![]()
|
|||
каз Нефрология 1 вар01_01_07 каз Нефрология 1 вар ! Науқас 22 жаста, ісінулерге шағымданумен қаралды, зәрде – протеинурия 3 г/тәу, гематурия. Морфологиясы: жарықтық микроскопияда ошақты мезангиалды депозиттер және ГБМ-ң қабаттасқан контуры (күмістендіруде). Иммунофлюоресценцияда: IgG және С3 мезангийде және шумақ капиллярларының субэндотелийінде гранулярлы жиналуы. Электронды микроскопия: иммунды депозиттермен мезангиалды пролиферация, ГБМ мен эндотелий аралығында мезангий интерпозициясы, жаңа базальды мембранамен қоршалған субэндотелиалды электронды-тығыз депозиттер. Ең мүмкін болатын диагнозыңыз? / 1 типті мембрано-пролиферативті ГН / Экстракапиллярлы ГН / Минимальды өзгерістер / Мембранозды нефропатия / Фокальды-сегментарлы гломерулосклероз ! Ер адам 32 жаста. Тексеру кезінде: протеинурия, қайталамалы макрогематурия. Морфологиялық түрде қойылған: мезангиалды жасушалардың диффузды пролиферациясы және мезангийдегі IgAдепозиттері. Бұл ауруға қандай ағым тән? / Біртіндеп бүйректің созылмалы склероздануымен жүреді / Жедел циклды / Әрқашан болжамы қолайлы / Ер адамдарда болжамы жақсы / Тез үдемелі ! 27 жастағы жүкті әйел, жүктілік мерзімі 20-22 апта, созылмалы гломерулонефритпен ауырады, протеинурияның біртіндеп жоғарылауы байқалады 0,33 г-нан 5 г/л дейін, эритроциттер – 0-1 к/а; қанында – креатинин 55 мкмоль/л. Қарап тексергенде: АҚҚ 110/80 мм сбб. УДЗ-де ұрықтың өлшемдері гестация мерзіміне сай. Әрі қарай жүргізу тактикасының қайсысы ЕҢ мақсаттық болып табылады? / Преднизолон тағайындау / Плазмаферез жүргізу / Циклоспорин тағайындау / Босандыру / Диклофенак натрий тағайындау ! Қыз 18 жаста. бірінші жүктілік, 16 апта. Клиникаға жоғары температурамен, интоксикациямен түсті. Тексеру кезінде зәр анализдерінде өзгерістер анықталды: лайлы, белок 0,066%, лейкоциттер – жаппай, бактериурия. Қанда: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғары.Аталған препараттардың қайсысы ЕҢ қолайлы болып табылады? / Амоксиклав / Бисептол / Офлоксацин / Гентамицин / Нитрофурантоин ! Айқын асциті бар науқаста лапароцентез кезінде бірден 6 литр асциттік сұйықтық алынды. Лапароцентезден кейін алынып тасталған әрбір литріне есеппен 3 г – нан енгізді. Тәуліктік диурезі 300 мл дейін азайған, бұл лапароцентездің эффективтілігін көрсетеді. ЖЗА: салыстырмалы тығыздығы 1006, белок – жоқ, эпителий 1-2 к/а; биохимиялық анализінде – натрий – 112 ммоль\л, креатинин – 405мкмоль/л. Науқаста қандай асқыну дамыды? / Гепаторенальді синдром / Преренальді бүйректің жедел зақымдалуы / Жедел токсикалық нефрит / Ренальді бүйректің жедел зақымдалуы / Постренальді бүйректің жедел зақымдалуы ! 20 жастағы жүкті әйел, жүктілік мерзімі 15-16 апта, таңертеңгі уақытта бетінің ісіңкі болуына, бел аймағындағы ауру сезіміне, бас ауруына, 3 күн бойына дене қызуының 37,5 0С дейін болуына, АҚҚ 180/110 мм сбб. дейін жоғарылауына, қызыл түсті зәрдің пайда болуына шағымданады. Анамнезінен: 2 апта бұрын баспамен ауырған, соған байланысты амоксициллин қабылдаған. Зәр анализінде: эритроциттер жаппай к/а, белок – 1,6 г/л. Қанында: АСЛ-О – оң. Жүктілікке қатысты ЕҢ қай болжам сәйкес келуі мүмкін? / Құрсақішілік ұрық өлімінің жоғары қаупі / Жүктілікті сақтауға қатысты қолайлы / Құрсақішілік ұрық дамуының кідіруі болуы мүмкін / Ауыр нефропатия дамуының жоғарғы қаупі / 20-22 аптаға дейін анықталмаған жүктілік ! Емделуші әйел 21 жаста. 7 жастан бастап ҚД 1 типімен ауырады. Инсулин дәрілік заттарымен емделуі қандағы қант деңгейін бақылаумен. Соңғы жылдары зәрде микроальбуминурия анықталды(МАУ 100-150мг/тәу). Бұл жағдайда қандай мақсатпен қандай дәрілік зат тағайындауы қажет? / МАУ төмендету немесе/және жою үшін ААФ ингибиторын / Қатаң гликемиялық профиль жеткілікті / 1 типті ҚД диеталық коррекциясы / Диуретикалық мақсатпен фитотерапия / МАУ төмендету үшін сулодексид ! Науқас 35 жаста. Балалық шақта туа болған бүйрек аномалиясы фонында қайталамалы ЗШЖИ-мен зардап шеккен. 6 жасында ота жасалынған. Қазіргі уақытта АҚ 160/100мм.с.б. Зәрде: ақуыз-0,3г/л, лейкоциттер-3-4в к/а, эритроциттер -2-3 к/а. ШФЖ-45мл/мин. БСА үдеуін баяулату үшін науқастың АҚ қандай деңгейде болуы керек? / 120/80 мм с.б аспайтын АҚ / Өзін-өзі сезінуі жаксы болатын «жұмыстық артериялдық қысымы» / 110-140 /70-90мм с.б деңгейде болатын АҚ / АҚ 140/90 мм с.б деңгейінде ұсталып тұруы қажет / 120/80 мм с.б деңгейдегі тек күндізгі АҚ бақылау
|
|||
|