Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





аз. Инфекция 1 нұсқа, қаз.



01_09_қаз. Инфекция 1 нұсқа, қаз.

 

!

26 жастағы ер адам қайталамалы құсу, әлсіздік, эпигастральды аймактағы ауыру сезіміне, 15 ретке дейін сұйық көп мөлшерде нәжіске шағымданып жұқпалы аурулар ауруханасына келді. Эпиданамнезінде: кеше кешкісін гриль тауығын жеген. Қарап тексергенде: температура – 36,0°С, әлсіз, шөлдеу мазалайды. АҚҚ – 85/60 мм сын.бағ. Пульсі минутына – 95 рет. Іші жұмсақ, кіндік аймағындағы ауыру сезімі байқалады. Қарынның тітіркену симптомдары жоқ. Нәжісі сұйық, сасық иісті, жасыл түсті.Таң ертеңнен бері кіші дәретке бармаған. Қандай емдік шара бірінші кезекте жүргізілуі тиіс?

/

Тамыр ішілік регидратация

/

Гормонотерапия

/

Антибиотиктер

/

Диуретиктер

/

Оральды регидратация

!

48 жастағы әйел адам, балтыр бұлшық еттеріндегі қатты ауыру сезіміне, дене қызуының жоғарылауына, бастың ауыруына, белдің ауыруына. Жедел ауырған. Анамнезінде: жаз бойы табиғатқа шығып демалған, Қапшағай көлінде шомылған. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, дене қызуы – 39,9ºС. Денесі мен қолдарында аздаған петехиальді бөртпе байқалады. Барлық лимфа түйіндері ұлғайған. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады. Зәрінің түсі – қанық-сары. Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

/

Лептоспироз

/

Бруцеллез

/

Иерсиниоз

/

Вирусты гепатит

/

Геморрагиялық васкулит

!

47 жастағы ер адам, ауруының 4-ші күні қаралды. Шағымдары: дене қызуының 39,0ºС-қа дейін жоғарылауы, бастың ауыруы, ұйқысыздық. Анамнезінде: алыс жолға жүретін жүк тасымалдайтын көлік  жүргізушісі болып жұмыс істейді. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Эйфориялы, қозған. Беті қызарған. Көз склерасының тамырлары инъекцияланған. Денесі мен аяқ-қолдарында көптеген розеолезді-петехиальді бөртпе байқалады. Жүрек тондары бәсеңдеген, ЖСЖ-140 с 1 мин. АҚҚ-120/80 мм.с.б. Тонометрді шешкенде манжетінің орнында теріде петехиялар көрінеді. Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

/

Эпидемиялық бөртпе сүзегі

/

Грипп

/

Лептоспироз

/

Іш сүзегі

/

Кенелік бөртпе сүзегі

!                   

32 жастағы ер адам, ауруханаға 10 - желтоқсанда, ауруының 4-ші күні түскен. Шағымдары: дене қызуының 38,8ºС-қа дейін жоғарылауы, қалтырау, бастың ауыруы, жұтынған кездегі тамағының ауруы, іштің ауруы, 3 рет іші өткен. Жер үйде тұрады, үйінде кеміргіштер бар. Жағдайы ауыр. Денесінде көптеген дақты-папулезді бөртпе байқалады. Көз склералары аздап сарғайған. Аңқасында: шырышты қабаты қызарған, бадамша бездері ұлғайған, жабындылар жоқ. Мойын, жақ асты, қолтық,  лимфа түйіндері үлкейген. Оң жақ илеоцекальды аймақта ауру сезімі анықталады. Іш пердесінің тітіркену симптомы күмәнді. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен шығып тұр. Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

/

Иерсиниоз

/

Лептоспироз

/

Сальмонеллез

/

Вирусты гепатит

/

Инфекциялық мононуклеоз

!

19 жастағы студент 3-ші қаңтарда ауруының 2-ші күні ауруханаға түсті. Шағымдары: дене қызуының 40,0ºС-қа дейін жоғарылауы, басының қатты ауыруы, жеңілдік әкелмейтін құсу. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Есі анық, көзін жұмып жатыр. Аңқада: жұтқыншақтың артқы қабырғасының жайылған гиперемиясы мен түйіршектенуі анықталады. Тері жабындылары ыстық. Пальпация кезінде ауру сезіміне байланысты ыңырсиды. Аяқтарында аздаған петехиальды бөртпе көрінеді. Қанның жалпы анализінде: лейк.-25×109/л, таяқша ядролы нейтр.-11%, сегмент ядролы нейтр.-72%, лимф.-5%, мон.-5%.

Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

/

Менингококкты инфекция

/

Грипп

/

Эпидемиялық бөртпе сүзегі

/

Геморрагиялық қызба

/

Инфекциялық мононуклеоз

!

Үндістаннан келген медицина университетінің студентінде дене қызуының жоғары сандарға дейін ұстама тәрізді жоғарылауы, қалтыраулар, айқын тершеңдік болған, көз склераларының сарғыштығы байқалған, бауыры мен көк бауыры ұлғайған. Қан жағындысында микроскопиялық әдіспен Pl. Vivax қарапайымдылары анықталған. 3 күн бойы делагил қабылдаған.

Ауру рецидивтерін алдын алу үшін қандай дәрі қолдану керек?

/

Мефлохин

/

Хинин

/

Примахин

/

Доксициклин

/

Делагил

!

45 жастағы ер адам қарқынды терапия бөліміне айқын әлсіздікке, жүрек айнуына, кофе түстес құсуға, ұйқының нашарлауына, қорқынышты түстер көруіне шағымданып түсті. Екі апта бойы ауырады: алғашқы күндері жүрек айнуы, құсу, тәбетінің жоғалуы, буындарының ауыруы байқалған. 2 ай бұрын жарақат себебімен операция жасалынған және қан құйылған. Жағдайы ауыр, ауызынан бауырлық иіс сезіледі, тері мен шырышты қабаттарының сарғыштығы өте айқын. Ұйқышылдық, адинамия байқалады. Бауыр пальпациялағанда сезілмейді. Перкуссиялағанда бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 2,0 см-ге жоғары анықталады. Зәр шығару төмендеген, зәрі қоңыр түсті. Науқаста қандай асқынудың дамуы ең ықтимал ?

/

Бауыр жедел энцефалопатиясы

/

Бүйректің жедел жетіспеушілігі    

/

Бүйректің созылмалы жетіспеушілігі

/

Латентті бауыр энцефалопатиясы

/

Тамыр ішілік шашыранды ұю синдромы

!

Ер адам, 31 жаста, жұқпалы аурулар ауруханасына терісі мен көз склераларының сарғаюына шағымданып түскен. Бір аптадан бері ауырады, тәбеті жоғалып, жүрегі айныған, құсқан. Кеше терісі мен көз склераларының сарғайғанын байқаған. Жағдайы аздап жақсарған. 4 жастағы баласы баратын бала бақшада сарғаю синдромымен ауырған балалар болған. Жалпы жағдайы орташа аурлықта. Тері жабындысы және көзге көрінетін шырышты қабаттары сарғайған. Бауырының төменгі қыры қабырға доғасынан 2,0 см-ге төмен анықталады, консистенциясы тығыз. Нәжісі түссіз. Зәрі қоңыр түсті. АЛТ-440 Ед/л, АСТ 240 Ед/л, жалпы билирубин - 65.0 ммоль/л, тікелей - 48.0 ммоль/л.

Қай лабораторлы көрсеткіш алғашқы диагноздың дұрыстығын дәлелдейді?

/

Anti - HAV IgM

/

HBsAg                                                    

/

HBeAg

/

Anti -HAV IgG

/

Anti - HDV IgM

!

ҚР ДСМ-ң №92 бұйрығы бойынша (12 ақпан 2012 жылығы) вирусқа қарсы терапия үрдістің белсенділігіне және вирусты жүктемесіне байланыссыз қай аурумен ауырған науқастарға міндетті түрде тағайындалады:

 /

Созылмалы вирусты гепатит С

/

Этиологиясы вирусты цирроз

 /

Созылмалы вирусты гепатит В

/

Созылмалы вирусты  гепатит В+С

 /

Созылмалы вирусты гепатит В+Д

!

65- жастағы әйел адам стационарға түсті. 2 күн бойы дене қызуы 39,50С дейін көтерілген, басы аурған, әлсіздік, сол жақ балтырындағы қызару, ісіну, ауру сезімі мазалаған. Анамнезінде артериалды гипертония, қант диабеті. Жағдайы интоксикация салдарынан ауыр, дене қызуы 40,00С, пульсі 130 рет бір мин., АҚҚ 90/50 мм. сб., кешегі кештен бері кіші дәреті болмаған, сол жақ балтырында айқын шекарасы бар «оттың жалындары тәрізді» терісінің айқын гиперемияланған эритемасы, тері астылық шел қабатының ісінуі байқалады, ауыратын перефериялық валигі анықталады, ұстағанда ыстық

Науқасқа бірінші кезекте не тағайындау керек?

/

Преднизолон

/

Пенициллин

/

Супрастин

/

Парацетамол

/

Диклофенак

!

36 жастағы әйел Оңтүстік Қазақстан обылысының тұрғыны стационарға жатқызылды. 8 күн бойы жоғары қызба, басының ауруы, әлсіздік, ұйықысыздық байқалған..Жағдайы ауыр, дене қызуы 39,00С, науқас тежелген, сұрақтарға бір бағытта жауап береді, сөйлегісі келмейді. Терісі бозарған, ішінің жоғарғы бөлігінде біркелкі элементік розеолезді-папулезді бөртпе.Тілі құрғақтау, бетін коңырқай-сұр жабынды жапқан, шеттерінде тісттердің ізі бар. Іші жұмсақ, оң жақ мықын аймағында азадаған ауру сезімі анықталады, перкуторлық дыбысы осы жерде тұйықталған, бауыры +1,0 см, эластикалы. Қандай дәріні тағайындаған ең тиімді?

/

Левомицетин

/

Пенициллин

/

Ципрофлоксацин

/

Рифампицин

/

Доксициклин

!

42 жастағы ер адамды Маңғыстау облыстық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне алып келген. Шағымдары: дене қызуының 39-40С дейін көтерілуі, қалтырау, денесінің сырқырауы, басының қатты ауруы, кеуде қуысының оң жақ тұсындағы ауру сезімі, құрғақ жөтел. Кеше кешке ауырған. 3 күн бұрын ауру түйені бауыздауға қатысқанда қолын кесіп алған. Науқастың жағдайы айқын интоксикация белгілері салдарынан ауыр. ТЖ –минутына 30 рет. Пульсі  – минутына 140 рет, АҚҚ-80/50 мм/сағ. Кеуде қуысының оң жағында құрғақ сырылдар естіледі.  Рентгенограммада – оң жақта инфильтраттар анықталады. Гемограммада: лейкоциттері – 24х109/л, таяқша ядролы нейтрофилдер-14%, сегментті ядролы нейтрофилдер – 82%, лимфоциттер – 2%, моноциттер -2%. Күні бойы кіші дәретке бармаған. Қандай емдік шараны бірінші кезекте көрсетеді?

/

Көк тамырға тұзды ерітіндерді еңгізу

/

Оксигенотерапия

/

Гормондарды көктамырға еңгізу

/

Антибиотиктерді көктамырға еңгізу

/

Антибиотиктерді бұлшық етке еңгізу

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.