Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





л – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті



            Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

                География және табиғатты пайдалану факультеті

                      Метеорология және гидрология факультеті


        СӨЖ

Тақырыбы: Нақты компаниядағы баға саясаты

                                                    Орындаған: 3-курс студенті

                                                                           Капсатарова Б. К.

                                                              Қабылдаған: Тургинбаева А.Н.

                                     Алматы-2017

Жоспар :

I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім.

1. Баға саясаты.

2. ОАО "Газ-пром" монополист кəсіпорны.

 III. Қорытынды.

IV. Пайдаланған әдебиеттер.

                                       

                             Кіріспе

  Баға саясаты дегеніміз, өз өнімдеріне қалыптасқан бағалар көмегімен, жүзеге асырылатын кәсіпорынның мақсаттары. Баға саясатын таңдау барысында фирма, оның ғаламдық мақсаты пайда екенін біле тұра, өз мүддесін қорғау, бәсекелестерді басу, жаңа нарықтарды жаулап алу, нарыққа жаңа тауармен шығу, шығындарды тез өтеу, табыстарды тұрақтандыру сияқты аралық мақсаттар ұсынылуы мүмкін екендігін ескергендігі жөн. Бұл мақсаттарға қол жеткізу қысқа мерзімде, орташа мерзімде, ұзақ мерзімде болуы мүмкін. Жалпы белгілі бір мерзімде қалыптасқан баға деңгейі кәсіпорынның қандай да бір мақсатының нәтижесіне әр түрлі әсер етеді, мысалы: пайда шамасына, айналым көлеміне және т.б.. Төтенше жағдайларда ғана кәсіпкерлік қызметтің бір мақсаты басым болады. Жалпы күнделікті шаруашылық әрекетте баға саясатының көмегімен көптеген мақсаттарды жүзеге асыруға болады.

  Аталған баға саясаты мақсаттары әр түрлі уақытта, әр деңгейдегі бағамен, жүзеге асуы мүмкін, олардың арасындағы арақатынас әр түрлі болғанымен, олардың барлығы кәсіпорынның жалпы мақсаты – пайданы ұзақ мерзімді ұлғайту мақсатына қызмет етеді. Баға саясатының қалыптасуы және оның іске асырылуы кәсіпорынның жалпы саясатымен байланысты, себебі әрбір кәсіпорынның негізгі мақсаты – тұтынушылардың басым көпшілігіне өнімдерді табысты сатып өткізу мақсатын көздейді.

  Баға саясатын қалыптастыру және табысты іске асыру үшін белгілі бір кәсіпорындарда өнімдерге баға белгілеу мәселелерін шешетін тұрақты қызмет етуші құрылымдық бөлімшелер, яғни баға бөлімшелері әрекет етеді. Бұл бөлімшелердің қызметі кәсіпорынның маркетингтік және сатып өткізу қызметтерімен тығыз байланысты болады. Бұл қызметтерге ақпарат жинау, сатып өткізу көлемін жоспарлау, жарнама кампанияларын жүргізу, тауар маркасының имджін қалыптастыру, ақпарат тарату жатады.[1]

  

 

    Жалпы баға түсінігі жəне оның мəні.Баға жəне баға белгілеу – нарықтық экономикадағы басты элементердің бірі. Баға - күрделі экономикалық категория. Оның ішінде əр түрлі экономикалық, жалпы қоғамдағы басты проблемалар қарастырылады. Біріншіден, бұл өндіріс пен тауар өндірісіне, бағаның қалыптасуына, пайда болуына жəне жалпы ішкі өнім мен ұлттық табыстың қолдануына жатқызылады. Жалпы, баға теориясының екі түрі қарастырылады. Алғашқысы, баға тауар құнын қарастырады. Екінші - тұтынушының белгілі бір тауарға төлеуге даяр бағасы, яғни тауар құны. Осыдан баға тауар бағасы - ақшалай көрінісі деген пікір туындайды. Баға белгіленімнің бағадан айырмашылығы - ол тауар мен қызметтің бағаға қалыптасуына əсер етеді.

   Жалпы баға белгілеудің 2 жүйесі орын алады.

1.орталықтанған, мұнда өндірістегі шығындарды мемлекеттік органдар қарастырып ,баға тағайындайды.

2.нарықтық,мұнда сұраныс пен ұсыныстың қарым –қатынасына байланысты.                 Сонымен ,тауарға деген баға өлшемі немен қарастырылады. Бұл экономикалық теориядағы екі қарама – қайшы пікірлермен талданып келген күрделі сұрақтардың бірі. Баға теориясы мəселесі капитализімнің дамуының ерте кезеңіне жатады. Шығындалу теориясы бағасының өкілдері Вильям Петти, Адам Смит жəне Давид Рикардо. Олар құндылық баға теориясының негізін салды. Нарықтағы басты элементердің бірі - бəсеке. Ол экономиканы құн заңы механизмі ретінде алға жылжуына ынталандырады.Бəсеке жекеменшік иесіне өз тауарларының қандай екенін, олардың нарықта қажеттілігін көрсетеді. Сол себептен шет елдерде монополияға қарсы органдар адал бəсекеге кедергі жасау қылмыс деп саналады. Адал бəсеке бар жерде нарықта қалыптасады. Шетелдер манополияға қарсы заңмен қудаланатын бір жүйе қабылдады.[2]

Бағаға əсер ететін факторлар. Тауардың бағасына келетін болсақ, ол оның ақшалай көрінісі екенін ескере отырып, əрбір тауардың бағасына əр түрі нарықтық нарықтық факторлар əсер ететінін ұмытпау керек. Баға белгілеудің механизімі нарықтық қатынаста баға мен оның динамикасы арқылы сипат алады. Баға динамикасы 2 фактордың əсерімен құралады, стратегиялық жəне тактикалық. Стратегиялық факторда тауар құны арқылы баға қалыптасады. Баға құнында үнемі əр түрлі ауытқулар болып тұрады. Ал тактикалық фактор, мұнда белгілі тауарлар нарық конъюктурасы арқылы қалыптасады. Бірінші фактор - ұзақ мерзімді іс- əрекет. Екінші үнемі өзгеріп отырады бірінші күн ,сағат бойы,себебі конъюктуралық динамика жиі өзгеріске ұшырап отырады. Аталмыш факторладың екеуі де өте қажет, сондықтан жүйелі оқып, тəжірибеде қолдана білу керек. Қолдана алмаған жағдайда кəсіпкер немесе фирма эканомика жағдайында көптеген қателіктер мен экономикалық қиыншылықтарға тап болады. Екінші фактор заманауи техника жəне технологиямен жарақтанған фирмаларға сəйкес келеді. Нəтижесінде өндірістік шығыны аз фирма көбірек пайда көреді. Ал екінші фактор бойынша тез жəне ыңғайлы түрде нарық конъюктурасымен жұмыс істей алатын фималар пайда көреді. Мұнда икемділік пен өндіріс инфраструктурасы жəне жоғары маманданған кадрлар қажет. Маркстік теорияда баға объективті қарастырылған, яғни баға мен оның құнының айырмашылығы талданған. Басқа концепцияны алып қарастыратын болсақ, бұл жағдайда нарықтық тауар бағасы тек өндірушінің шығынына ғана емес, сонымен қатар тұтынушының тауарға кеткен шығындарының қажеттілігіне байланысты болады.

  Сонымен осы 2 концепцияны қарастырсақ, онда тауар бағасына ұсыныс бағасы жəне сұраныс тиімділігі деген 12 екі тұжырым пайда болады.Тауардың тиімділігі оның баға функциясы, не керісінше оның бағасы, ол тауар тиімділігінің функциясы болады. Бірақ, тауар мен қызмет өндіріс шығындарының сандық анықтамасы кез-келген қоғамдық, эканомикалық, объективтік қажеттілік болып қала беретіні сөзсіз. Өйткені нарық жағдайында шығындар қалыптасуының объективті процесі нарықтық баға кезінде жүреді жəне тауарды өндіруі мен іске асыруға байланысты барлық шығындардың орнын толтырылуын талап етеді. Осындай жағдайда жасай алмайтын фирмалар жабылып қалады.Олардың орнын тауар өндірумен айналысатын, шығындар мөмен фирмалар басады. Олар өндірістің қалыпты процесін қатамасыз ететін үлкен кіріс алады.[3]

  Бағалардың түрлері мен олардың жіктелуі. Экономикалық белгілер бойынша барлық бағалар жіктеледі. Бағалардың жіктелуіндегі негізгі белгі- қызмет көрсетілетін саланың тауар айналымы бойынша дифференциациясы. Осы белгіге сəйкес бағалар төмендегідей түрлерге бөлінеді:

 - өнеркəсіп өнімдерінің көтерме бағалары;

- құрылыс өнімдерінің бағалары;

- ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу бағалары;

 - жолаушылар мен жүк тасымалдайтын көліктердің бағалары;

 - бөлшек сауда бағалары;

- коммуналдық жəне тұрмыстық қызмет тарифтері;

 - сыртқы тауар айналымының бағалары.[4]

  Кәсіпорынның баға саясатының мәні бұл бағаның ұтымды деңгейін және құрылымын қалыптастыру, қолдау, және нарық жағдайында мүмкін болатын мол табысқа қол жеткізу мақсатында, белгілі бір уақытта тауарлар және нарықтар бойынша баға деңгейін өзгерту болып табылады. Баға нарықтық экономика жағдайында – кәсіпорынның қызметін сипаттайтын маңызды экономикалық параметр. Баға өндірістің құрылымына, материалдардың толассыз қозғалысына, тауар массасының бөлінуіне, кәсіпорынның табыстылық деңгейіне шешуші ықпал етеді. Меншік формасына қатыссыз нарыққа қызмет көрсететін дербес тауар өндірушілер үшін баға мәселесі – бұл олардың тіршілік және жақсы тұрмыс халінің көзі.

    Нарықтық қатынастардың қатаң шарттары жағдайында, баға белгілеудің дұрыс әдістемесін, орынды баға тактикасын, терең негізделген баға стратегиясын біртіндеп жүзеге асыру – кез келген сауда кәсіпорынының қажетті құрамдас бөліктері болып саналады. Баға кәсіпорынның табыстылығын, тиімділігін, пайдалылығын анықтайды, сондықтан да ол кәсіпорынның өміршеңдігін көрсете отырып, кәсіпорынның қаржы-қаражат тұрақтылығын сипаттайтын маңызды элемент болып саналады.

    Баға құрылуы – фирманың мақсаттарына жеткізетін құрал. Кәсіпорындарда белсенді және пассивті баға саясатын бөлінеді. Белсенді баға саясаты, өндірісте орташа шығындар деңгейін, өндіріс операцияларының мақсатты деңгейдегі табысын және неғұрлым пайдалы өткізу көлемін қамтамасыз ету мақсатында, тауарды өткізуді басқару саясаты шеңберінде баға белгілеу болып табылады. Белсенді баға саясаты, баға көмегімен нарықтың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып өндірістің тиімділігін арттырады. Ол бәсекелестердегі баға өзгерісіне икемді болады. Сондықтан, бағаның көмегімен, кәсіпорын бәсекелестердің нарықтағы белгілі бір үлесін жаулап алу негізінде, табыс мөлшерін ұлғайта алады. Пассивті баға саясатын ұстанған кәсіпорындар, нарықтағы үлесіне ұзақ мерзімде келіседі және баға деңгейін көшбасшы бағасына сай қалыптастырады. Пассивті баға белгілеу – бұл баға деңгейін дәлме – дәл шығынға негізделген әдістер негізінде әлде бәсекелестердің баға шешімі негізінде қалыптастыру. Ұзақ мерзімде пайданың барынша мол деңгейін қамтамасыз ететін, пайда мен нарық үлесін қисындастыру жолын іздеу, баға белгілеудің негізгі мақсаттарының бірі болып саналады. Көбіне, бәсекелестерге қарағанда фирманың нарықтағы үлесін елеулі түрде шектейтін баға, неғұрлым тиімді болып табылады.      Мысалы: айталық ірі өнеркәсіптік компания баға деңгейін 8%-ға ұлғайта отырып, нарықтағы үлесін 20%-ға жоғалтты. Бұл компанияның кейбір өндірістік қуаттары өндірістік үдеріске қамтылмай қалғанымен, баға деңгейін ұлғайту табысты 70%-ға арттырды. Осының негізінде, аталған компания өз өнімдерін тұтынатын тұтынушылардың бесеуінің төртеуі өнімді бұрынғы бағаға қарағанда 8%-ға артық бағалайтындығын анықтады. Компания осы құндылықты, өзінің нарықтағы шамадан тыс үлесін құрбан ете отырып, сақтап қалды. Құндылыққа негізделген стратегияның мақсаты – тұтынушылар үшін жасалынған құндылықпен компания шығындарының арасындағы айырмашылықты барынша көбейту болып саналады. Осы стратегия аумағындағы баға белгілеудің мақсаты – бұл фирманың табысы түрінде қалыптасқан, құнның ауқымды үлесін алу болып табылады.[1]

   Əртүрлі салаларда кәсіпорынның бағалық саясаты нарықтың кұрылымына байланысты болады. Нарықтық кұрылым - бұл Нарықтың негізгі сипатты белгілері, олардың санына əр түрлі мекемелер тауарларының ұксастық пен айырмашылығының дәрежесі, нарықтық ақпараттың оңай алынуы жатады. Мұнай мен газ қоры дəлірек анықталады. Мұнай бағасын реттеу мұнай компаниясының мүддесіне қайшы. Əлемдегі келісім-шарт, баға енді ғана бізге енуде. Ол үшін өндіріс шығынын төмендетіп, ішкі нарықтағы мұнай өнімін реттеу керек:

 • Экономикалық - салалық мұн ай өнімін ерекше игеру;

 • қысқа, орта, ұзақ игеру, тұтынуды игеру;

 • айналым кұралдарының нарық субъектілерінде тиімді пайдалану, мемлекеттік қызметті талдау, маркетингтік кызметті камтамасыз ету.

    Қазіргі таңда мұнай саласындағы ішкі нарық жоқ. Мұнай саласы 9 ірі компанияларға берілген. Олардың арасында: Лукойл, Юкос, Сиданко, ТНК, Роснефть жəне т.б. жатады. Осы мекемелер мұнайды өндіру, қайта өңдеу, мұнай мен мұнай тағамдарын шығаруды көздейді. Вертикалды интеграциялык кәсіпорындар мұнай мен мұнай өнімдеріне өз еркімен бага қояды. Бұл бағалар ішкі және трансферттік бағаларға жатқызылады.         Трансферттік бағалар механизмі келесі жағдайға байланысты:

    ВИНК өзінің мұнай өндірушілерінен мунайды корпоративті бағамен сатып алады. Оның 40%-ы экспортқа кетеді, екінші бөлігін кайта өңдейді. Алынған мұнай өнімдерін ішкі жэне сырткы нарықка шыгарады. Əдетте трансферттік баға салықтарды минимализациялау үшін тағайындалады, бірақ ол кəсіпорынның қазіргі шығындарынан темен болмауы қажет. Бұл трансферттік бағаның принципініц бірі болып келеді. Екінші принцип кәсіпорынның мұнай табу саласында шығындарды кысқарту барысында бағаларды түзетіп отыру.

  Жоспар бойынша сатып алу бағалары алынып, кəсіпорын шығындарын қысқартатын, сəйкестендіретін жоспар шығарылады. Бұл жағдайда мұнай бағасы нарық бағасынан, тіпті экспорттық бағадан да төмен болады. Біз мұнай-газ саласына алып қарастыратын болсақ, отын энергетикалық комплекс біздің еліміздің халық шаруашылықтың негізі болады. Ол өз құрамында кәсіпорындар, мекемелер, ғимараттар, технологиялық объектілер құрайды. Отын ресурстарын дайындайды əрі оны өңдейді және дайындағанды қайтадан өңдеп, тұтынушыға жеткізіп көрсетеді. Бұл саланың ішінде мұнай, газ, уран дайындайтын, торф, сланц өнеркəсіптер мен энергетика кіреді. Мұнай-газ саласындағы негізгі шектер болып мұнай мен газды өндіру мен қайта ендеу болып саналады. Бұл саланың дамуы өзге салалардың дамуымен тығыз байланысты. Олардың арасындағы айырмашылықтарға карамастан, олар тығыз байланыста болып, бір-бірінің даму қарқынын анықтайды. Мұнай өндеуші зауыттардьң мұнайға деген сұранысы азайғанда оның өндірілуі де азаяды. Мұнай-газ өнеркәсібінің дамуына геологиялық жұмыстардың жүргізілуі көп септігін тигізеді. Геологиялық процестерге өзара байланыстылық жəне белгілі бір реттілікпен өткізілетін жүмыстар жатады. Олар түпкілікті нәтижеге жетуге мүмкіндік береді. Геологиялық процестерді 3 кезеңге бөледі:

   • аймақтык

• іздеу

• барлау кезеңі

 Əрбір кезең белгілі бір сатылардан тұрып, өзара объектілермен ғана ерекшеленеді, гидродинамикалық процестерге бақылау жүргізіледі, геологиялық ақпараттар толыктырылады, мұнай мен газдың коры дәлірек анықталады. Мұнай-газды өңдеу, мұнайдан шығатын өнімдер май, газ химиясын қамтамасыз етеді. Ішкі жэне сырткы нарықта табиғи газдың басты 39 жабдықтаушысы болып ОАО "Газ-пром" болып келеді.

   ОАО "Газ-пром" монополист кəсіпорындардың қатарына кіреді. Бағаны өнімнің тарифтеріне жəне көрсеткен кызметі үшін энергетика комиссиясы қояды. ОАО "Газпром" үшін жыл сайын немесе жыл бойы комиссия "Газдың тұтынушыларға берілетін көтерме баға" каулысын шығарады. Онда газға деген көтерме бағалар анықталынады. Кейбір аймақтардың ерекшеліктерін қадағалап, шығарылған алғашқы қаулылар ескеріліп отырады. Көтерме бағасы франктік-шекаралық бөлімшеде газтранспорттық және газ тағайындаушы жүйелер арқылы анықталынады. Көтерме бағаның өлшем бірлігі — 1000 м\куб, мұнда температура 2°С, қысым (760 мм. сын. бағ.), ылғалдылық 0 %, жылу төлеу есебі 7900-100 ккал/м.куб. Барлық көтерме бағалар қарапайым халықтан басқа аумақтарға бағалық бел арқылы шығарылады. Газ көтерме бағасы НДС пен акциясіз есептеледі. Мысалы, Ресей аумағын алатын болсақ 7 белдік бағаларына бөлінген. Бірінші үшеуі 0-2 облыс пен округтерге берілген. Мысалы, Ямало-Ненецкий, АО «Ханты-Мансийск», Коми Республикасы, Тюмень және Астрахань облыстары. Үшінші және төртіншісі мына облыстармен қамтылган: Урал мен Поволжья. Бесіншісі - орталык аудандар, алтыншысы - Солтүстік Кавказ Республикасы, Ставрополь мен Краснодар аумақтары, Калининград және Ростов облыстары.          Экономикалық комиссиясы тағайындаған, көтерме бағаны мекемелер мен кәсіпорындарды қалыптастыру, шығындарды ақтау үшін ОАО "Газпром" кəсіпорын пайдасын пайдалану принципін пайдаланады. Олар салықтарды төлеу, экономикалық санкциялар, жұмыскерлерге еңбекақы төлеу, зейнетақыны көбейту, стипендиялар, медициналық қызметтерге кетеді.

    Ішкі газ нарығыменен газ биржасы құрылуы баға белгілеу жүйесін өзгертеді. Оны нарық баға белгілеу принциптерімен ауыстырып, нарықта газга сұраныс пен ұсынысты жəне бəсекелестер бағасын - табиғи газдың сатушыларға əсері мол болады. Бөлшек бағалар көтерме бағаларға сүйеніп, шығындар есебі мен "Росгазификация" мекеменің есеп пайдасын ескеріп тағайындалады. Мұнайды тасымалдау əсіресе газды арнайы көлік түрін қолдануға себеп болады. Жер бетінде газ құрылымдар оны сақтауға жеткілікті болмайды. Сондыктан жер асты қоймалары қолданады. Онда газ деңгейін тұтынушылардан сақтап тұрады.

   Магистральдік кұбыр жүйелері мұнай-газ қызметін, тасымалдау осы салалардың міндетінде болады. Мұнай-газ комплексі 3 географиялық округтерге бөлінген: Батыс комплексі Ақтауда полистеронзаводы, Атырау полистеронды өндеу, екінші Қостанай өңірі, Рудный химиялық өндеу, үшіншісі Қарағанды резина-техника зауыты. Мұнайды басқаруда икемі аз 31% көлеңкелі экономикада, өзге елдерде 10% шамасында. Бюджетке аз ақша түсуде. Мұнай-газ өнеркәсібінің негізгі түрі больт скважинаның құрылысы саналады. Оның құрылысын геологиялық іздеу жұмыстары мен барлау жұмыстарының кешені қалыптастырады. Өндіруші орындарының іске қосылуынан кейін мұнай-газ өндірісінің көлемі анықталады. Гидродинамикалық процестерге бакылау жүргізіледі.  Геологиялық ақпараттар толықтырылады.

    Кең таралған стратегия - баға географияльщ 40 белгі бойынша орнату, яғни фирманың ендіретін өнімі мемлекеттің түрлі бөліктерінде түрлі бағада өз көрінісін табады. Əдетте төрт нарықтық кұрылымды ерекшелейді: таза бәсеке, монополистік бәсеке, олигополия, таза монополия. Таза бәсеке мен таза монополия өзімен керемет нарықтық құрылым үлгілерін береді, нақты тəжірибе жүзінде олар болмайды. Мұнай мен газ қоры дәлірек аныкталады. [5]

 

 

                Қорытынды

  Сонымен қорыта келгенде, мұнай саласының Қазақстан Республикасында стратегиялық дамуы әлемдегі мұнай-газ саласының сұранысы толқынды өзгеріп отыруына икемді, ОАО "Газпром" жалпы газ көтерме бағаларына сүйеніп, ішкі есеп бағаларды олардың тарифтерін, аткарылған кызмет үшін баға тагайындайды. Ішкі газ нарығыменен газ биржасы құрылуы баға белгілеу жүйесін өзгертеді. Яғни, жоғарыда айтып кеткендей, нарықта сұраныс пен ұсыныс бәсекелестер бағасының принциптері өзгереді. Мұнай саласындағы өнімдерді алатын болсақ, оларды ішкі жəне сырткы нарықта да өндіреді. Оны трансферттік бағамен анықтайды. Ал онда айтылып кеткендей, бағаны екі принциппен анықтайды. Жоғарыда мұнай-газ өнеркəсібіндегі бағаларға көңіл аударылған. Мұнай өнеркәсібінің саласында трансферттік принцип жүзеге асырылуы көзделген. Отын ресурстарын дайындайтын əрі оны өңдейтін салалардың өнімдерін тұтыңушыға жеткізу мәселесі карастырылған. Мұнай-газ кешеніндегі көтерме бағалар ықпалы, олардың рөлі сипатталады. Мұнай-газ өнеркəсібін барлау, скважиналарды орнататын, қайта өңдеп мұнай-газ тауарларын сататын шаруашылық субъектілердің жиынтығы қарастырылған.

 

              Пайдаланған әдебиеттер:

1. Баға және баға белгілеу: Оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011 – 280б.

2. Есимжанова С. Р. Маркетинг/ Учебник. – Алматы: «Экономика», 2003. – 466 с.

3. Голубков Е.П. Основы маркетинга: Учебник. – М.: Издательство «Финпресс», 1999. – 656 c.

4. Сұрағанова С.К., Сабатаева Б.О., Омурзаков Т.К. Баға белгілеу. Оқу құралы. «Астана-полиграфия». Астана -2009.

5. Ғаламтор желісінен

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.