Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ндірістік функцияның кейбір жалпы қасиеттері



 

1. Өндіріс туралы ұғым, өндіріс факторлары. Өндіріс технологиялары.

2. Өндіріс функциясы және оның қасиеттері.

3. Изокванталар.

4. Кобба-Дуглас функциясы. Өндіріс масштабының тиімділіктері.

«Микроэкономика» курсының бұл тарауы өндірісте қолданылатын өндіріс факторлары мен осы ресурстарды пайдалану арқылы өндірілетін тауарлардың мөлшері арасындағы байланысты зерттейді. Өндірілетін тауарлардың саны өндірістегі технологиялық әдістердің ерекшеліктеріне байланысты.

Өндірістің технологиялық әдісі деп өндіріс факторларын, яғни шикізаттар мен ресурстарды, белгілі бір өңдеу процестері арқылы дайын өнімге (тауарларға немесе қызметке) айналдыруды айтамыз. Өндірістік процесте қолданылатын факторларды негізгі 4 түрге бөледі:

1) шикізаттар мен материалдар;

2) басқа өнеркәсіптің өндірген тауарлары;

3) еңбек құны;

4) капитал (құрал-жабдықтар, ғимараттар).

Нақты өмірде өндірістік процесті зерттеу үшін көптеген өндіріс факторларын пайдаланады. Өндірістік процесте п өндірістік факторлары қатысады деп қарастырсақ, бұл төмендегідей шығын векторы түрінде көрсетілуі мүмкін:

Х = (х1, х2, . . . , хп).

Мұнда хіі - факторларының саны. Бұл факторлар п-түрлі дайын өнімдер өндіру үшін қолданылады. Бұларды шығару векторы түрінде қарастырамыз:

У = (у1, у2, . . . , уп).

Мұнда уіj - өнімнің саны. Енгізілген белгілеулер арқылы өндірістік процесті былай жазуға болады.

V = (X, Y)

Егер барлық өндіріс факторлары тек қана бір өнім түрін өндіру үшін қолданылса, онда осы өндірістік процесті шартты түрде келесі өндірістік функция түрінде көрсетуге болады:

у =f (х1, х2, . . . , хп).

Өндірісті ұйымдастыру кезінде, әдетте, өндірістік процесс тиімді болуын қалайды, сондықтан өндіріс функциясы, өндірістік шығындар құрылымы тұрақты деп ұйғарғ,андағы шығаратын өнім көлемінің ең жоғары деңгейін көрсетеді деп атайды. Өндіріс функциясы белгілі технология үшін жасалады. Бұл айтылған деректерді түсіндіру үшн, өндіріс шығындары тек қана L – еңбек және К – капиталдан тұрады деп қарастырайық. Осы жағдайда өндірістік функцияны келесі түрде жазуға болады:

у =f (К, L).

Мұнда, у – өндірілетін өнімнің ең жоғары көлемі.

Өндірістік функцияның кейбір жалпы қасиеттері

Нақты өмірде өндірістік процесті зерттеу үшін өндірістік функцияның бірнеше түрлері қолданылады. Олардың бәріне тән жалпы қасиеттері төмендегідей болады.

1. Фирмалар өндіріс факторларын барынша көп тиімділікпен қолдануы мүмкін, яғни қолданылып отырған фактордың санының көбеюі шығару көлемінің төмендеуіне әкеліп соқтырмайды. Оны математика тілмен былай өрнектеуге болады.

 2. Басқа факторлар тұрақты болып, тек қана бір факторлың санын көбейту арқылы өнім шығару көлемін ұлғайтқан уақытта оның жоғарылау шегі болады, яғни айнымалы фактордың өнімділігінің төмендеу заңы орын алады.

   

Бұл екі қасиет өндірістік функцияның бір факторлық графигін алуға мүмкіндік береді. Зерттеліп отырған тәуелділік төмендегідей болған уақытта,

 

у =f (х).

3. Өндіріс факторлары бірін-бірі өзара алмастырады және толықтырады.

Өндірістік процесті зерттеген кезде уақыт мерзімі төмендегідей 2 түрге бөлінеді:

1) қысқа мерзімді кезең – бұл мерзім ішінде өндірістік факторлардың белгілі бір бөлігі тұрақты болады, ал қалған бөлігі айнымалы болады;

2) ұзақ мерзімді кезең – бұл мерзім аралығында барлық қолданылып отырған өндірістік факторлар өзгеруі мүмкін.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.