|
||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жүргізілуіСабақтың жүргізілуі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Химия және химиялық технология факультетінің «Физикалық химия, катализ және мұнай химиясы» кафедрасының 2 курс магистранты Ерденбекова Айдана Несипбековнаға Психологиялық-педагогикалық мінездеме 1. Жалпы мәліметтер.Ерденбекова Айдана Несипбековна 1992 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылында дүниеге келген. Отбасында 2 ұл, 1 қыз бар. 2. Оқу іс-әрекеті, еңбек етуі және т.б. қабілеттері.2009 жылы Сарыкемер ауылындағы Н.К.Киікбаев атындағы орта мектепті бітіріп, әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінің “050606 - Химия” мамандығына грантқа оқуға түсті. Университетті үздік дипломмен бітірді. Алған білімін жетілдіріп, толықтыру үшін ары қарай магистратурада оқуын жалғастырып жатыр. 3. Қоғамдық іс-әрекеті, бос уақыты, басқа да әлеуметтік қабілеттері.Айдана факультетте өткізілетін мәдени, спорттық іс-шараларға, ғылымға және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. Мемлекетіміздегі және шет елдегі болып жатқан саяси мәліметтер мен мағлұматтардан әрқашан хабардар болып жүреді. Сонымен қатар химия мамандығының еңбек нарығында қажеттілігі жоғары деп есептейді. Бос уақытында кітап оқығанды және теннис ойнағанды ұнатады. 4. Тұлғаның бағыты. Алған терең білімінің арқасында болашақта білікті маман иесі болып, еліміздің мәртебесін көтеретін үлгілі азаматша болатындығына сенімді. Химия ғылымының дамуына үлес қосқысы келеді. 5. Ұжымдағы қарым-қатынас.Айдана - қарапайым, өзінен жасы үлкен және кішілерді сыйлай біледі. Ол барлығына кез-келген уақытта барынша көмектесуге дайын. Оқытушылармен де студенттермен де жақсы қарым-қатынаста болды. 6. Мінез-құлқының ерекшеліктері.Әдепті, сыпайы, сабырлы. 7. Жалпы қорытынды. Ерденбекова Айдана Несипбековна өзінің жан-жақтылығымен, өзіне сенімділігімен ерекшеленді. Ол сабақ барысында тек бағдарламалық материалдармен шектеліп қоймай, тақырыпты күнделікті өмірмен байланыстыра білді.
|
||||||||||||||||||||||||||
|