Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





деңгей - 50 балл



3 деңгей - 50 балл

 

1. 6 айлық баланың ауырғанына 8 сағат уақыт болған. Баланың анасы баласының кенеттен мазасызданып, тамақ ішуден бас тартқанын айтты. Бұған дейін үлкен дәреті қалыпты болған. Ректалді тексеру кезінде «малина тәрізді желе» бөлінді анықталады.

  1. Сіздің болжам диагнозыңыз?

2. Тексеру жоспарыңыз?

3. Емдеу тактикаңыз қандай?

 

2. 14 күндік балада соңғы 2 тәулік бойы үлкен дәреті болмауы. Іші кепкен, бала нашар тамақтанады, лоқсиды. Ата-анасы тазалау клизмасын жасай алмаған, себебі анальді тесігін таппаған. Қызды қарау кезінде сыртқы жыныс органдары дұрыс қалыптасқан. Бұт аралығы нәжіспен былғанған.

  1. Сіздің болжам диагнозыңыз?

2. Тексеру жоспарыңыз?

3. Емдеу тактикаңыз қандай?

 

 

3. 7 жасар балада күшті ұстамалы іш ауырсынуы, өт араласқан қайталамалы құсу болған. Үлкен дәреті 2 тәуліктен бері жоқ. Анамнезінде 3 жасында «аппендэктомия» жасалған.

   1. Сіздің болжам диагнозыңыз?

2. Тексеру жоспарыңыз?

3. Емдеу тактикаңыз қандай?

 

4. 9 жасар бала тұрақты дене қызуының 38,0 - 39,0 ºС көтерілуіне, оң санының төменгі 1/3 ауырсынуына, екі күннен бері ақсаңдауына шағымданып келді. Қарағанда бала аяғына тұра алмайды. Жұмсақ тіндері ісінкі. Сан сүйегі перуссиясында ауырсынулы.

  1. Сіздің болжам диагнозыңыз?

2. Тексеру жоспарыңыз?

3. Емдеу тактикаңыз қандай?

 

5. 1 айлық бала солғындық, әлсіздік, бозғылттық, үш күннен бері үлкен дәреті болмауы байқалады. Анамнезінде өзіндік дәреті туылғаннан бері жоқ, тек клизма арқылы. Ата-анасы соңғы уақытта нәжіс пен газдың шығаруын қиындағанын жеткізді. Бала жағдайы нашарлаған, тамақтан бас тартады, іші ұлғайған.

  1. Сіздің болжам диагнозыңыз?

2. Тексеру жоспарыңыз?

3. Емдеу тактикаңыз қандай?

 

6. Бала қалыпты өткен айы күні жетіп туылды. Салмағы 3000 г. Іші жұмсақ, бір шама кепкен. Қарағанда, бұтаралықта анальдік тесік жоқтығы анықталады. Ортаңғы сызық бойынша терілік валик отырғыш бұдыры жақындаған. Жасы бір күндік, қан анализі: Нb- 220 г/л, Нt- 65%.

  1. Сіздің болжам диагнозыңыз?

2. Тексеру жоспарыңыз?

3. Емдеу тактикаңыз қандай?

 

7. Нәрестеде туылғаннан көп мөлшерлі көпіршікті сілекейдің бөлінуі анықталған. Туылғаннан соң 12 сағаттан кейін қарағанда баланың жағдайы ауыр. Өкпесінің екі жағында да көптеген ылғалды сырылдар естіледі, тыныс жиілігі минутына 80-ге дейін. Жүрек тондары тұйықталған, сол жақ бұғана ортасы сызығында максимальды қатты естіледі. Жүректің жиырылу жиілігі минутына 152 рет. Іші аздап кебіңкі, жұмсақ. Меконийі шықты.

  1.   Сіздің болжам диагнозыңыз?

2. Тексеру жоспарыңыз?

3. Емдеу тактикаңыз қандай?

 

8. Перзентханада ортопед жаңа туған нәрестеде «таю» және аяқтың алшақтанбау симптомдарын анықтады. Ауырсыну және қабыну белгілері анықталмайды.

  1.   Сіздің болжам диагнозыңыз?

2. Тексеру жоспарыңыз?

3. Емдеу тактикаңыз қандай?

 

9. 14 күндік нәресте басын сол жаққа қисайтып және оңға қарай бұрылған күйде ұстайды. Пальпацияда сол жақ кеуде-бұғана-емізікше бұлшық еті бойымен «ұршық» тәрізді түзілім анықталды.

     1.     Сіздің болжам диагнозыңыз?

2. Тексеру жоспарыңыз?

3. Емдеу тактикаңыз қандай?

 

10. 7 күндік нәрестеде оң аяқ басының патологиялық орналасуын таптыңыз: супинация, табандық бүгілу анықталды. 

  1.  Сіздің болжам диагнозыңыз?

2. Тексеру жоспарыңыз?

3. Емдеу тактикаңыз қандай?

 

11. 11 жасар бала сол жақ ұманың үлкеюіне және ауырсынуына шағымданады. Қарау кезінде және пальпацияда сол жақ ұма қан тамырлары «жүзім өрімі» тәрізді, тік тұрғанда толып ұлғаяды. Аталық бездері ұмада орналасқан.

  1.   Сіздің болжам диагнозыңыз?

2. Тексеру жоспарыңыз?

3. Емдеу тактикаңыз қандай?

12. Бір айлық баланың ұмасында жұмыртқаның жоқ екендігі байқалады, пальпацияда шап каналының жолында да байқалмайды. Сыртқы жыныс мүшелері еркек типті дамыған. Ұма гипоплазияланған.

1.   Сіздің болжам диагнозыңыз?

2. Тексеру жоспарыңыз?

3. Емдеу тактикаңыз қандай?

 

 

13. Нәрестені екінші тәулікте қарағанда баланың жағдайы ауыр, солғын, тері жабындылары бозарған. Жүрек тондары тұйықталған, ритімді, жиілігі минутына 130 ретке дейін. Іші түсіңкі, жұмсақ, ауырсынусыз. Құрсақ қуысының рентгенограмасында – жоғары бөлігінде 2 сұйықтық деңгейі, төменгі бөлігінде сұйықтық деңгейлер көрінбейді.

           1. Сіздің болжам диагнозыңыз?

2. Тексеру жоспарыңыз?

3. Емдеу тактикаңыз қандай?

       

14. 3 жасар қыз бала ішінің оң жағының ауыруына жиі шағымданады. Зәр анализінде лейкоцитурия 10-30 дейін анықталған. УДЗ тексеру нәтижесінде оң жақ тостағанша – астауша жүйесі кеңейгені, бүйрек паренхимасы жұқарғаны анықталды, несепағар байқалмайды.

1. Сіздің болжам диагнозыңыз?

2. Тексеру жоспарыңыз?

3. Емдеу тактикаңыз қандай?

 

15. 3 айлық қыз баланың кіндік сақинасында жұмсақ консистенциялы, мөлшері 1,5х1,5 см, іш қуысына оңай енетін, ауырсынусыз түзіліс байқалады.

1. Сіздің болжам диагнозыңыз?

2. Тексеру жоспарыңыз?

3. Емдеу тактикаңыз қандай?

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.