Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





сынып Пәні:Физикалық география Күні----------------



 6сынып Пәні:Физикалық география Күні----------------

 

Сабақтың тақырыбы: §35.Гидросфера туралы ұғым.Дүниежүзілік су айналымы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі –Гидросфера туралы ұғымды қалыптастыра отырып дүниежүзілік су айналымы жайлы түсіндіру.Пәнге қызығулышылықты арттыру.Жан-жақты білім алуға бағыттау.

Дамытушылығы –Оқушылардың сабаққа білімділігін арттыру мақсатында қосымша пайдалануға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелілігі –Оқушыларға адамгершілік экологиялық тәрбие беру және сөйлеу мәнері мен мәдениетін қалыптастыру.                                           

Сабақтың типі-аралас

Сабақтың әдісі- әңгімелесу,түсіндіру,баяндау.

Сабақтың жабдықтау көрнекілігі- Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта, дүниежүзілік мұхиттар картасы, Дүниежүзілік су айналым сызбасы.т.б.

 

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын тексеру

1 Климат деген не?

2Климат элементтеріне не жатады?

3Климаттың географиялық ендікпен қандай байланысы бар?

4Климатқа мұхиттар мен теңіздердің әсері неден байқалады?

5 Континенттік климат пен теңіздік климаттың айырмасы неде?

6Климатқа жер бедерінің әсері қандай?

7Атмосфера мен климатқа адамның шаруашылық әрекетіне қандай әсері бар?

    

Жаңа сабақтың барысы:

Жоспар:

1Жердегі су.

2Табиғаттағы су айналымы.

3Кіші және үлкен су айналымы.

Күн жүйесі планеталардың ішінде тек Жерде ғана су сұйық күйде тараған. Мәселен, Шолпанда су тек қана газ күйінде, ал Марста тек қана мұз түрінде кездеседі екен.

Жер бетіндегі су гидросфераны құрайды. Оған мұхиттар мен теңіздер, көлдер мен өзендер, бөгендер мен мұздықтар, жер асты сулары мен атмосферадағы ылғал жатады.

Гидросферадағы барлық судың мөлшері шамамен 1,6 млрд км. Оның 96,5%-ы мұхиттар мен теңіздердегі тұзды су; 1,7%-ы мұздықтар мен тұрақты қарлар; 1,7%-ы жер асты сулары; 0,06%-ы өзен, көл, батпақ, атмосферадағы су болып табылады. Тұщы судың үлесіне 2,5% тиеді.

Тұщы су барлық тіршіліктің негізі. Оны адам баласы өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, күнделікті тұрмыста пайдаланады.

Жер бетіндегі тіршілік үшін гидросфераның маңызы өте зор. Су қабығы қоршап жатқандықтан, біздің планетамыздың климаты адам тіршілігіне қолайлы.

Табиғатта су баяу жылынып, баяу суынады. Мұхиттар мен теңіздердің суы жаз бойы күн сәулесінен мол жылу жинайды да, қыста планетамыздың ауасан жылытады.       

Күн сәулесінің әсерінен мұхиттар мен теңіздер бетінен жыл сайын 450 мың км мөлшерінде су буланады. Жоғары көтерілген су булары салқындап, бұлт түзеді. Оларды жел ылғи бір жерден екінші жерге айдап алып барады. Бұлттардан мұхитқа да. Құрлыққа да жауын шашын жауады.

Мұхит бетінен буланған судың бір бөлігі оған қайта қосылады. Мұны кіші су айналымы дейді.

Құрлық бетіне жауған жауын шашынның бір бөлігі буға айналып, қайтадан атмосфераға көтеріледі, ал екінші бір бөлігі өзенге, көлге барып қосылады, жерге сіңеді, сол сияқты мұздықтарды да қалыңдата түседі. Үлкенді кішілі көптеген өзендер құрлық бетімен ағып барып мұхитқа құяды. Жерге сіңген су да жер астымен ағып, мұхитқа қосылады. Мұны үлкен су айналымы дейді.

Сөйтіп мұхиттардағы, атмосферадағы, өзендердегі, көлдердегі, мұздықтардағы, жер астындағы сулар үнемі айналымда болып тұрады.

Сонымен қатар жанартау атқылауының нәтижесінде гидросферадағы су мөлшері үнемі артады. 4 млрд жыл бұрын жер бетіндігі судың көлемі қазіргіден 70 есе аз еді. Ал болашақта судың көлемі көбеюге тиісті, өйткені мантияда 20 млрд км су бар. Ол казіргі гидросферадағы судан әлденеше есе көп.

Сонымен, судың мұхиттан құрлыққа және құрлықтан мұхитқа үздіксіз ауысу процесін дүние жүзілік су айналымы деп атайды.

Табиғаттағы су айналымының маңызы өте зор. Ол гирдосфераның жеке бөліктерін біріктіріп қана қоймайды, сонымен қатар гидросфераны, литофераны, атмосфера мен тірі ағзаларды бір бірімен өзара байланыстырады.

        Жаңа сабақты бекіту:

1.Гидросфера деп нені айтады?

2.Физикалық картадан гидросфераның қандай бөліктерін көруге болады?

3.Су айналымы әсерінен болатын құрлық пен мұхит арасындағы байланыстар жайында айтып беріңдер.

4.Су айналымы барысында құрлыққа түсетін су неліктен тұщы болады?

Үй тапсырмасын беру-Гидросфера туралы ұғым. Дүние жүзілік су айналымы.

 Білімді бағалау



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.