Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Лабораториялық жұмыс



№5 Лабораториялық жұмыс

Тақырыбы: Информатиканы оқытуда интерактивті тақтаны қолдану жолдары

Мақсаты: Интерактивті тақтаны оқу үдерісінде пайдалану мүмкіндіктерімен танысу, интерактивті тапсырмалар құрастырып флипчарттар жасау.

       Қысқаша теориялық мағлұмат.

   Интерактивті тақтаны тиімді пайдалана білгенде ғана жақсы нәтижеге қол жеткізуге болатынын есте ұстауымыз керек. Бұл мемлекетіміздің білім саласын басым бағытта дамытуға қадам жасағанының белгісі. Интерактивті тақта интернеттен ақпаратты алуға мүмкіндік жасаумен бірге ұстаздар үшін керемет көрнекті құрал да бола алады. Барлық пәндер бойынша сабаққа қажетті материалдарды алдын-ала дайындап қойып, сабақ барысында пайдаланудың тиімділігі өте жоғары болатыны белгілі. Еліміздегі барлық мектептер интерактивті тақта болғанының өзі ұстаздардың өз шеберліктерін шыңдауына, оқушылардың сапалы білім алуына игі ықпалын тигізеді. Интерактивті тақтамен сабақ өту үшін мұғалімнің компьютерлік сауаттылығы жоғары болуы тиіс.

  Интерактивті тақтада "ACTIVSTUDIO" бағдарламасы арқылы кез келген пән мұғалімдері өзінің сабағында қолданатын материалдарды алдын ала компьютерге енгізіп, сақтап қоя салады. Топпен жұмыс істеу, ақпараттық технологияларды қолдана отырып сабақта презентацияларды құру, графикалық, мәтіндік, кестелік редакторларда еркін жұмыс істеу, жаппай оқушылардың пән сабақтары бойынша сұрақ жауаптарымен тестілеу, жолдарын қолдануға болады.

ACTIVstudio Puofessional Edition -мұғалімдерге интерактивтивті сабақтарды өткізу барысында Activ-тақта  арқылы арнайы презентацияларды өткізуге және оны сабақ барысында қолдануға негізделген бағдарламалық құрылғы. Бағдарлама ACTIVboard  және ACTIVpen қаламымен жұмыс жасау үшін жасақталған. Оны іске қосу үшін жұмыс үстеліндегі ACTIVstudio Puofessional Edition  таңбасына Activpen қаламымен екі рет шерту қажет. ACTIVpen -бұл  меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы.

ACTIVboard- қа калировка жасау.ACTIVboard калировка процедурасы кез келген уақытта тез және оңай орындалады. Егре де ACTIVboard тақтасы және проекциялық құрылғы стационарлы болса, онда калировканы басқа компьютерді қосқанда ғана жасауға болады. Калировка жасау үшін, сол жақ төменгі бұрыштағы таңбаны басып, төменгі әрекеттерді орындау қажет. Windows жүйесі орнатылған компьютер үшін калировка бағдарламасы мына түрде орнатылады.Компьютерде орнатылған Windows жүйесінен калировка бағдарламасын, тапсырмалар тақтасының жүйесіндегі таңба драйверінде тышқанның оң жақ батырмасын шерт. Калировка программада қаламды активті облыста басқаннан кейін келесі таңба пайда болады. Асықпай бұл таңбаның ортасына қаламды шерткеннен кейін келесі таңба пайда болады. Бес калировка таңбасын шерткеннен кейін, бағдарлама автоматты түрде жабылады. Осымен ACTIVboard жүйесіндегі калировка аяқталады.

  Флипчартты сақтау. Басты менюден, негізгі құралдар тақтасының сол жақ үстінен Флипчарт - Қалай сақтаукомандасын таңдап, Менің флипчартымбумасында, Жалпы флипчарттарбумасында немесебасқа бумаларішінде өз таңдауың бойынша сақтауға болады. Флипчартты сақтаған соң Басты менюден арнайы батырманы шертіп ACTIVstudio қосымшасынан шығу керек.

   Флипчартта жаңа бет құру батырмасын шерткенде, ол беттің шетінде немесе төменгі жағында пайда болуы мүмкін. Оны орналастыру үшін батырманың оң жағында шерту керек. Егерде ACTIVpen-ді қолдансаң, онда қаламды тақтадан бірнеше миллиметр қашықтықта ұстап тұрып, оң жақ батырманы басу керек. Мұны бірнеше рет қайталап жаттыққан жөн. Тышқанның оң жақ батырмасын/қаламның батырмасын қолданып, тақтаны өзің қалаған жерге орналастыруға болады. Беттің тақырыбын жазу үшін мәтін құралын қолданып, беттің сол жақ жоғарғы бұрышында шерту арқылы қажетті тақырып атауын теру керек.

  Интерактивті тақтада орындалатын негізгі әрекеттер:

- Қаламның Модификатор құралының жиынын қолдан.

- Жеке объектілерді топтастыру.

- Көрсеткіштік құралын пайдалану.

- Форманы түспен бояу.

- Бір флипчарт бетінен элементті келесі бетке көшіру.

- Кітапхана ресурстарын қолдану.

- Флипчарт бетіне Кітапхана ресурсының объектілерін қосу.

- Тану құралын баптау.

- Жалпы фонды таңдау.

- Сілтемелерді қолдану.

Тапсырмалар:

1. ACTIVSTUDIOбағдарламысының мүмкіндіктерімен танысу және оларды пайдаланудың флипчарттарын құрастыру.

2. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері бойынша презентация жасау.

3. Информатика пәнінен интерактивті тапсырмалар құрастырып флипчарттар жасау.

4. Activote бағдарламасында тест құрастыру мүмкіндігімен танысу.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.