Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Химия» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары



«Химия» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

1. Аминдер - аммиак туындылары, олар органикалық негіздер болып табылады. Төменде берілген қосылыстарды негіздік қасиеттері өсу ретімен орналастырыңыз:

Метиламин, аммиак, анилин, этиламин

[1]

 

2. Анилин органикалық синтезде бағалы заттардың бірі болып саналады. Өндірісте анилин бензолдан екі сатыда алынады: бірінші сатыда нитробензол түзіледі, екінші сатыда нитробензолды тотықсыздандыру арқылы анилин алады. Осы аталған екі сатыға сәйкес келетін реакция теңдеулерін құрыңыз:

[1]

 

3. (a) Аминқышқылы сериннің екідайлы қасиет көрсету себебі, сериннің молекуласына кіретін функционалды топтар......................... байланысты болады.

 

 

A. гидроксил және карбонил тобына

B. карбоксил және амин тобына

C. амин және карбонил тобына

D. гидроксил және амин тобына

[1]

 

(b) Төменде глициннің сулы ерітіндісінде түзілетін тепе –теңдіктің сызбанұсқасы берілген.

 

 

Кестеден дұрыс тұжырым көрсетілген қатарды анықтаңыз:

 

  А бөлігіндегі аминқышқылдарында рН мәнінің өзгерісі В бөлігіндегі аминқышқылдарында рН мәнінің өзгерісі С бөлігіндегі аминқышқылдарында рН мәнінің өзгерісі
А рН мәні жоғары рН мәні тұрақты рН мәні төмен
В. рН мәні тұрақты рН мәні жоғары рН мәні орташа
С. рН мәні тұрақты рН мәні тұрақты рН мәні тұрақты
D рН мәні жоғары рН мәні жоғары рН мәні жоғары

[1]


4. (a) Нәруыз молекуласындағы аминқышқылдарының пептидтік байланыс арқылы кезектесіп орналасу тәртібі A. ІV реттік құрылымды анықтайды B. ІII реттік құрылымды анықтайды C. ІI реттік құрылымды анықтайды D. І реттік құрылымды анықтайды   (b) Пептидтік байланысты көрсет: [1]
5. (a) Нәруыздың сапалық реакциясының бірі - ксантопротейн реакциясы. Нәруыз ерітіндісіне концентрлі азот қышқылымен әсер еткенде ерітінді қай түске боялады? A. көгілдір B. сары C. қара D. күлгін [1] (b) Денатурациясы кезінде нәруыздың екінші және үшінші реттік құрылымы бұзылады. Қандай факторлардың әсерінен нәруыз денатурацияға ұшырайтынын бейнелеңіз. [1]
6. Суретті зерделеңіз. ДНК мен РНК құрылымындағы ұқсастық пен айырмашылықты көрсетіңіз:   Ұқсастығы:                                                                                                       [2] Айырмашылығы:                                                                                              [2]

7. (a) Қай формула бутен -2 (СН3 – СН = CH – CH3) полимерлену реакциясының өніміне сәйкес келеді?

 

[1]

 

(b) Мына мономерлер жұбынан: H2N–(CH2)6–NH2 және HOOC–(CH2)4–COOH түзілетін полимердің атауын жазыңыз:

[1]

 

(c) Полимердің тізбегінің буыны схемада көрсетілген.

             
     

 

  Тұжырым
Бұл полимер конденсациялық полимерлену арқылы алынады.
Бұл құрылым полиамид молекуласы болып табылады.
Бұл құрылым нәруыз молекуласы болып табылады.

 

Тұжырымдардан қайсысы дұрыс?

 

A.1, 2 және 3

B. 1 және 2

C. 2 және 3

D.тек 3

[1]


8. (a) Төменде кестеде полимерлер мен пластмассалардың атауы мен қолдану аясы және қасиеттері жайлы берілген ақпарат бойынша сәйкестікті анықтаңыз:

 

  № Полимерлер мен пластмасса атауы   № Полимерлер мен пластмассалардың қасиеттері   № Полимерлер мен пластмассалардың қолдану аясы
Фенолформальд егид               - термореактивті і Сызықтық құрылымды, диэлектрлік, жоғарғы химиялық тұрақты, балқу температурасы жоғары А Құрылыс материалы, отқа төзімді, электр және жылуоқшаулағыш материал, лак бояу, жасанды талшық өндірісінде
Полиэтилен - термопластикал ық іі Сызықтық құрылымды, жеңіл балқиды, қатты, ақ түсті, майдай сезілетін,       жұмсақ, эластикалық, қайта балқыту         арқылы әртүрлі пішінге келеді В Машина жасау өндірісінде өте жоғары температура мен концентрленген қышқылдар ортасына                  төзімді материалдар, медицинада имплантат ретінде
Тефлон          - термопластикал ық ііі Молекулалар арасында берік байланыстары бар, қиын балқиды, қайта қалпына келмейді С Электроқшаулағыш, антикоррозиялық жабындар, орама            қабыршақтар, тұрмыста ыдыстар, қалта ретінде, жылыжайда жақтау жабындар

 

   
   
   

[3]

 

(b) Поликонденсация әдісімен алынған полимерлер туралы тұжырымдардың қайсысы дұрыс?

1. Олар биоыдырауға ұшырайды.

2. Олар күкірт қышқылының әсеріне төзімді болады.

3. Олар түзілген кезде су пайда болады.

 

A. 1, 2 және 3 –жауап

B. 1 және 3 – жауап

C. 2 және 3 – жауап

D. 2 -жауап

[1]


9. Төменде дәрумендер мен гормондардың адам ағзасындағы функциясы жайлы ақпарат берілген. Кілт сөздердің көмегімен көпнүктенің орнына тиісті терминдерді қойып берілген мәтінді толықтырыңыз: Кілт сөздер:биологиялық активті органикалық қоспалар, бейімделуге, ынталандырады, авитаминоз, химиялық хабаршылар.   Гормондар – эндокриндік бездер деп аталатын ішкі секреция бездерінен қанға бөлінетін ........................... Гормондар тіршілік ету ортасына ..........................және ағза қызметтерінің үйлесімді қызмет етуіне көмектеседі. Дәрумен— адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың ағзасындағы зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті................................ Дәрумен  жетіспеушілік,  .......................... күнделікті ішетін тағамда дәрумендердің жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не дәрумен синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар. [4]
10. (a) Парниктік газдардың басты алты түрі бар. Төменде берілген диаграммаға парниктік эффектіні тудырушы газдарды толықтырып, олардың формуласын жазыңыз:         [3]   (b) Ғалымдардың ойынша, Жердің жылыну себебін түсіндіріңіз. [1] (c) Озон қабаты бізді қандай зиянды сәулелерден қорғайды? [1] (d) Адамдар парниктік әсердің күшеюіне қалай әсер етуде? [1] (e) Парниктік газдардың әсерінен туындайтын ғаламдық жылыну озон қабатының тесілуі арасындағы айырмашылықты түсіндіріңіз. [2]

ііі А
іі С
і В

 

Балл қою кестесі

Жауап Балл Қосымша ақпарат
Анилин, аммиак, метиламин, этиламин  
С6Н6+НNO3→С6Н6NO2+H2O С6Н6NO2 +H2→С6Н6NH2+H2O  

3a

3b

B  
A  
D  

5а 5b

B  
Жоғары температура Қышқыл, сілті; ауыр металдардың ерітінділері Кез              –келген фактордың мысалы қабылданады

6а 6b

Ұқсастығы: Үш азотты негіз — аденин, гуанин және цитозин нуклеин қыш-қылдарының бәріне ортақ болып табылады. Қабылданады: Екеуі де          нуклеин қышқылдары.
Айырмашылығы: ДНҚ-ның құрамында — тимин, ал РНК-ның құрамында — урацил болады. Моносахарид дезоксирибозаның рибозадан айырмашылығы бар. Онда карбонил көміртекпен көршілес жатқан көміртекте оттек атомы болмайды. РНК молекулалары қос спираль түзбейді, ДНҚ қос спираль түзеді. Кез –келген басқа дұрыс жауап болса қабылданады

7а 7b 7с

D

 

Найлон - 6,6
В  
8 а

  Екі жауап үшін
    1 балл беріледі.
   
   
   
8b В  

Гормондар – эндокриндік бездер деп аталатын ішкі  

 

  секреция бездерінен қанға бөлінетін химиялық
   хабаршылар. Гормондар тіршілік ету ортасына  
   бейімделуге   және ағза қызметтерінің үйлесімді  
  қызмет етуіне көмектеседі. Дәрумен— адам мен
  жануарлардың тіршілігіне, олардың ағзасындағы зат  
  алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте  
  қажетті биологиялық активті органикалық
   қоспалар. Дәрумен жетіспеушілік, авитаминоз  
  күнделікті    ішетін    тағамда    дәрумендердің  
  жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не  
  дәрумен синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар.
10а Парниктік газдардың басты алты түрі бар, олар: су буы, көмірқышқыл газы, метан, азот тотығы, озон және хлорфторкөмірсутектер. Екі жауап үшін 1 балл беріледі.

10b

10с 10d

Парниктік әсер күшеюде

 

Ультракүлгін сәулелерді жер бетіне                      жеткізбей, сәулеленудің алдын алады. Озон қалқаны күннің тіршілікті жойып жіберетін ультракүлгін сәулелерін ұстап қалады
10e Адамдардың көп әрекеттері парниктік газдарды түзеді. Адам әрекеттерінің барлығы атмосферада инфрақызыл сәулелердің жұтылуын арттырды.  
  Озон қабатының жұқаруын түзейтін техникалық шешім қарапайым шешім болып саналады. Өндіріс озон қабатына зиян келтіретін ХФК және басқа да газдардың баламасын жасады. Бұл әдіс арзанға түседі және оңай, әрі жылдам. Дегенмен қазбалы отынның баламасы және ауыл шаруашылығына қажетті аумақтарды тазарту ұлттық даму стратегияларын жүргізуге және адам өмірін жақсартуға қиындықтар тудырады.  

Барлығы: [30]

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.