Химия» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
«Химия» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Төменде sp3, sp2, және sp гибридтенген бұлт пішіндері көрсетілген. Осы пішіндердің ішінен sp2-гибридтенуге сәйкес бұлтты таңдаңыз.
[1]
2. Формулалар атауы мен формуланың түрлері арасында сәйкестікті көрсетіңіз:
Формуланың атауы
| Формуланың түрі
| А. Құрылымдық формула
| 1.С2Н5
|
В. Эмпирикалық формула
| 2.
|
С. Молекулалық формула
| 3.
| D. Ықшамдалған құрылымдық формула
| 4.С4Н10
|
Сәйкестікті кестеде көрсетіңіз:
[1]
3. (a) Кестеде изомерлердің бірнеше түрлері берілген. Осы формулалардың ішінен еселі байланыстың орыны бойынша изомерлерін көрсетіңіз:
A
| В
| С
| D
CH3 – CH2 – CH2 -OH
пропанол -1
| [1]
| (b) А бағанында көрсетілген қосылыстарға көміртек қанқасы бойынша және класаралық
изомер болып табылатын қосылыстардың құрылымдық формулаларын бейнелеңіз
[2]
| 4.
| (a) 2,4,4-триметил-3-этилгексан молекуласының құрылымдық формуласын жазыңыз:
[2]
(b) Қосылыстың екі гомологының құрылымын көрсетіңіз және атаңыз:
[2]
(c) Берілген қосылысты IUPAC номенклатурасы бойынша атаңыз:
A) 3,3,4 -триметилгексан
B) 3,4,4 триметилгексан
C) 4-этил-3,4 -диметилпентан
D) 2-этил-2,3-диметилпентан
[1]
| 5.
| Массасы 10,5г органикалық заттың жануы нәтижесінде (қ.ж) көлемі 16,8л көмірқышқыл газы және 13,5г су бөлінді. Осы белгісіз заттың (қ.ж.) тығыздығы 1,875г/л тең. Заттың молекулалық формуласын анықтаңыз:
[3]
| 6.
| Құрамында массалық үлестері бойынша 84,21% С көміртектен және 15,79% Н сутектен тұратын ауа бойынша салыстырмалы тығыздығы 3,93 тең белгісіз органикалық қосылыстың формуласын анықтаңыз.
[2]
| 7. (a) Циклоалкандардың құрылысы, физикалық, химиялық қасиеттері үшін дұрыс болып табылатын тұжырымды көрсетіңіз. Егер тұжырым шын болса þ белгісін, ал егер тұжырым жалған болса, x белгісін қойыңыз:
Циклоалкандардың құрылысы, физикалық, химиялық қасиеттері жайлы тұжырым
| Шын болса þ
| Жалған болса x
| Циклоалакандар – көміртек атомдары өзара дара байланыстар арқылы байланысқан, циклді
қаныққан көмірсутектер.
|
|
| Көміртек атомдары sp2 гибридтенген күйде
болады.
|
|
| Циклоалкандар суда жақсы ериді.
|
|
| Циклопарафиндерді мұнайдан бөліп алуға
болады.
|
|
| Циклоалкандардың бірінші өкілі
циклобутаннан басталады.
|
|
| Алкандардан айырмашылығы – циклоалкандар
қосылу реакцияларына түсе алады.
|
|
| [3]
8. Органикалық заттардың алуан түрлілігінің себептерінің бірі – изомерия. Циклоалкандардың изомерленуі көмірсутек молекулаларындағы орынбасушылардың түрі мен орындарына байланысты жүзеге асады.
(a) Циклопентанның екі изомерінің құрылымдық формуласын құрастырыңыз:
[2]
(b) Қосылыстарды IUPAC номенклатурасы бойынша атаңыз:
[2]
9. (a) Әрбір органикалық қосылыстардың класс өкілдерінің гомологтық қатары бар. Алкан, алкен және олардың туындыларының барлығы да – гомологтық қатар түзеді. Алкендердің гомологтық қатарының сипаттамаларын келтіріңіз:
[1]
(b) Алкендердің құрамындағы көміртек атомдарының саны көбейген сайын қайнау температурасы қалай өзгереді?
[1]
(c) Екі ыдыста түссіз, иіссіз газдар бар: біріншісінде – этен, екіншісінде – этан. Осы заттарды ажыратуға болатын бір реактив ұсыныңыз:
[1]
(d) Реакция теңдеуін жазып, түзілген өнімді атаңыз.
[1]
10.
| Төменде полимерлену реакциясы арқылы алынған макромолекулалы қосылыс Х полимері
берілген.
(a) Осы Х полимерін түзетін мономердің құрылымдық формуласын салыңыз:
[1]
(b) Осы мономердің n молекуласының қосылып Х полимердің түзілу реакциясының теңдеуін жазыңыз:
[1]
(c) Егер Х полимерінің орташа молекулалық массасы 6250-ге тең болса, полимерлену дәрежесін есептеу жолын көрсетіңіз:
[1]
(d) Этилен мен пропиленнің полимерлену реакция теңдеулерін аяқтаңыз:
[1]
Жалпы 30 балл
|
|