Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ. МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН. МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» ШЖҚ РМК. ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР ҮШІН



 


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

«МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН

МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» ШЖҚ РМК

 

 

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР ҮШІН ӘДІСТЕМЕЛІК нұсқамалар

 

Мамандығы: 5В130200 – «Стоматология»

Пән: Балалар жасындағы стоматология

Кафедра: Балалар стоматологиясы және бет-жақ хирургия

Курс - 5

 

             Құрастырған:

м.ғ.д., профессор ___________ Жаналина Б.С.

Ақтөбе, 2015

 


Кафедра отырысында талқыланды және бекітілді

№1 хаттама, 27. 08. 2015 ж.

Кафедра жетекшісі, м.ғ.д., профессор ______________Жаналина Б.С.


№1

1. Тақырыбы: Балаларда жоғарғы жақсүйекке қатысты абсцесстер мен флегмоналар. Клиникалық ағымының ерекшелігі, емі, ақыры. 

2. Мақсаты: Балаларда жоғарғы жақсүйекке қатысты абсцесстер мен флегмоналардың диагностикасы, клиникасы және емі бойынша студенттердің білімін, дағдыларды игеруді және орындай алуын қалыптастыру.

3. Оқыту міндеттері:

- балаларда жоғарғы жақсүйекке қатысты абсцесстер мен флегмоналар диагностикасын, клиникасын және емінің негіздерін білу.

- балаларда жоғарғы жақсүйекке қатысты абсцесстер мен флегмоналардың диагнозын қоя білу және емдеу принциптерін анықтау.

- сұрау, жалпы және жергілікті қарау статусы дағдыларын игеру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Балаларда бет-жақ аймағының анатомо-физиологиялық ерекшеліктері.

2. Бет-жақ аймағы іріңді-қабыну ауруларының классификациясы.

3. Бет-жақ аймағы іріңді-қабыну ауруларының этиологиясы және патогенезі.

4. Балаларда жоғарғы жақсүйектің беткей бөліміндегі абсцесстер мен флегмоналардың клиникалық ағымының және хирургиялық емінің ерекшеліктері.

5. Балаларда жоғарғы жақсүйектің терең бөліміндегі абсцесстер мен флегмоналардың клиникалық ағымының және хирургиялық емінің ерекшеліктері.

6. Балалардағы тіл флегмонасының клиникалық ағымының және хирургиялық емінің ерекшеліктері.

5. Оқу және оқыту әдістері: ауызша сұрау, студенттермен кері байланыс, дискуссиялар, шағын топтарда жұмыс, шағын топтар презентациялары, тесттік тапсырмаларды шешу, модельдер және фантомдар бойынша сұрау, қызметтік ойындар, клиникалық жағдайларды талдау, тест сұрақтарын шешу.

6. Әдебиеттер:

негізгі:

1. Лекциялық материал.

2. Супиев Т.К., Зыкеева С.К. Лекции по стоматологии детского возраста (учебное пособие).- Алматы, 2006.- 615 с.

3. Дъякова С.А. Детская хирургическая стоматология. – М. М. - 2009г. –405с.

4. Персин Л.С. и др. Стоматология детского возраста. - М.: Медицина, 2006.– 640 с.

5. Харьков Л.В., Яковенко Л.Н., Чехова И.Л. Хирургическая стоматология и челюстно-лицевая хирургия детского возраста /Под ред.Л.В.Харькова. - М.: «Книга плюс». 2005- 470с.

6. Зеленский В.А., Мухорамов Ф.С. Детская хирургическая стоматология и челюстно-лицевая хирургия.- М.: ГЭОТАР - Медиа, 2015.- 395с.

7. Жаналина Б.С., Жолдасова Н.Ж. Балалар хирургиялық стоматологиясы және жақ-бет хирургиясы.- М.: ГЭОТАР - Медиа, 2015.- 395с.

қосымша:

1. Супиев Т.К. Гнойно-воспалительные заболевания челюстно-лицевой области. – М.: Медпрес, 2001. – 160 с.

2. Топольницкий О.З., Васильев А. Ю. – Атлас по детской хирургической стоматологии и и челюстно-лицевой хирургии. - М. «ГЭ ОТАР-Медиа»  - 2010г. – 270с.

7.Бақылау:

Тесттік тапсырмалар:

1. Одонтогенді қабыну ауруларының негізгі қоздырғышы болып табылады:

А) стафиллоккоктар

В) микоплазмалар

С) стрептококктар

D) саңырауқұлақтар

Е) вирустар

Ғ) бактериодтар

G) ішек таяқшасы

Н) қарапайымдылар

Дұрыс жауап: А,С,Ғ

2. Балалардағы сүт тістесу кезіндегі ұрт аймағының одонтогенді флегмонасының себебі болып табылады:

А) жоғарғы үлкен азу тіс

В) төменгі күрек тістер

С) төменгі үлкен азу тіс

D) төменгі ит тістер

Е) жоғарғы кіші азу

Ғ) төменгі кіші азу тіс

Дұрыс жауап: А,С

3. Жайылған сипатта болатын жұмсақ тіндердің іріңді-қабыну ауруларының түрі:

А) абсцесс

В) флегмона

С) лимфаденит

D) сиалоаденит

Е) карбункул

Ғ) фурункул

Дұрыс жауап: В,Е

4. Бала 9 жаста. Диагноз: 26 тістен болған қанаттаңдай, самайасты аймағының одонтогенді флегмонасы. Аталған патологияның негізгі жергілікті симптомын болжаңыз:

А) тыныс алудың қиындауы

В) дене қызуының көтерілуі

С) тахикардия

D) ауыз ашылуының шектелуі

Е) шайнау кезіндегі ауырсыну

Ғ) «құм сағат» сиптомы

Дұрыс жауап: D,Ғ

5. Бала 7 жаста, сол жақтағы көзасты, ұрттық аймақтағы ауырсыну мен ісінуге шағымданады. Жергілікті қарау кезінде: сол жақ көзасты, ұрттық аймағының ісінуі есебінен бет асимметриясы. Аталған аймақта 5,0*4,0см инфильтрат пальпацияланады, инфильтрат үстіндегі тері гиперемияланған, ісінген, пальпация күрт ауырсынулы. Ауыз ашылуы ауырсынулы. 6.4 тістің сауыты ½ бұзылған, перкуссия ауырсынулы. Өтпелі қатпар тегістелген, гиперемияланған, ісінген. Пальпация ауырсынулы. Алғашқы диагнозды қойыңыз:

А) сол жақ бетсүйек, ұрт аймағының одонтогенді флегмонасы

В) сол жақ бетсүйек, көзасты аймағының одонтогенді флегмонасы

С) сол жақ қанаттаңдай, ұрт аймағының одонтогенді флегмонасы 

D) сол жақ қанаттаңдай, көзасты аймағының одонтогенді флегмонасы  

Е) сол жақ ұрт, көзасты аймағының одонтогенді флегмонасы 

Дұрыс жауап: Е

6. Бала 10 жаста. Оң жақ самай, құлақмаңы аймағындағы ісіну мен ауырсынуға шағымданады. Жергілікті қарау кезінде: оң жақ самай, құлақмаңы аймағындағы ісінуі есебінен бет асимметриялы. Құмсағат симптомы оң мәнді. Көздің сыртқы жиегі мен құлақ бүртігінен 60 градустағы тіке біріктірілген нүктеде ауырсыну бар. Ауыз ашылуы 1,5см дейін шектеулі. 2.6 тістің сауыты ½ бұзылған, перкуссия ауырсынулы. Ауыз қуысы кіреберісі күмбезінің өтпелі қатпары тегістелген, гиперемияланған, ісінген. Пальпация ауырсынулы. Алғашқы диагнозды қойыңыз:

А) оң жақ бетсүйек, ұрт аймағының одонтогенді флегмонасы

В) оң жақ бетсүйек, көзасты аймағының одонтогенді флегмонасы

С) оң жақ қанаттаңдай, самайасты аймағының одонтогенді флегмонасы 

D) оң жақ қанаттаңдай, көзасты аймағының одонтогенді флегмонасы  

Е) оң жақ ұрт, көзасты аймағының одонтогенді флегмонасы 

Дұрыс жауап: С

7. Балалардағы бет-жақ аймағы іріңді-қабыну аурулары кезіндегі бұрыштық вена тромбофлебитімен болатын ауыр асқынуды атаңыз:

А) менингит

В) медиастенит

С) сепсис

D) бас миының абсцессі

Е) кавернозды қуыстың тромбозы

Дұрыс жауап: Е

8. Бала 5 жаста. Диагноз: оң жақ 5.5 тістен болған көзасты, ұрт аймағының одонтогенді флегмонасы. Хирургиялық ем көлемін таңдаңыз:

А) 5.5 тісті жұлу және периостотомия

В) флегмонаны ашу

С) 5.5 тісті жұлу және флегмона пункциясы

D) 5.5 тісті жұлу және флегмонаны дренаждау

Е) флегмона пункциясы

Дұрыс жауап: D

9. Бала 12 жаста. Диагноз: сол жақ қанаттаңдай және самайасты аймағының одонтогенді флегмонасы. Интоксикацияны шығаруға арналған дәрілік препараттар кешенін таңдаңыз:

А) 5% глюкоза ерітіндісі, 0,9% натрий хлориді ерітіндісі, реополиглюкин

В) 0,9% натрий хлориді ерітіндісі, полиглюкин, тромбоцитарлы масса

С) 5% глюкоза ерітіндісі, лейкомасса, трисоль

D) 0,9% натрий хлориді ерітіндісі, эритроцитарлы масса, дисоль

Е) тромбоцитарлы масса, реополиглюкин, 10% глюкоза ерітіндісі

Дұрыс жауап: А

10. Бала 6 жаста. Диагноз: сол жақ 4.5 тістен болған самайасты, қанаттаңдай аймағының одонтогенді флегмонасы. Хирургиялық ем көлемін таңдаңыз:

А) 4.5 тісті жұлу және периостотомия

В) 4.5 тісті жұлу және флегмонаны дренаждау

С) 4.5 тісті жұлу және флегмона пункциясы

D) флегмонаны дренаждау және периостотомия

Е) периостотомия

Правильный ответ: В     

Бақылау тапсырмалары. Клиникаға 6 жастағы бала оң жақ көзасты, ұрт аймағының ісінуі мен ауырсынуына, әлсіздікке, енжарлыққа, дене кызуының 38,0С дейін көтерілгеніне шағымданып келді. 3 күн бұрын 55 тісі ауырған, содан кейін екі бұрын оң жақ ұрт аймағында ауырсынулы инфильтрат пайда болған. Тұқымқуалаушылық аурулары жоқ. Туберкулез, гепатит ауруларымен ауырмаған. Аллергоанамнез теріс. 3 жасында желшешек ауруымен ауырған.  Жалпы жағдайы орташа қатаңдықта. Тері жамылғысы бозғылт. Т-38,7С, PS-110, ЖЖЖ-28 мин.соққы. Өкпеде – везикулярлы тыныс, жүрек тондары қатты, анық. Оң жақ көзасты, ұрт аймағы жұмсақ тіндерінің ісінуі есебінен бет асимметриялы. Аталған аймақта 5,0х4,0 см инфильтрат анықталды, оның үстіндегі тері гиперемияланған, ісінген, пальпация ауырсынулы. Ауыз ашылуы ауырсынулы, 55 тістің сауыты ½ бұзылған, перкуссия ауырсынулы. 53,54,55 тістер деңгейіндегі өтпелі қатпар тегістелген, гиперемияланған, ісінген, пальпация күрт ауырсынулы. Рентгенограммада: 55 тістің медиальды түбірі аймағында 0,2х0,1 см айқын шекаралы жарықтану ошағы бар, тіс өзектері пломбыланбаған, периодонтальды саңылау кеңейген. Жалпы қан анализінде: гемоглобин - 108*10/12, лейкоциттер - 11,2*10/9, сегментядролы – 66, таяқшаядролы – 6, эозинофилдер – 2, лимфоциттер – 18, моноциттер – 8, СОЭ – 15.

1. Клиникалық диагноз қойыңыз.

2. Сұрау мәліметтерін түсіндіріңіз.

3. Жалпы қарау мәліметтерін түсіндіріңіз.

4. Жергілікті қарау мәліметтерін түсіндіріңіз.

5. Рентгенограмма мәліметтерін түсіндіріңіз.

6. Зертханалық мәліметтерді түсіндіріңіз.

7. Ажырату диагностикасын жүргізіңіз.

8. Ем жоспарын жазыңыз.

Ситуациялық есептер:

1. Бала 5 жаста. Диагноз: оң жақ ұрт аймағы аденофлегмонасы. Аталған патологияның пайда болу себебін атаңыз.

2. Бала 6 жаста. Диагноз: сол жақ көзасты аймағының одонтогенді флегмонасы. Аталған патологияның пайда болу себебін атаңыз.

3. Бала 7 жаста. Диагноз: 6.5 тістен болған сол жақ көзасты аймағының одонтогенді флегмонасы. Аталған патологияның жергілікті симптомдарын атаңыз.

4. Бала 12 жаста. Диагноз: 26 тістен болған қанаттаңдай-самайасты шұңқыры аймағының одонтогенді флегмонасы. Аталған патологияның жергілікті симптомдарын атаңыз.

5. Бала 10 жаста. Диагноз: оң жақ самай аймағы флегмонасы. Аталған патологияның жергілікті симптомдарын атаңыз.

6. Бала 9 жаста. Диагноз: 2.6 тістен болған қанаттаңдай-самайасты шұңқыры аймағының одонтогенді флегмонасы. Аталған патология кезінде іріңді экссудаттың орнын анықтаңыз.

7. Бала 5 жаста. Диагноз: 6.5 тістен болған ұрт аймағы одонтогенді флегмонасы. Аталған патологияның жергілікті симптомдарын атаңыз.

8. Бала 6 жаста. Диагноз: 6.5 тістен болған сол жақ көзасты аймағының одонтогенді флегмонасы. Аталған патология кезінде іріңді экссудаттың орнын анықтаңыз.

9. Бала 9 жаста. Диагноз: 3.6 тістен болған ұрт аймағының одонтогенді флегмонасы. Аталған патология кезінде іріңді экссудаттың орнын анықтаңыз.

10. Бала 12 жаста. Диагноз: 2.6 тістен болған ретробульбар кеңістігінің одонтогенді флегмонасы. Аталған патологияның жергілікті симптомдарын атаңыз.

 

№2

1. Тақырыбы: Балалардағы төменгі жақсүйекке қатысты абсцесстер. Клиникалық ағымының ерекшелігі, емі, ақыры. 

2. Мақсаты: Балаларда төменгі жақсүйекке қатысты абсцесстер мен флегмоналардың диагностикасы, клиникасы және емі бойынша студенттердің білімін, дағдыларды игеруді және орындай алуын қалыптастыру.

3. Оқыту міндеттері:

- балалардағы төменгі жақсүйекке қатысты абсцесстер мен флегмоналар диагностикасын, клиникасын және емінің негіздерін білу.

- балаларда төменгі жақсүйекке қатысты абсцесстер мен флегмоналардың диагнозын қоя білу және емдеу принциптерін анықтау.

- сұрау, жалпы және жергілікті қарау статусы дағдыларын игеру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Балаларда бет-жақ аймағының анатомо-физиологиялық ерекшеліктері.

2. Бет-жақ аймағы іріңді-қабыну ауруларының классификациясы.

3. Бет-жақ аймағы іріңді-қабыну ауруларының этиологиясы және патогенезі.

4. Балалардағы жоғарғы жақсүйек маңында орналасқан абсцесстер мен флегмоналардың клиникалық ағымы мен хирургиялық емінің ерекшеліктері.

5. Балаларда төменгі жақсүйектің беткей бөліміндегі абсцесстер мен флегмоналардың клиникалық ағымының және хирургиялық емінің ерекшеліктері.

6. Балаларда төменгі жақсүйектің терең бөліміндегі абсцесстер мен флегмоналардың клиникалық ағымының және хирургиялық емінің ерекшеліктері.

7. Балалардағы тіл флегмонасының клиникалық ағымының және хирургиялық емінің ерекшеліктері.

5. Оқу және оқыту әдістері: ауызша сұрау, студенттермен кері байланыс, дискуссиялар, шағын топтарда жұмыс, шағын топтар презентациялары, тесттік тапсырмаларды шешу, модельдер және фантомдар бойынша сұрау, қызметтік ойындар, клиникалық жағдайларды талдау, тест сұрақтарын шешу.

6. Әдебиеттер:

негізгі:

1. Лекциялық материал.

2. Супиев Т.К., Зыкеева С.К. Лекции по стоматологии детского возраста (учебное пособие).- Алматы, 2006.- 615 с.

3. Дъякова С.А. Детская хирургическая стоматология. – М. М. - 2009г. –405с.

4. Персин Л.С. и др. Стоматология детского возраста. - М.: Медицина, 2006.– 640 с.

5. Харьков Л.В., Яковенко Л.Н., Чехова И.Л. Хирургическая стоматология и челюстно-лицевая хирургия детского возраста /Под ред.Л.В.Харькова. - М.: «Книга плюс». 2005- 470с.

6. Зеленский В.А., Мухорамов Ф.С. Детская хирургическая стоматология и челюстно-лицевая хирургия.- М.: ГЭОТАР - Медиа, 2015.- 395с.

7. Жаналина Б.С., Жолдасова Н.Ж. Балалар хирургиялық стоматологиясы және жақ-бет хирургиясы.- М.: ГЭОТАР - Медиа, 2015.- 395с.

қосымша:

1. Супиев Т.К. Гнойно-воспалительные заболевания челюстно-лицевой области. – М.: Медпрес, 2001. – 160 с.

2. Топольницкий О.З., Васильев А. Ю. – Атлас по детской хирургической стоматологии и и челюстно-лицевой хирургии. - М. «ГЭ ОТАР-Медиа»  - 2010г. – 270с.

7.Бақылау:

Тесттік тапсырмалар:

1. Одонтогенді емес қабыну ауруларының жиі жағдайда қоздырғышы болып табылады:

А) стафиллококктар

В) микоплазмалар

С) Стрептококктар

D) саңырақұлақтар

Е) вирустар

Ғ) бактериялар

G) ішек таяқшасы

Н) қарапайымдылар

Дұрыс жауап: А,С,Ғ

2. Балалардағы сүт тістесу кезіндегі жақасты аймағының одонтогенді флегмонасының себебі болып табылады:

А) жоғарғы үлкен азу тіс

В) төменгі күрек тістер

С) төменгі үлкен азу тіс

D) төменгі ит тістер

Е) жоғарғы кіші азу тіс

Ғ) төменгі кіші азу тіс

Дұрыс жауап: С, Ғ

3. Жұмсақ тіндердің шектелген іріңді қабыну түрі болып табылады:

А) абсцесс

В) флегмона

С) аденофлегмона

D) целлюлит

Е) карбункул

Ғ) фурункул

Дұрыс жауап: А, Ғ

4. Бала 9 жаста. Диагноз: 3.6 тістен болған құлақмаңы-шайнау аймағының одонтогенді флегмонасы. Аталған патологияның негізгі жергілікті симптомын атаңыз:

А) тыныс алудың қиындауы

В) температураның жоғарылауы

С) тахикардия

D) ауыз ашылуының шектелуі

Е) шайнау кезіндегі ауырсынулар

Дұрыс жауап : D

5. Бала 7 жаста. Жұтыну кезіндегі күрт ауырсыну және ауыздың ашылмауына шағымданады. Қарау кезінде: сол жақ жақасты аймағының жұмсақ тіндерінің ісінуі есебінен бет асимметриялы. Ауыз ашылуы 1,5 см дейін шектелген, 3.6 тіс – сауыты ½ бұзылған, перкуссия ауырсынулы, қанат-жақ қатпары гиперемияланған, ісінген, пальпация күрт ауырсынулы. Алғашқы диагнозды қойыңыз:

А) ұрт аймағының одонтогенді абсцессі

В) самай аймағының одонтогенді абсцессі

С) құлақмаңы-шайнау аймағының одонтогенді абсцессі

D) жақасты аймағының одонтогенді абсцессі

Е) қанат-жақ кеңістігінің одонтогенді абсцессі

Дұрыс жауап : Е

6. Бала 5 жаста. Оң жақасты аймағының ісінуімен мен ауырсынуына шағымданады. Жергілікті қарау кезінде: оң жақасты аймағының жұмсақ тіндерінің ісінуі есебінен бет асимметриялы. Аталған аймақта инфильтрат 6,0х4,0 см, инфильтрат үстіндегі тері гиперемияланған, ісінген, пальпация ауырсынулы. Ауыз ашылуы ауырсынулы. 8.5 тіс – сауыты 2/3-ге бұзылған, перкуссия ауырсынулы, оң жақ тіласты науасы гиперемияланған, ісінген, пальпация ауырсынулы. Алғашқы диагнозды қойыңыз:

А) ұрт аймағының одонтогенді флегмонасы

В) самай аймағының одонтогенді флегмонасы

С) құлақмаңы-шайнау аймағының одонтогенді флегмонасы

D) жақасты аймағының одонтогенді флегмонасы

Е) қанат-жақ кеңістігінің одонтогенді флегмонасы

Дұрыс жауап: D

7. Балалардағы бет-жақ аймағы іріңді-қабыну процестері кезіндегі ауыр асқынуды атаңыз:

А) менингит

В) медиастенит

С) сепсис

D) бас миының абсцессі

Е) кавернозды қойнау тромбозы

Дұрыс жауап: С

8. Бала Т., 5 жаста. Диагноз: 8.5 тістен болған оң жақасты және қанат-жақ аймағының одонтогенді флегмонасы. Хирургиялық ем көлемін таңдаңыз:

А) 8.5 тісті жұлу және периостотомия

В) флегмонаны ашу

С) 8.5 тісті жұлу және флегмонаны пункциялау

D) 8.5 тісті жұлу және флегмонаны дренаждау

Е) флегмонаны пункциялау

Дұрыс жауап: D

9. Бала А., 12 жаста. Диагноз: ауыз қуысы түбінің одонтогенді флегмонасы. Интоксикацияны шығаруға арналған дәрілік препараттар кешенін таңдаңыз:

А) 5% глюкоза ерітіндісі, 0,9% натрий хлориді ерітіндісі, реополиглюкин

В) 0,9% натрий хлориді ерітіндісі, полиглюкин, тромбоцитарлы масса

С) 5% глюкоза ерітіндісі, лейкомасса, трисоль

D) 0,9% натрий хлориді ерітіндісі, эритроцитарлы масса, дисоль

Е) тромбоцитарлы масса, реополиглюкин, 10% глюкоза ерітіндісі

Дұрыс жауап: А

10. Бала Д., 6 жаста. Диагноз: 8.5 тістен болған құлақмаңы-шайнау аймағының одонтогенді флегмонасы. Хирургиялық ем көлемін таңдаңыз:

А) 8.5 тісті жұлу және периостотомия

В) 8.5 тісті жұлу және флегмонаны дренаждау

С) ) 8.5 тісті жұлу және флегмонаны пункциялау

D) флегмонаны дренаждау және периостотомия

Е) периостотомия

Дұрыс жауап : В              

Бақылау тапсырмасы. Клиникаға 10 жасар бала оң жақасты аймағының ауырсынуына, ісінуіне, ауызының ашылуының шектелуіне, жұтыну кезіндегі ауырсынуға, әлсіздікке, енжарлыққа, дене температурасының 38,0С дейін көтерілгендігіне шағымданып келді. 3 күн бұрын 4.6 тіс аймағында ауырсыну және 2 күн бұрын оң жақ жақасты аймағында ауырсынулы инфильтрат пайда болған. Тұқымқуалаушылық аурулары жоқ. Туберкулез, гепатит ауруларымен ауырмаған. Аллергоанамнез теріс. 3 жасында желшешекпен ауырған. Жалпы жағдайы орташа қатаңдықта. Тері жамылғысы бозғылт. Т-38,7С, PS-110, ЖЖЖ-28 минутына соққы. Өкпеде – везикулярлы тыныс, жүрек тондары қатты, анық. Оң жақ жақасты аймағының жұмсақ тіндерінің ісінуі есебінен бет асимметриялы. Аталған аймақта 6,0х4,0 см инфильтрат анықталады, оның үстіндегі тері гиперемияланған, ісінген, пальпация ауырсынулы. Ауыз ашылуы 1,5 см дейін шектелген, 4.6 тіс сауыты ½ бұзылған, перкуссия ауырсынулы, тіласты білігі гиперемияланған, қанат-жақ қатпары гиперемияланған, ісінген, пальпация күрт ауырсынулы. Рентгенограммада: 4.6 тістің медиальды түбірі аймағында 0,2х0,1 см айқын шекаралы жарықтану ошағы бар, тіс өзектері пломбыланбаған, периодонтальды саңылау кеңейген. Жалпы қан анализінде: гемоглобин – 108*10/12, лейкоциттер – 11,2*10/9, сегментядролы – 66, таяқшаядролы – 6, эозинофилдер – 2, лимфоциттер – 18, моноциттер – 8, ЭТЖ – 15.

1. Клиникалық диагноз қойыңыз.

2. Сұрау мәліметтерін түсіндіріңіз.

3. Жалпы қарау мәліметтерін талдаңыз.

4. Жергілікті қарау мәліметтерін талдаңыз.

5. Рентгенограмма мәліметтерін түсіндіріңіз.

6. Зертханалық мәліметтерді талдаңыз.

7. Ажырату диагностикасын жүргізіңіз.

8. Ем жоспарын жазыңыз.

Ситуациялық есептер:

1. Бала 5 жаста. Диагноз: оң жақасты аймағының одонтогенді флегмонасы. Аталған патологияның пайда болу себебін атаңыз.

2. Бала 6 жаста. Диагноз: оң жақ ұрт аймағы аденофлегмонасы. Анамнезінде: 2 апта бұрын жарақат алған. Аталған патологияның пайда болу себебін атаңыз.

3. Бала 9 жаста. Диагноз: 3.6 тістен болған қанат-жақ кеңістігінің одонтогенді флегмонасы. Аталған патологияның жергілікті симптомдарын атаңыз.

4. Бала 12 жаста. Диагноз: 4.6 тістен болған құлақмаңы-шайнау аймағының одонтогенді флегмонасы. Аталған патологияның жергілікті симптомдарын атаңыз.

5. Бала 10 жаста. Диагноз: ауыз қуысы түбінің одонтогенді флегмонасы. Аталған патологияның жергілікті симптомдарын атаңыз.

6. Бала 9 жаста. Диагноз: 4.6 тістен болған қанат-жақ кеңістігінің одонтогенді флегмонасы. Аталған патология кезіндегі іріңді экссудаттың орналасу орнын анықтаңыз.

7. Бала 5 жаста. Диагноз: 7.5 тістен болған жақасты аймағының одонтогенді флегмонасы. Аталған патологияның жергілікті симптомдарын атаңыз.

8. Бала 6 жаста. Диагноз: 6.5 тістен болған жақасты аймағының одонтогенді флегмонасы. Аталған патология кезіндегі іріңді экссудаттың орналасу орнын анықтаңыз.

9. Бала 9 жаста. Диагноз: 3.6 тістен болған құлақмаңы-шайнау аймағының одонтогенді флегмонасы. Аталған патология кезіндегі іріңді экссудаттың орналасу орнын анықтаңыз.

10. Бала 12 жаста. Диагноз: ауыз қуысы түбінің одонтогенді флегмонасы. Аталған патология кезіндегі іріңді экссудаттың орналасу орнын анықтаңыз.

 


№3

1. Тақырыбы: Балалар бет-жақ аймағындағы фурункул және карбункул. Клиникалық ағымының ерекшелігі, емі, ақыры. 

2. Мақсаты: Балалар бет-жақ аймағындағы фурункул және карбункулдың диагностикасы, клиникасы және емі бойынша студенттердің білімін, дағдыларды игеруді және орындай алуын қалыптастыру.

3. Оқыту міндеттері:

- балалар бет-жақ аймағындағы фурункул және карбункул диагностикасын, клиникасын және емінің негіздерін білу.

- балалар бет-жақ аймағындағы фурункул және карбункул диагнозын қоя білу және емдеу принциптерін анықтау.

- сұрау, жалпы және жергілікті қарау статусы дағдыларын игеру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Балаларда бет-жақ аймағының анатомо-физиологиялық ерекшеліктері.

2. Балалар бет-жақ аймағындағы фурункул этиологиясы және патогенезі.

3. Балалар бет-жақ аймағындағы фурункул диагностикасы және клиникалық ағымының ерекшелігі.

4. Балалар бет-жақ аймағындағы карбункул этиологиясы және патогенезі.

5. Балалар бет-жақ аймағындағы карбункул диагностикасы және клиникалық ағымының ерекшелігі.

6. Балалар бет-жақ аймағы фурункулының кешенді емінің ерекшеліктері. 

7. Балалар бет-жақ аймағы карбункулының кешенді емінің ерекшеліктері. 

8. инфекцияның таралу жолдары, асқынулары.

5. Оқу және оқыту әдістері: ауызша сұрау, студенттермен кері байланыс, дискуссиялар, шағын топтарда жұмыс, шағын топтар презентациялары, тесттік тапсырмаларды шешу, модельдер және фантомдар бойынша сұрау, қызметтік ойындар, клиникалық жағдайларды талдау, тест сұрақтарын шешу.

6. Әдебиеттер:

негізгі:

1. Лекциялық материал.

2. Супиев Т.К., Зыкеева С.К. Лекции по стоматологии детского возраста (учебное пособие).- Алматы, 2006.- 615 с.

3. Дъякова С.А. Детская хирургическая стоматология. – М. М. - 2009г. –405с.

4. Персин Л.С. и др. Стоматология детского возраста. - М.: Медицина, 2006.– 640 с.

5. Харьков Л.В., Яковенко Л.Н., Чехова И.Л. Хирургическая стоматология и челюстно-лицевая хирургия детского возраста /Под ред.Л.В.Харькова. - М.: «Книга плюс». 2005- 470с.

6. Зеленский В.А., Мухорамов Ф.С. Детская хирургическая стоматология и челюстно-лицевая хирургия.- М.: ГЭОТАР - Медиа, 2015.- 395с.

7. Жаналина Б.С., Жолдасова Н.Ж. Балалар хирургиялық стоматологиясы және жақ-бет хирургиясы.- М.: ГЭОТАР - Медиа, 2015.- 395с.

қосымша:

1. Супиев Т.К. Гнойно-воспалительные заболевания челюстно-лицевой области. – М.: Медпрес, 2001. – 160 с.

2. Топольницкий О.З., Васильев А. Ю. – Атлас по детской хирургической стоматологии и и челюстно-лицевой хирургии. - М. «ГЭ ОТАР-Медиа»  - 2010г. – 270с.

7.Бақылау:

Тесттік тапсырмалар:

1. Бет-жақ аймағы абсцедирленген фурункулы және карбункулының негізгі қоздырғышы болып табылады:

А) стафиллококктар

В) микоплазмалар

С) стрептококктар

D) саңырауқұлақтар

Е) вирустар

Ғ) бактероидтар

G) ішек таяқшасы

Н) қарапайымдылар

Дұрыс жауап: А,С,Ғ

2 Бет-жақ аймағы абсцедирленген фурункулы және карбункулының себебі болып табылады:

А) иммунитеттің төмендеуі

В) жарақаттық зақымданулар  

С) тіс жұлу  

D) вирусты аурулар

Е) инфекционды аурулар

Дұрыс жауап: А

3. Жұмсақ тіндердің жайылған сипаттағы іріңді-қабыну ауруының түрі болып табылады :

А) абсцесс

В) карбункул

С) лимфаденит

D) сиалоденит

Е) фурункул

Ғ) флегмона

Дұрыс жауап: В,Ғ

4. Бала  8 жаста. Диагноз: оң жақ жоғарғы еріннің абсцедирленген фурункулы. Аталған патологияда негізгі жергілікті симптомды атаңыз:

А) қабыну инфильтратының айқын нұсқасы

В) тері жамылғысының гиперемиясы

С) қабықшамен жабылған іріңді өзек

D) ауыз ашылуының шектелуі

Е) жұтыну кезіндегі ауырсыну

Ғ) тері жамылғысы бозғылт

Дұрыс жауап: А,С

5. Бала 7 жаста. Сол жақ ұрт аймағының ауырсынуы мен ісінуіне шағымданады. Жергілікті қарау кезінде: сол жақ ұрт аймағы жұмсақ тіндерінің ісінуі есебінен бет асимметриялы. Аталған аймақта инфильтрат көлемі 5,0*4,0 см, оның үстіндегі тері гиперемияланған, ісінген. Инфильтрат ортасында қабықшамен жабылған 4 іріңдің өзек бар. Пальпация ауырсынады. Алғашқы диагнозды қойыңыз:

А) ұрт аймағының абсцессі

В) ұрт аймағының карбункулы

С) құлақмаңы-шайнау аймағы абсцессі

D) ұрт аймағының абсцедирленген фурункулі

Е) ұрт аймағы флегмонасы

Дұрыс жауап: В

6. Бала 6 жаста. Оң жақасты аймағының ауырсынуы мен ісінуіне шағымданады. Жергілікті тексеру кезінде: оң жақасты жұмсақ тіндерінің ісінуі есебінен бет асимметриялы. Аталған аймақта 3,0х3,0 см инфильтрат бар, оның үстіндегі тері гиперемияланған, ісінген. Инфильтрат ортасында қабықшамен жабылған 1 іріңді өзек бар, пальпация ауырсынулы. Алғашқы диагнозды қойыңыз:

А) жақасты аймағының абсцессі

В) жақасты аймағының карбункулы

С) құлақмаңы-шайнау аймағының абсцессі

D) жақасты аймағының абсцедирленген фурункулы

Е) ұрт аймағының флегмонасы

Дұрыс жауап: D

7. Балалар бет-жақ аймағы карбункулы кезіндегі ауыр асқынуды атаңыз:

А) менингит

В) медиастенит

С) сепсис

D) бас миының абсцессі

Е) кавернозды қойнау тромбозы

Дұрыс жауап: Е

8. Бала 5 жаста. Диагноз: оң жақ ұрт аймағы карбункулы. Хирургиялық араласу кезіндегі тілік түрін таңдаңыз:

А) сызықтық

В) инфильтрат ортасынан

С) инфильтраттың төменгі жиегінен

D) крест тәрізді тілік

Е) инфильтраттың жоғарғы жиегінен

Дұрыс жауап: D

9. Бала 10 жаста. Диагноз: оң жақ құлақмаңы-шайнау аймағының абсцедирленген фурункулы. Интоксикацияны шығаруға арналған дәрілік препараттар кешенін таңдаңыз:

А) 5% глюкоза ерітіндісі, 0,9% натрий хлориді ерітіндісі, реополиглюкин

В) 0,9% натрий хлориді ерітіндісі, полиглюкин, тромбоцитарлы масса

С) 5% глюкоза ерітіндісі, лейкомасса, трисоль

D) 0,9% натрий хлориді ерітіндісі, эритроцитарлы масса, дисоль

Е) тромбоцитарлы масса, реополиглюкин, 10% глюкоза ерітіндісі

Дұрыс жауап: А

10. Бала 5 жаста. Диагноз: оң жақ мұрын-ерін қатпары аймағындағы абсцедирленген фурункул. Хирургиялық араласу кезіндегі тілік түрін таңдаңыз:

А) бұрыштық көктамырдың қиылысуымен инфильтраттың ортасынан

В) бұрыштық көктамырдың қиылысуымен инфильтраттың төменгі жиегінен

С) бұрыштық көктамырдың қиылысуымен крест тәрізді тілік

D) бұрыштық көктамырдың қиылысуымен инфильтраттың жоғарғы жиегінен

Е) бұрыштық көктамырдың қиылысуымен өтпелі қатпардан 

Дұрыс жауап: А

Бақылау тапсырмасы. Клиникаға 12 жастағы бала оң жақ ұрт аймағының ауырсынуына, ісінуіне, әлсіздікке, енжарлыққа, дене температурасының 38,0С  дейін көтерілуіне шағымданып келді. Қыз бала «бөртпені» сығуға тырысқан, содан кейін жағдайы нашарлаған. Тұқымқуалаушылық аурулары жоқ. Туберкулез, гепатит ауруларымен ауырмаған. Аллергоанамнез – шоколад пен цитрусқа аллергия. 5 жасында желшешек ауруымен ауырған.

Жалпы жағдайы орташа қатаңдықта. Тері жамылғысы бозғылт. Т-38,7С, PS-110, ЖЖЖ - 28 соққы минутына. Өкпеде - везикулярлы тыныс, жүрек тондары қатты, айқын. Оң жақ ұрт аймағы жұмсақ тіндерінің ісінуі есебінен бет асимметриялы. Аталған аймақта 5,0х4,0 см инфильтрат анықталады, оның үстіндегі тері гиперемияланған, ісінген, инфильтрат ортасында іріңдік өзек бар, пальпация ауырсынулы. Ауыз ашылуы ауырсынулы. Ауыз қуысында өзгеріс жоқ.

Жалпы қан анализінде: гемоглобин – 100*10/12, лейкоциттер – 20,0*10/9, сегментядролы – 64, таяқшаядролы – 12, эозинофилдер – 6, лимфоциттер – 10, моноциттер – 8, СОЭ – 15.

1. Клиникалық диагноз қойыңыз.

2. Шағымдарды талдаңыз.

3. Ауру тарихы мен өмір тарихы мәліметтерін талдаңыз.

4. Жалпы қарау мәліметтерін талдаңыз.

5. Жергілікті қарау мәліметтерін түсіндіріңіз.

6. Зертханалық мәліметтерді талдаңыз.

7. Ажырату диагностикасын жүргізіңіз.

8. Ем жоспарын жазыңыз.

Ситуациялық есептер:

1. Бала 6 жаста. Диагноз: оң жақасты аймағының абсцедирленген фурункулы. Аталған патологияның пайда болу себебін атаңыз.

2. Бала 9 жаста. Диагноз: оң жақ ұрт аймағы карбункулы. Анамнезінде: 2 апта бұрын қызылшамен ауырған. Аталған патологияның пайда болу себебін атаңыз.

3. Бала 10 жаста. Диагноз: Маңдай аймағының абсцедирленген фурункулы. Жергілікті  статусты сипаттаңыз.

4. Бала 10 жаста. Диагноз: сол жақ ұрт аймағының карбункулы. Жергілікті статусты сипаттаңыз.

5. Бала 12 жаста. Диагноз: оң жақ құлақмаңы-шайнау аймағының карбункулы. аймағының абсцедирленген фурункулы.

6. Бала 10 жаста. Диагноз: оң жақ ұрт аймағының абсцедирленген фурункулы. Аталған патология кезінде іріңді экссудат қайда орналастының атаңыз.

7. Бала 7 жаста. Диагноз: иекасты аймағының карбункулы. Жергілікті  статусты сипаттаңыз.

8. Бала 7 жаста. Диагноз: мұрын-ерін қатпары аймағы карбункулы. Инфекцияның таралу жолдарын және мүмкін болатын асқынуларды атаңыз.

9. Бала 10 жаста . Диагноз: жоғарғы ерін аймағы карбункулы. Хирургиялық араласу кезіндегі тілік түрін атаңыз.

10. Бала 10 жаста. Диагноз: мұрын-ерін қатпары аймағы абсцедирленген фурункулы. Хирургиялық араласу кезіндегі тілік түрін атаңыз.

 

 

№4

1. Тақырыбы: Балалар жақсүйектерінің жедел одонтогенді остеомиелиті. Клиникалық ағымының, диагностикасының және хирургиялық емінің ерекшелігі.

2. Мақсаты: Балалар жақсүйектерінің жедел одонтогенді остеомиелитін диагностикалау бойынша теориялық және тәжірбиелік дағдыларды студенттерде қалыптастыру.

3. Оқыту міндеттері:

- балалар жақсүйектерінің жедел одонтогенді остеомиелиті диагностикасын, клиникасын және емінің негіздерін білу.

- балалар жақсүйектерінің жедел одонтогенді остеомиелиті диагнозын қоя білу және емдеу принциптерін анықтау.

- сұрау, жалпы және жергілікті қарау статусы дағдыларын игеру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Балалар жақсүйектерінің АФЕ.

2. Остеомиелит классификациясы.

3. Балалар жақсүйектерінің жедел одонтогенді остеомиелитінің этиологиясы, патогенезі.

4. Клиникалық ағымының, диагностикасының ерекшеліктері.

5. Же



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.