Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





жыл 12-13 қыркүйек



Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ «Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту жөніндегі іс-шаралар кешені» мемлекеттік гранты шеңберінде өткізілетін OTAUFEST «Жас отбасылар Фестивалі» туралы

ЕРЕЖЕ

2020 жыл 12-13 қыркүйек

 

1. Жалпы ереже

Жас отбасылар фестивалін (бұдан әрі - Фестиваль) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің (бұдан әрі - ҚР АҚДМ) қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі- АБҚО) «Бөпе» отбасы және неке институтын жаңғырту қоғамдық қорымен» әріптестікте «Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту жөніндегі іс – шаралар кешені» мемлекеттік гранттық жобасы шеңберінде «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ өткізеді.

Фестивальдің мақсаты- жастар арасында отбасы және отбасылық құндылықтар институтын нығайтуға ықпал ету, отбасы құндылықтарын дәріптеу, отбасы мүшелерін жақындастыру және біріктіру.

Ұйымдастырушы – «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ «Бөпе» отбасы және неке институтын жаңғырту қоғамдық қорымен», ҚР АҚДМ және АБҚО КЕАҚ әріптестікте.

«Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ мен «Бопе» отбасы және неке институтын жаңғырту» ҚҚ серіктестігі келесідей:

· Жас отбасылар фестивалінің бағдарламасын әзірлеу;

· Фестиваль туралы Ережені әзірлеу;

· Әлеуметтік желілерде Фестивальді өткізу туралы ақпаратты дәріптеуді қамтамасыз ету;

· Фестивальдің қазылар алқасының құрамын анықтау;

· Қазылар алқасының мүшелеріне ақпараттық хаттар мен шақыру билеттерін тарату;

· Фестиваль қатысушыларына және барлық мүдделі ҮЕҰ-ға, мемлекеттік құрылымдарға, қазақстандық БАҚ-қа фестивальдің баспасөз-релизін екі тілде дайындау және тарату;

· Фестивальді өткізуге техникалық, жарықтық және дыбыстық сүйемелдеуді қамтамасыз ету;

· Фестиваль аяқталғаннан кейін 3 күн ішінде тапсырыс берушіге аудио және бейне материалдарды бере отырып, фестивальдің фото және бейне түсірілімін қамтамасыз ету;

· Фестиваль қатысушыларына кеңес берудің техникалық мүмкіндіктерімен қамтамасыз ете отырып, сарапшылардың, фестиваль қатысушыларының (психологтардың, әлеуметтік қызметкерлердің, заңгерлердің, медицина қызметкерлерінің және т. б.) тізімін айқындау және тапсырыс берушімен келісу;

· Фестивальдің тақырыптық алаңдарының тізімін жасау (кемінде 5) және фестиваль басталғанға дейін кемінде 1 апта бұрын фестивальдің барлық қатысушыларына ZOOM платформасындағы сілтемелер тізімін тарату.

· Фестивальға қатысушылардың тізімін, Қазақстанның барлық 17 өңірінен 51 жас отбасы жұбын бекіту және Тапсырыс берушімен келісу.

· Фестивальге кемінде 51 қазақстандық жас отбасылық жұптың тікелей қатысуын қамтамасыз ету.

· Фестивальге кемінде 1000 қазақстандық отбасылық жұптың жанама қатысуын қамтамасыз ету.

· Фестивальға қатысу үшін Қазақстанның 17 өңірінен жас отбасылық жұптардан (29 жасқа дейін) өтінімдерді іріктеуді ұйымдастыру және қатысу.

· Фестиваль аяқталғаннан кейін 2 күн ішінде 3 әлеуметтік желіде (Facebook, Instagram, Telegram) фестиваль қатысушыларының екі тілде кемінде 30 пікірімен қамтамасыз ету.

· Жеңімпаздардың және лауреаттардың тізімін алдын ала Тапсырыс берушімен келісе отырып, фестиваль қатысушыларына жеңімпаздардың бағалы сертификаттарын беру.

· Жарияланымдардың мәтінін Тапсырыс берушімен алдын ала келісіп, қазақстандық БАҚ-та фестиваль туралы кемінде 3 жарияланымды қамтамасыз ету.

· Фестиваль өткізілгеннен кейін 1 аптадан кешіктірмей фестиваль өткізу нәтижелері бойынша хаттаманы дайындау және Тапсырыс берушімен бекіту.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.