Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Мазмұны. Математика мамандығы бойынша қабылдау емтиханының мақсаттары мен шарттары.



 

ӘЛ- ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

                                                                                «БЕКІТІЛДІ»

                                                             әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің

                                                                            ғылыми-әдістемелік кеңесінде

                                                             «___» ____________ 2012 ж. 

                                                              Хаттама №___

                                                              

 «6М060100-Математика» мамандығы бойынша

МАГИСТРАТУРАҒА ҚАБЫЛДАУ  ЕМТИХАН

 Б А Ғ Д А Р Л А М А С Ы

 

АЛМАТЫ 2012

«6М060100-Математика»мамандығы бойынша 7.09.024-2008 Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты негізінде Іргелі математика кафедрасының меңгерушісі ф.м.ғ.д., профессор Кангужин Б.Е., Дифференциалдық теңдеулер және басқару теориясы кафедрасының меңгерушісі ф.м.ғ.д., профессор С.Т. Мухамбетжанов жасаған.

 

 

Бағдарлама Іргелі математика, дифференциалдық теңдеулер және басқару теориясы кафедраларының мәжілісінде қарастырылды

Хаттама №    «___» ______________ 2012 ж.

 

Іргелі математика кафедрасының меңгерушісі ____________ Б.Е.Кангужин

 

Дифференциалдық теңдеулер және басқару теориясы

кафедрасының меңгерушісі           ________________ С.Т. Мухамбетжанов  

 

Факультеттің әдістемелік бюросының мәжілісі мақұлдаған

Хаттама №    «___» ______________ 2012 ж.

 

Әдістемелік бюро төрағасы______________ Елеуов А.А.

 

Бағдарлама факультеттің Ғылыми Кеңесінде бекітілген

Хаттама №    «___» ______________ 2012 ж.

 

Ғылыми кеңес төрағасы ,

Факультет деканы т.ғ.д. _____________________  Д.Ж. Ахмед-Зәки

 

Ғылыми хатшы п.ғ.к.         ______________________ Л.Н. Оразбекова

 

 

Мазмұны

1. Математика мамандығы бойынша қабылдау емтиханының мақсаттары мен шарттары.

Бағдарлама мақсаты - фундаменталдық теоретикалық зерттеуде жедел әрі квалификацияланған өңдеу жүргізуге және заманауи математиканың мәселелеріндегі тәжірибелік жұмыстар үрдісінде жаңа тәжірибелер алуға қажетті математика аймағынжа жоғары квалификация, білім қорын алуға қауқарлы әрі жоғары ниеті бар тұлғаларды қалыптастыру.

Емтихан қабылдау барысы – ауызша.

 

2. Магитратураға түсушілердің дайындық деңгейіне талаптар. Бағдарламаны игеруге академиялық дәрежесі бакалавр, ғылыми дәрежесі ғылым кандидатынан төмен мамандар қабылданады.

Оқуға түсуші магистратурада оқуға және математика аймағында зерттеулер жүргізуге дайын болуы қажет. Оқуға түсуші заманауи зерттеулердің әртүрлі , сондай-ақ түрлі есептеулер жүргізу үшін арнайы мамандандырылған компьютерлік бағдарламаларды меңгеруі тиіс . Сонымен қатар , оқуға түсушінің келесі ғылыми-әдістемелік қабілетімен бейім болуы қажет:

  • зерттеудің мақсаты , мәселені ажыратып құра білу ;
  • заманауи технологиялар көмегімен ақпараттық-аналитикалық және ақпараттық-библиографиялық жұмыстар жүргізе білу;
  • жиналған ақпаратты қорытып, алынған нәтижелерді жеткізе білу;
  • жасалған жұмыстарды заманауи талаптарға сай есеп, реферат, мақала түрінде қорытындылай алу.

3. Білім беру бағдарламасының перереквизиттері:

Алгебра, аналитикалық геометрия, математикалық талдау 1, 2, 3, 4, дифференциалдық геометрия, дифференциалдық теңдеулер.

 

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.