Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





каз Нефрология 2 вар



01_01_07 каз Нефрология 2 вар

!

29 жастағы науқаста нефротикалық синдром, анамнезінде преднизолонмен терапия сәтсіз. Бүйрек биопсиясының нәтижесі: жарықтық микроскопия – күмістендіру кезінде капиллярлар қабырғасын бойлай субэпителиалды «тікенектер»; иммунофлюоресцентті – IgG + С3 гранулярлық жарқырауы; электроды микроскопия – ретті субэпителиалды иммунокешенді депозиттер. Нефротикалық синдромның екіншілік сипаты жоққа шығарылды. Сіздің диагнозыңыз бен ең ыңғайлы емдеу вариантыңыз?

/

Мембранозды нефропатия циклоспоринА-мен емдеу

/

Мембранозды нефропатия және симптоматикалық ем

/

Фокальды-сегментарлы гломерулосклероз және преднизолонмен емдеу

/

Мембрано-пролиферативті ГН және преднизолонтерапиясымен альтернирлеуші курс

/

Экстракапиллярлы ГН метилпреднизолонмен пульс-терапия

!

62 жастағы науқас, ревматоидты артритпен 23 жыл бойы ауырады, соған байланысты преднизолон мен ҚҚСЕП қабылдаған, аяқтарында ісінулер пайда болған. Қараған кезде: ЭТЖ – 50 мм/сағ., гипоальбуминемия, протеинурия 6 г/тәул., креатинин – 0,14 ммоль/л. ЕҢ мүмкін болатын диагнозды көрсетіңіз?

/

Екіншілік амилоидоз

/

Жедел тубулонекроз

/

Ревматоидты васкулит

/

Мембранозды нефропатия

/

ҚҚСЕП салдарынан нефропатия дамыған

!

22 жастағы жүкті әйел, жүктілік мерзімі 34-36 апта, созылмалы гломерулонефритпен ауырады, АҚҚ жоғарылауы 180/115 мм сбб дейін байқалады. Анамнезінен: жүктілікке дейін АҚҚ деңгейі  140-150/80-100 мм сбб аралығында болған. Қанында креатинин – 200 мкмоль/л, зәрінде белок – 3,6 г/тәул. УДЗ-де – ұрықтың өлшемдері гестация мерзімінен 2-3 апта қалыс қалады. Әрі қарай жүргізу тактикасының қайсысы ЕҢ мақсаттық болып табылады?

/

Босандыру

/

Моноприл тағайындау

/

Гемосорбция жүргізу

/

Преднизолон тағайындау

/

Циклоспорин тағайындау 

!

Перзентхананың санбақылау бөліміне 30 жастағы жүкті әйел түсті. Шағымдары: әлсіздік, бас ауыруы, оң жақ бел аймағындағы ауру сезімі, дене қызуының жоғарылауы, қалтырау. Жақында ауырған. Үшінші жүктілік. Терісі таза, бозғылт, ыстық. Температурасы 38°С, пульсы 88 минутына, АҚҚ 120/80 мм рт. ст. Іші жұмсақ, жатыр тонусы қалыпты, 27 апта жүктілік мерзіміне сай келеді. Зәр шығаруы ауру сезімінсіз. Зәр анализі: лайлы, салыстырмалы тығыздығы 1017, белок 0,066 г/л, лейкоциттер мен бактериялар көру алаңын толық жауып тұр, оксалаттар. Қай антибактериальді препаратты ЕҢ мақсатты түрде тағайындаған дұрыс?

/

Цефтриаксон 1г/сут, к/т

/

Монурал 3 г/с p/os

/

Сумамед 500 мг/с p/os

/

Гентамицин 80 мг/с, б/е

/

Ципрофлоксацин 500 мг/с, к/т

!

30 жастағы науқас, дене қыуының жоғарлауына байланысты ибуфен қабылдаған. Нәтижесінде бел аймағында ауру-сезімі, жүрек айну, құсу пайда болды. Объективті: температура 37,6С, әлсіздік. ЖҚА: Нв 100 г/л.. ЭТЖ 22 мм/сағ. Тәуліктік диурез 300 мл. Зәрі күңгірт түсті, салыст. Тығ- 1007, белок 0,6 г/л, глюкоза +++, микроскопия: эпителий жаппай, Ле 0-1 к/а, Эр 0-1 к/а, цилиндрлер гиалинді бірен-саран. Қан креатинині – 170 ммоль/л. Сіздің болжама диагнозыңыз?

/

Жедел тубуло-интерстициальды нефрит, БЖЗ

/

Сепсис

/

Жедел  пиелонефрит

/

Жедел нефритикалық  синдром

/

Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі

!

22 жастағы жүкті әйел, жүктілік мерзімі 8-10 апта. Таңертеңгі уақытта жүрек айнуына, құсуына шағымданады. Анамнезінен: Бір жылдай бұрын постстрептококкты гломерулонефритпен ауырған. Зәр анализінде: эритроциттер -1-2 к/а, лейкоциттер – 2-3 к/а. Қанында: АСЛ-О – әлсіз оң. Жүктілікке қатысты ЕҢ қай болжам сәйкес келуі мүмкін?

/

Физиологиялық жүктілікке қатысты қолайлы

/

Жүктілік өздігінен үзілуі мүмкін

/

Құрсақішілік ұрық дамуының кідіруі мүмкін

/

Жүктілер нефропатиясы дамуының жоғары қаупі

/

Ауыр токсикоз дамуының жоғары қаупі

!

Емделуші әйел 21 жаста. 7 жастан бастап ҚД 1 типімен ауырады. Инсулин дәрілік заттарымен емделуі қандағы қант деңгейін бақылаумен. Соңғы жылдары зәрде микроальбуминурия анықталды(МАУ 100-150мг/тәу). МАУ-мен ҚД 1 типі бар науқасқа ААФи тағайындаудың ұзақтығы қанша?

/

Әрқашан МАУ бақылауымен, кейін зәрдегі ақуызға байланысты

/

1 ай

/

МАУ жоғалып кеткенше

/

Әр жарты жыл сайын 2 айдан

/

Жылына 6 айдан

!

Науқас 35 жаста. Балалық шағында бүйректің туа біткен ақауына байланысты рецидивтеуші ЗШЖИ ауырған. 6 жасында ота жасалған. Қазіргі таңда АҚҚ 160/100мм сбб. ЖЗА: белок-0,3г/л, лейкоциттер-3-4 к/а, эритроциттер -2-3 к/а. ШФЖ -45мл/мин. Төменде аталған препарат топтарының қайсы науқасқа ЕҢ таңдамалы түрде көрсеткіш болып табылады?

/

ААФ ингибиторлары

/

Са каналдарының блокаторлары

/

Бетаблокаторлары

/

Өзекшелік диуретиктер

/

Калий сақтаушы диуретиктер



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.