Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





аз. Инфекция 2 нұсқа, қаз.



01_09_қаз. Инфекция 2 нұсқа, қаз.

 

01_09_қаз.

!

45 жастағы ер адам аудандық аурухананың қабылдау бөлімшесіне оң қолының ортаңғы саусағында жараның пайда болуына шағымданып келген. Кәуап пісіруші болып жұмыс істейді. 5 күн бұрын дене қызуы жоғарлаған. Ауырғанына 4 күн болғанда саусағындағы жараны байқап қалады, бір апта бұрын ет өңдегенде қолын кесіп алғанын есіне түсірді.  Жарасы ауырмайды, бірақ қолы шынтағына дейін ісінген. Жағдайы орташа дәрежелі. Оң қолының ортаңғы саусағында бөліндісі бар жара байқалады, айналасында гиперемия сақинасы мен ісіну бар. Оң жақтық қолтық лимфадениті. Лейкоциттер – 20х109/л, таяқша ядролы нейтрофильдері-4%, сегмент ядролы нейтрофилдері – 88%, лимфоциттер – 6%, моноциттер -2%. Қандай диагноз ең ықтимал болады?

/

Түйнеме, терілік  түрі

/

Тілме, буллезді түрі

/

Листериоз, терілік түрі

/

Пастереллез, терілік түрі

/

Клебсиеллез, терілік түрі

!

16 жастағы бозбала дене қызуының 39-40С дейін көтерілуіне, қалтырауға, денесінің сырқырауына, басының қатты ауруына, сол жақ шап аймағындағы айқын ауру сезіміне шағымданады. Жайлаудағы мал шаруашылығында шопан болып жұмыс істейді, кейде далада түнеуге тура келеді. 2 күн бұрын жедел ауырған. Жағдайы айқын улану белгілерінің салдарынан ауыр. Аяғында жәндектердің шаққан іздері мен қасыған орындары көрінеді. Сол жақ шап аймағындағы лимфа түйіндері 4х3 см дейін ұлғайған, тығыз, қатты ауырады, периаденит анықталып, үстіндегі терісі қызарған. Лейк. – 20х109/л, таяқша ядролы нейтроф. -4%, сегментядролы нейтроф. – 88%, лимф. – 6%, мон. -2%.

Қандай емдік шараны бірінші ретте көрсету керек?

/

Антибиотиктерді көк тамырға еңгізу

/

Гормондарды көк тамырға еңгізу

/

Бұлшық етке анальгетиктерді еңгізу

/

Көк тамырға тұзды ерітінділерді еңгізу

/

Лимфа түйінін хирургиялық өндеу, іріңін шығару

!

29 жастағы ер адам бастың қатты ауруына, қайталамалы құсуға шағымданып ауруханаға түсті. 7 күн бұрын ауырған, құлақ маңы сілекей бездерінің ісінуі пайда болған. Жанұялық дәрігер төсектік тәртіп, патогенетикалық ем тағайындап кетеді. Барлық күндері жоғары қызба мазалаған. Кеше қатты басы ауырып, жеңілдік әкелмейтін құсу пайда болды. 6 ай бұрын басының жарақаттануы болған. Жағдайы ауыр дәрежеде, дене қызуы 39ºС. Пальпация кезінде сілекей бездері аздап ұлғайған, бірақ ауырмайды. Лейкоциттер саны - 5.4 х 109/л, ЭТЖ 4 мм/сағ. Қандай зерттеуді бірінші ретті жүргізу қажет?

/

Неврологиялық бөлімшіге жодама беру

/

бас миының КТ жолдама беру

/

бас миының МРТ жолдама беру

/

менингеалді нышандарды тексеру

/

жұлын пункциясын жасау

!

22 жастағы жүкті әйел жүктілікті үзу туралы сұрақты шешу үшін кеңеске мынандай зерттеу нәтижелерімен жіберілді:  лейк. – 4,8 х109/л, таяқша ядролы нейтроф. – 1%, сегментядролы нейтроф. – 58%, лимф. – 26%, мон. -2%, ЭТЖ - 30 мм/ч. Кіші жамбас органдарының УДЗ – 9-10 апталық жатырлық жүктілік, ИФА қызамық вирусының Ag қарсы IgG классы Ab «оң» анықталды.  Шағымы жоқ. Анамнезінде балалық шағында бөртпемен өтетің жұқпалы аурумен ауырған. Қарап тексергенде:  t- 36,40С, ауыз – жұтқыншақта  шырышты қабаты қалыпты түстес, энантема жоқ. Тері қабаты таза, бөртпелері жоқ. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Жатыр қозбаған.  Жыныс жолдарынан бөліністер жоқ.

Сіздің жүкті әйелге беретін нұсқауыңыз?

/

Жүктілікті сақтауға нұсқау беру

/

Емдемей жүктілікті үзуге нусқау беру

/

Бірінші емдеп, сосың жүктілікті үзу

/

Бірінші жүктілікті үзіп, сосың емдеу

/

Дене қызуы көтерілген кезде жүктілікті үзу

!

40- жастағы әйел ес түссіз жағдайда стационарға түсті. Жақындарының айтуы бойынша, 3 күннен бері ауырады: әлсіздік, дене қызуының көтерлуі, бас ауру, аяқтағы әлсіздік мазалаған. Бүгін есі тежелген. Қарап тексергенде: есі сопор, шүйде бұлшық еттінің ригидтілігі +4 см, Керниг симптомы екі жақтан оң, ернінде инфильтрацияланған негізде топтасқан іріңді везикулалар байқалады. Жұлыннан алынған сұйықтықта цитоз 140 жасуша мл3, лимфоциттер 80%, нейтрофилдер 20%. Ауырғанынан бірнеше күн бұрын күйзеліс жағдайы болған.

Қандай этиотропты дәріні тағайындаған дұрыс?

/

Ацикловир

/

Ремантадин

/

Ганцикловир

/

Циклоферон

/

Рибавирин

!

Әйел адам 30 жаста мал дәрігері, басының үнемі ауыруына, мойын омыртқаларының, оң жақ тізе буынындағы ауру сезіміне, тершеңдікке, қызбаға шағымданады. Бірақ дене қызуы 37,5оС аспайтынын байқады. Ұзақ уақыт неврологта «Остеохондроз» диагнозымен емделген, бірақ емінің нәтижесі болмаған. Кеше беттің асимметриясы пайда болған. Жылағыш. Менингеалді белгілері «+-», сол жақ тізе буыны ісінген, қозғалысы шектелген. Гемограммада: лейкоциттер - 4,8 х 10 9/л, эоэ. – 1%, с/я – 52%, лимф – 40%, моноц. – 7%, ЭТЖ – 20 мм/сағ. Райт реакциясы 1:100. Қандай зерттеуді бірінші ретті жүргізу қажет?

/

Жұлын пункциясы

/

Мойын омыртқаларының рентгенографиясы

/

 Мойын омыртқаларының компьютерлік томографиясы

/

Бас тың компьютерлік томографиясы

/

Ьастың магниттік-резонансты томографиясы

!

Ер адам 25 жаста, стационарға ауруының 3 күні түскен. Жедел ауырған: дене қызуы 39о C дейін көтеріліп, бастың самай аймағының ауруы және көз алмасының, тамақтың ауруы, мұрынның бітелуі, дененің қақсауы, сүйектегі және буындағы ауру сезімі мазалайды. Қараған кезде:  беттің ісінуі және қызаруы, склераның қан тамырларының инъекциясы, құрғақ жөтел, ентігу байқалады. Өкпенің төменгі бөлігінде әлсіз тыныс, құрғақ сырылдар естіледі. ЖСЖ-92\мин., ТЖ-30 мин., АҚҚ-100/60 мм.с.б. Гемограммада: лейкоциттер- 3,5х 109, HB -120 г/л, эритр-3,38, тром-225, т/я-6%,с/я-56%, мон-8%, лимф-30%, ЭТЖ-15 мм/с. Науқаста қандай асқыну дамыған?

/

Вирусты пневмония

/

Өкпенің  ісінуі

/

Жедел бронхит

/

Бактериалды пневмония 

/

Вирусты - бактериалды пневмония

!

Ер кісі, 44 жаста терапевтке ауызындағы құрғақтыққа, көзінің нашар көруіне, заттардың екеу болып көрінуіне, тыныс алуының қиындауына шағымданып келді. Кеше қонақта майонез қосылған салат, етті тағамдар, маринадталған саңырауқұлақ жеген, спиртті ішімдіктер ішкен. Түскен кезде есі анық, екі қабақтың птозы, мидриаз, қылилық анықталады. Дауысы мыңғырлаған. Дене температурасы 37,0С. Жүрек тондары бәсеңдеген. Пульсі-118 соқ/мин, АҚҚ 100/70 мм с.б., Өкпесінде: төменгі аймақта тынысы әлсіреген. Іші аздап кепкен, ішек перистальтикасы естілмейді. Қандай шараны бірінші кезекте орындау керек?

/

Асқазанды зондпен жуу

/

Асқазанды жуу

/

 Тазарту клизма жасау

/

 Жоғары тазарту клизма жасау

/

Ботулизмге қарсы сары су енгізу

!

Ер адам 35 жаста участкелік дәрігерге мынандай шағымдармен келді: дене қызуының 37,0-37,8°С дейін көтерілуіне, әсіресе кешкі уақыттарда, терлегіштік, әлсіздік, қақырықпен жөтел, соңғы бірнеше ай бойы күшейуіне. Бір жыл бұрын бас бостандығынан айырылу жерінен оралған. Құрылыста әр түрлі жұмыс істейді. Рентгенологиялық зерттеу кезінде өкпенің сол жақ бөлігінде ыдырай бастаған ошақты инфильтраттар анықталды. Қанды АИВ-ке қарсы антиденелерге зерттеу кезінде оң нәтиже анықталған.  Осы науқасқа қатысты қай шара бірінші кезекте орындалуы тиіс?

/

Қанды ИФА да АИВ-инфекциясына қайта тексеру

/

Фтизиатр кеңесін алу

/

ЖИТС-мен күресу орталығына жіберу

/

Иммунды статусын анықтау                 

/

Антиретровирусты терапия тағайындау  

!

Әйел адам 28 жаста, жұқпалы аурулар бөлімшесіне мынандай шағымдармен түсті: айқын әлсіздікке, тәбеттің жоқ болуына, үнемі жүрегінің айнуына. 10 күннен бері ауырады, 2 күн бұрын сарғаю пайда болған, әлсіздік күшейген, құсу болған, терінің айқын қышуы қосылған әсерінен ұықысы бұзылған. 2 ай бұрын босанған, қан кетуіне байланысты қан препараттары құйылған. Қараған кезде: әлсіз, айқын сарғыштық, теріде қасыну іздері байқалады. Бауыры 2,5 см ұлғайған. Үлкен дәреті түссіз. Зәрі қоңыр түсті. Қандай клиникалық көрініс осы аурудың ауырлық дәрежесін көрсетеді?

/

Улану белгілері

/

Айқын сарғаю

/

Айқын терінің қышуы

/

Гепатомегалия

/

Түссіз нәжіс

!

35 жастағы ер адам, басының қатты ауыруына, дене қызуының көтерілуіне, ұйқысының бұзылуына, тәбітінің жоғалуына шағымданады. Анамнезінде: бір апта бұрын ауырған, температурасы субфебрильді, әлсіздік, басының ауруының үдеуі мазалайды. Кеше кешке дене температурасы 39,0º-40,0ºС дейін көтерілген, 3 рет іші өткен. Қарап тексергенде: адинамиялы, енжар. Тері жабындылары бозғылт, іш аймағында  - бірең-сараң  ашық қызыл түсті бөртпе элементтері анықталады. Бауыры 1,5 см ұлғайған. Жүрек тондары әлсіз, ЖСЖ – 78 соғ./мин. АҚҚ 110/70 мм с.б. Тілі құрғақ, қоңырқай-сұр жабындымен жабылған, шеттері мен ұшы жабындыдан таза. Іші кепкен. Қандай диагноз ең ықтимал болады?

/

Іш сүзегі

/

Ку-қызбасы 

/

Кенелік бөртпе сүзек

/

Эпидемиялық бөртпе сүзек

/

Солтүстік Азияның кенелік сүзегі

!

Ер адам, 20 жаста, жедел ауырған: температурасы 40°С дейін жоғарылап, басы ауырған, көп рет құсқан, айқын әлсіздік пен денесінің қақсап ауыруы мазалаған. Ауруының 1-ші күні-ақ табанында, балтырында, санында көптеген геморрагиялық бөртпелер пайда болған. Қарағанда: жағдайы ауыр. АҚҚ: 100/60 мм сын.бағ., пульсі минутына 100 рет. Гемограммада: лейк. – 28х109/л.,   миелоцит – 7 %, т/я-16%, с/я-46%, мон.-8%, лимф.-23%, тромб. – 225х109, ЭТЖ - 30 мм/сағ. Кезекші дәрігер науқасқа төмендегідей ем тағайындады, емді қабылдағаннан кейін науқастың жағдайы бірден нашарлады; бет бозғыл болып, салқын тер пайда болып, АҚ -60/40 мм с.б. төмендеп,  пульс сезімейді.  Дәрігердің қандай тағайындаған емінен науқастың жағдайы нашарлады?

/

Пенициллин 24 млн/тәулігіне бұлшық етке

/

Диклофенак 2,0 бұлшық етке

/

Трисоль 1500 мл көк тамырға тамшылатып

/

Глюкоза 5%-500 мл көк тамырға тамшылатып

/

Преднизолон 60 мг көк тамырға

                                                                                     



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.