Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





каз Гастроэнтерология вариант 1



01_01_05 каз Гастроэнтерология вариант 1

!

56 жастағы ер адам ас қабылдағаннан кейін, алдыға еңкейгенде, жатқан қалыпта күшейетін төс артындағы ауырсыну және күйдіру сезіміне; үнемі төс артындағы «түйілген» тәрізді сезімге шағымданады. ЭФГДС жасағанда өңештің төменгі үштен бір бөлігінің кілегей қабатының қабынуы мен эрозиясы, жанасқанда аздап қанталауы, ретрофлексия кезінде артқы кеуде аралыққа ығысқан асқазан бөлігі, қасындағы өңеш қуысы байқалады. Қандай емдеу тактикасын таңдау БАРЫНША абзалырақ?

/

 Хирургиялық емді

/

 Дәрі- дәрмекпен емдеу

/

 Санаторлы-курортты ем

/

 Физиотерапевтикалық шаралар

/

 Өмір сүру мен тамақтану тәртібін өзгерту

!

27 жастағы әйел адам тамақ қабылдағаннан кейін 1-1,5 сағатта пайда болатын эпигастрии тұсындағы ауру сезіміне; ауырлау сезіміне; тамақты аз қабылдағанның өзіндегі керіп тұрғандай сезіміне; ауамен кекіруге шағымданады. ФГДС –та суретке қараңыз.

Диагнозды қоюда қандай қосымша зерттеу әдісі БАРЫНША анық растайды?

/

 Уреазды тыныстық сынама

/

 Париетальды жасушаларға қарсы антиденелерді анықтау сынамасы

/

 Асқазанды фракционды зондтау

/

 Асқазан рентгеноскопиясы

/

 Туліктік  РН-метрия

!

Әйел 58 жаста майлы тамақ ішкеннен кейін бірнеше уақыттан соң оң қабырға астына, оң жауырынына берілетін ауру сезімі пайда болды, өт аралас жеген тамағын құсты (1 рет). Объективті: науқас аяғын астына басып , оң бүйіріне қарай мәжбүрлі қалыпта отыр. Оң қабырға астын пальпациялағанда қатты ауру сезімі. Науқасқа шақырылған участкелік дәрігер гепабене берді. Дәрігердің шешімінің дұрыстығын бағалау. 

/

 Дұрыс емес бұл науқастың жағдайын нашарлатады

/

 Дұрыс, бұл ауру сезімін басады

/

 Дұрыс, холестаз синдромын басады

/

 Дұрыс, бірақ әліде спазмолитик керек

/

 Дұрыс емес, бірақ қауіп жоқ

!

Әйел, өттас ауруы бойынша холецистэктомия жасатқан. Майлы және кептірілген тамақтарды шектеп диета сақтайды. Бірақта оны оң қабырға астындағы ауырлық сезімі, тұрақсыз үлкен дәрет (іш қатуы іш өтумен ауысады), метеоризм мазалайды. Постхолецистэктомиялық синдромның алдын алу үшін қандай дәрілік препараттар тағайындауға болады ? 

/

 Силимарин

/

 Фторхинолон

/

 Метоклопрамид

/

 Фамотидин

/

 Омепразол

!

Ер адам 24 жаста ,2 жылдан бері әлсіз оң жақ мықын ауруына шағымданады. Соңғы уақытта ауру сезімі күшейген, тәулігіне көп мөлшерлі сұйық көпіршікті 5-6 реттік нәжіске, бөртпеге , дене салмағының төмендеуіне , буындарының ауруына , бел аймағындағы ауру сезіміне бейім. Оң жақ мықын аймағы пальпацияланады инфильтратты ауру сезіммен . Зерттеу кезінде анемия бар екендігі анықталды. Қандай зерттеу әдісі диагнозды нақтылайды? 

/

 Биопсиясы мен колоноскопия

/

 Құрсақ қуысының шұғыл рентгенограммасы

/

 Кұрсақ қуысының КТ

/

 Ректороманоскопия

/

 Ирригоскопия

!

26 жасар әйел адам, ДМИ – 32. Тексерілуде анықталды: anti-HCV – ш/оң. ПТР HСV РНК – 3,4х107 көшірме/мл., вирус генотипі 1в, бауыр эластографиясы – 19кПа (F4). ИЛ28в бойынша генотиптеу қолайсыз генотипті – ТТ анықтады.

Пегилирленген интерферон және рибавиринмен стандартты терапияға тұрақты вирусологиялық жауап алудың мүмкіндігі қандай?

/

 80% жоғары

/

 70-80%

/

 60-70%

/

 50-60%

/

 50% төмен

!

36 жасар әйел адамда тексерілуде анықталды: ПТР HBV ДНК 2100 көшірме/мл, HСV РНК 850 көшірме/мл, генотип 2. Бауыр эластографиясы – F0. Ревматоидты фактор – 240 МЕ/мл, АЦЦП – теріс. Кезеңді түрде пайда болатын қышитын көпіршікті бөртпелер, әлсіздік, білек және шынтақ буындарындағы ауыру сезімі мазалайды. Алақан рентгенограммасы: білек буындарының буынмаңы остеопорозы. ЖЗА: менш салмағы 1020, белок – 0,89 г/л, Эр – 4-5 к/а, Л- 2-3 к/а, эп. -1-2 к/а. Осы жағдайда қандай емдеу тактикасы дұрыс? 

/

 Пег-интерферон рибавиринмен

/

 Телбивудин ұзақ

/

 Метотрексат преднизолонмен

/

 Циклоспорин преднизолонмен

/

 Қысқа әсерлі альфа-интерферон

!

34 жасар ер адам 5 жылдан бері аяғында, белінде кезеңді түрде пайда болатын қышу сезімінсіз бөртпеге, ірі буындарындағы ауыру сезіміне, әлсіздік, күндізгі ұйқышылдық пен түнгі сергектікке, 3 айда 5 кг арықтауына, себепсіз дене қызуының жоғарылауына шағымданады. РФ – шұғыл оң. Anti-HCV – оң, HCV RNA – анықталды. Қандай емдеу тактикасы ең дұрыс?

/

 Пег-интерферон және рибавирин, 48 аптадан кем емес

/

 Ритуксимаб (мабтера) курсы

/

 Инфликсимаб (ремикейд) курсы

/

 Преднизолон және циклофосфанмен ұзақ терапия

/

 Қысқа әсерлі альфа-интерферон 2 жыл бойы

!

Науқас 32 жаста, вирусты гепатит В, жүктілік 28 апта. Соңғы 2 аптада тері қышуына, әлсіздікке шағымданады. Биохимия: АЛТ – 0,64 ммоль/л. АСТ – 0,27 ммоль/л. Билирубин – 44,25 мкмоль/л. ПЦР HСV РНК – 105 копия/мл. Қандай ем тактикасы дұрыс?

/

 L-орнитин-L-аспартат к/т

/

 Ламивудин 100 мг\тәулік босануға дейін

/

 Силимарин және фумарин босануға дейін

/

 Урсодезоксихоль қышқылы

/

 Эссенциальды фосфолипидтер босануға дейін

!

Пациент 62 жаста, шағымдары: әлсіздік, артралгиялар, мұрыннан қан кету. Гепатоспленомегалия, айқын емес асцит, Өңеш веналарының варикозды кеңейуі 1 дәрежесі. АЛТ – 16 МЕ\мл, АСТ – 14 МЕ\мл, Билирубин – 49 мкмоль/л, ПТИ – 75%, альбумин – 34 г/л. ЖҚА: Л- 3,8 х109/л, т\я – 2%, с\я – 56%, Лф-42%, ЭТЖ – 22 мм/сағ. Эластография – F4 (14 кПА). ИФА – HbsAg +++, HBeAg теріс, a-HBe-+++, a-HBcor ++. ПЦР HBV – 106 копий/ мл. Науқас интерферон препараттарымен вирусқа қарсы терапияны бастамақ. В гепатитінің емінің соңғы ұсыныстарына қарап науқасқа емді бастауға бола ма?

/

 Иа, негізгі мақсат фиброз деңгейін төмендету

/

 Жоқ, науқастың жасы 60 жастан асқан

/

 Жоқ, науқаста бауыр циррозы бар

/

 Жоқ, науқаста трансаминазалар жоғары

/

 Жоқ, науқаста HBV-вируты инфекция

!

Науқас 55 жаста, жүрек айнуға, қыжылға, оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезіміне, әлсіздікке, бас ауыруына, аптасына 1-2 рет болатын геморроидальды қан ағуға шағымданады. Объективті: тәбеті жоғарылаған, іші кепкен, құрсақтың алдыңғы қабырғасының веналары кеңейген. Бауыр УДЗде: оң бөлігі– 15 см, сол бөлігі – 9 см, эхотығыздығы жоғарылаған, v.portae диаметрі – 14 мм. Эластография – 18 кПа. Науқаста порталды жүйенің қандай қысым градиенті болуы мүмкін?

/

2-4 мм с.б.б.

/

5-7 мм с.б.б.

/

8-10 мм с.б.б

/

11-12 мм с.б.б

/

12 мм с.б.б жоғары

!

6 жастағы ер адамда гепатоспленомегалия, АЛТ – 32 МЕ/мл, Билирубин – 34 мкмоль/л, асцит жоқ, УДЗда v.portae диаметрі 1,6 см, ПТИ – 56%. ФЭГДСте өңеш және асқазан веналарының варикозды кеңейуінің 2 дәрежесі анықталды, «қызыл дақтар» симптомы. Варикозды кеңейген веналардан қан кетудің алдын алу үшін қандай емдеу жолын қолданған дұрыс?

/

 Қан кету қаупі әлсіз, бета-блокаторлар пероралді

/

 Қан кету қаупі төмен, арнайы шараларды қажет етпейді

/

 Қан кету қаупі төмен, протонды помпа ингибиторлары

/

 Қан кету қаупі төмен, изосорбит мононитрат

/

 Қан кету қаупі жоғары, порто-кавальды шунттау

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.