Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Борпылдақ мембранадағы биологиялық ерітінділер мен суспензияны селективті бөлудің басты заңдылықтары.



Борпылдақ мембранадағы биологиялық ерітінділер мен суспензияны селективті бөлудің басты заңдылықтары.

Сұйықтары бөлудің негізгі мембраналық әдістеріне кері осмос, ультра – микрофильтрация жатады. Бұл әдістердің ортақ сипаттамалары – ерітінділер мен суспензиялардың компонеттерін әр түрлі өткізгіштігі, қозғалтқыш күш ретінде артық қысымды қолдануы, концентрлі поляризациямен күресу әдістері.

Микрофильтрацияны бөлінуші жүйенің фазалық күйіне байланысты, ал ультрафильтрация мен кері осмосты өткізгіштік механизмі бойынша шектеу керек.

Кері осмостық мембраналар 1 - 10 – 4 мкм артық бөлшектерді ұстауға, ал ультрафильтрация мөлшері 1 – 10 – 3 мкм бөлшектерді ұстауға, яғни бұл мембраналар органикалық иондар мен молекулаларды ұстауға қабілетті. Сәйкесінше микрофильтрация 5 – 10 – 2 – ден 10 мкм дейінгі бөлшектерді ұстайды.

Дегенмен әр түрллі мембраналық әдістердің шегін табу мүмкін емес.

Микрофильтрацияның физикалық негіздері

Ерітінділер мен суспензияларды микрофильтрация әдісімен бөлу бөлінетін молекулалар мен бөлшектердің гидродинамикалық мөлшеріне негізделген. Бөлу процесі жартылай өткізгіштік теория мен механизмі мембрана арқылы өтетін бөлшектердің физико – химиялық, молекулааралық факторларына байланысты сипатталады.

Процестің анализі мен есептеулері бірыңғай позицияда жүргізіледі. Бұл процестердің барысында мембаранада әдетте тұнба қабаты түзіледі де бөлу кезінде қиындықтар туғызады.

Ерітіндінің және еріген заттың құрылымы ультра – микрофильтрация процесіне маңызды әсер етеді.

Микрофильтрацияның қолдану обьектісі – дисперсиялық ортасы мен дисперсті фазасы бар коллоидты жүйелер. Бұл фазаларды бөлуде көбінесе сұйықтықты микрофильтрациялау мақсаты тұрады.

Бөлудің барлық процестерінде басты рөлді бөлшектердің адгезиялық және электростатикалық әрекеттестігі алады.

Биологиялық жасушалық обьектілер лиофильді жүйені көрсетеді. Олар үшін лиофобты жүйеге қарағанда дисперсті фазаның заттарының дисперсті ортамен молеклааралық әрекеттесуі тән. Мұндай әрекеттесу дисперсті фаза бөлшектерінің айналасына гидратты қабықшаның түзілуіне әкеледі. Сонымен қатар микроағзалар жасушасының заряды болады. Зарядтың көлемі әр түрлі болады. Бір түрлі микроағза үшін ортаның жағдайына байланысты зарядтың көлемі өзгеріп отырады. Жасушада зарядтың болуы биологиялық суспензияны электролиттердің ерітіндісі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.