координат осьтерінде көрсетіңіз. [2]
[1]
арақашықтығына
[2]
В. Алыс жатқан галактиканың алыстау жылдамдығы галактиканың арақашықтығына тәуелді графигінен Хаббл тұрақтысының мәнін қалай анықтауға болатынын көрсетіңіз. [1]
С. Астроном Жерден 6,8 ∙ 1023 м қашықтықта орналасқан галактиканың алыстау жылдамдығын есептейді. Ол жылдамдық 1,5 ∙ 106 м/с. Осы мәндерді пайдаланып Хаббл тұрақтысын анықтаңыз. Хаббл тұрақтысы = ______________ с–1 [2] D. Хаббл тұрақтысын қолданып, Әлемнің жасын есептеңіз Әлемнің жасы = ______________ с [2]
|
|||
|