![]()
|
|||
каз Гематология 2 вар01_01_06 каз Гематология 2 вар ! 83 жастағы әйелдің қан анализінде: Нв - 78 г/л, Эритроциттер – 2,1*10¹²/л, MCV – 110, ТК – 1,1, лейкоциттер – 4,1*10/9, тромбоциттер – 124 000, анизоцитоз ++, пойкилоцитоз ++. Биохимиялық қан анализінде: жалпы билирубин 35 мкмоль/л, тура билирубин – 28 мкмоль/л. Шағымдары: әлсіздік, бас айналу, қол саусақтарының жансыздануы. Қан кету болмаған. Қарағанда тілі тегіс “лакталған”. Қандай анемия туралы ойлауға болады? / Теміртапшылықты анемия I дәрежесі / Теміртапшылықты анемия II дәрежесі / Cидероахрестикалық анемия / В12-тапшылықты анемия / Апластикалық анемия ! 22 жастағы қызда ауыр ағымды ЖРВИ фонында сарғыштану пайда болды. Қарап тексергенде спленомегалия анықталды. УДЗ-де: Өт қапшығында тас. ЖҚА: WBC-4.3*109/L, RBC-2.6*1012/L, HGB -53 G/L, HCT-0.288 L/L, MCV-62.6, MCH-15.9, MCHC-253. Сфероцитоз, акантоз, овалоцитоз. Биохимиялық қан анализінде: жалпы билирубин – 62 мкмоль/л, тура емес –51 мкмоль/л. Қандай диагноз жайлы ойлауға болады? / Тұқым қуалаушылық микросфероцитоз / Маркиафава-Микели ауруы / Аутоиммунды гемолитикалық анемия / Идиопатиялық гемолитикалық анемия / Глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы ! Әйел адам 25 жаста, басынан өткерген вирусты инфекциядан кейін бірінші рет көп көлемде спонтанды тері астықан қан құйылулары, мұрыннан қан кету пайда болды. Жгут симптомы, шымшу симптомдары оң. Қан анализінде : Нв–100 г/л, тромбоцит-8х109/л. Қандай емдеу әдісін жүргіземіз? / Кортикостероидтармен ем / Спленэктомия / Цитостатиктермен ем / Тромбо масса құю / Сүйек миының трансплантациясы ! Науқас 16 жаста, қатты суықтағаннан кейін есекжем пайда болды, жамбаста, аяқта, орталық некроз орынында мономорфты симметриялық папуллезді-геморрагиялық бөртпелер, дене қызуының жоғарлауы 39°С. Бір аптадан соң бел аймағының ауруы, зәрдің қараюы пайда болды. Қан анализі: лейк-18 мың. ЭТЖ-54 мм/с, диспротеинемия, гиперфибриногенемия, Виллебранд факторының жоғарлауы 3 рет, СИА тест-теріс. Зәр анализінде - протеинурия, макрогематурия, цилиндрурия. антикоагуляциялық терапиямен қосымша тағы қандай препарат тағайындаймыз? / Преднизолон / Жаңа мұздатылған плазма / Диклофенак натрия / Дезлоратадин / Циклофосфамид ! Жас өспірім 16 жаста әлсіздікке, ұйқышылдыққа, сүйектерінің ауруына, дене қызуының жоғарылауына шағымданады. Қарап тексергенде:тері қабаты бозарған, бөрткен, қызыл иектері ісінген, қанаған, тығыз жақ асты, жақ үсті, мойын, бұлшықетасты лимфа бездері ұлғайған, әлсіз спленомегалия. УЗИ – абдоминальды және құрсақ асты лимфа бездері ұлғайған. Қанда: эритроциттер – 1,8 млн; Hв-56 г/л; ЦП – 0,93; лейкоцит -2,6 мың; бластты жасушалар – 68%,тромбоцит – 30 мың; ЭТЖ- 50 мм/сағ. Нейролейкемияны диагностикалау үшін қандай зерттеу әдісі тиімдірек? / Люмбальды пункция / Бас миының КТ / Бас миының МРТ / Лимфабездерінің пунктаттын зерттеу / Иммунофенотиптеу мен трипонобиопсия
! Науқас 28 жаста созылмалы миелолейкозбен 3 жыл бойы гливек (иматиниб) алған, науқаста осы препаратқа бейімделу пайда болды. Гливекті дазатинибке ауыстырды (бұл препарат тирозинкиназа ингибиторлары тобының препараты). 12 айдан соң ем клинико-гематологиялық ремиссияға жетті. Иммуногенетикалық зерттеу көрсеткіші: Ph-позитивті жасуша – табылды. Терапияны нилотинибмен бастады . 6 айдан соң: Ph-позитивті жасуша – табылды. Келесі қандай тактика тиімдірек? / Гемопоэтикалық бағаналы жасушалардың трансплантациясы / Комбинирленген терапия цитозармен бірге / Комбинирленген терапия винкристинмен бірге / Қысқа әсерлі Альфа-интерферон әсер ететін / Сүйек миының трансплантациясы
|
|||
|