Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырып:Симптоматикалық артериалдық гипертензияның дифференциалды диагностикасы.



Тақырып:Симптоматикалық артериалдық гипертензияның дифференциалды диагностикасы.

Вариант 3.Ситуациялық есеп”Иценко-Кушинг ауруы”

                                                                              Орындаған: Келес Т.

                                                                                            Факультет: Жалпы медицина

                                                                      Тобы: 11-045-1к

Қабылдаған: Данышпаева А.Б.

Алматы 2016 ж

Науқас40 жаста,әйел адам.

Науқастың шағымдары:соңғы жылдары салмағының 8 кг артуы,тұлғаның өзгеруі, иық бөлігінің кеңеюі,ал жамбас бөлігінің тар болуы, иегінде,жоғары ернінің үстінде түктердің көбейгені,менструацияның келмеуі,АҚҚ-ның жоғарылауы,есте сақтаудың төмендеуі,жалпы әлсіздік,ұйқышылдық.

 

Ауру анамнезінен:Өзін 2015ж-дан бастап аурумын деп санайды.Сол кезде шағымдары дене салмағының артуы, тұлғаның өзгеруі, иық бөлігінің кеңеюі,ал жамбас бөлігінің тар болуы, иегінде,жоғары ернінің үстінде түктердің шыға бастауы байқалған.Сонымен қатар есте сақтаудың төмендеуі,әлсіздік,көңіл-күйінің үнемі төмен болуы мазалаған.Ешқандай дәрі-дәрмек қабылдамаған,дәрігерге тексерілмеген.Соңғы 2 айда жоғарыдағы көрсетілген шағымдары өршуіне байланысты,сонымен қатар жағдайының нашарлауына байланысты дәрігерге қаралып Алматы қалалық клиникалық аурухананың терапия бөлімшесіне жатқызылды.

 

Өмір анамнезінен:02.01.1976 ж туылған.Отбасы құрған.Жеке меншік кеңседе есеп бөлімін басқарады.2013ж жол-көлік апатына түсіп,басынан жарақат алған,ем қабылдаған.Туберкулез,Боткин ауруы,тері-венерологиялық аурулары жоқ.Гемотрансфузия жасалмаған.Аллергиялық және фармакотерапиялық аллергиясы: жоқ.Тұқым қуалаушылық аурулары жоқ.Зиянды әдеттері жоқ.

 

Жалпы қарағанда: науқастың жалпы жағдайы-орташа ауырлық дәрежесінде.Есі анық.Дене тұлғасы нормостеникалық,салмағы 75 кг,бойы 165 см.Тері жабындысыбозғылт,эластикалығы төмендеген,тургоры сақталған.Тұлғада,бет,мойын бөлінінде диспластикалық типті семіру байқалады. қою қызыл түсті беттің ай тәрізденуі,іштің алдыңғы бетінде,сандарында көкшіл-қызыл түсті кең стриялар-атрофиялық жолақтар, ер типтес түктену(мұрт,аздаған сақал тәрізді шоғыр,қасаға аймағының ер типтес түктенуі) байқалады,иық бөлігінің кеңеюі,ал жамбас бөлігінің тар болуы байқалады.Өкпеде тыныс везикулярлы,сырыл жоқ. ТЖ-20 рет/мин.Жүрек тондары-қатқыл,қолқа үстінде II тонның акценті.ЖСЖ-92 рет/мин.АҚҚ 200/100 мм.сын.бағ.PS-92 рет/мин.,қалыпты толу.Іші пальпация кезінде жұмсақ,ауру сезімінсіз.Бауыр ұлғаймаған.

 

Зерттеулер:

Зертханалық-инструменталды зерттеулер нәтижесі:

1.ЖҚА:

 

Көрсеткіштер: Науқаста: Қалыпты:
Hb 150 г/л 120-140 г/л
Эритроцит 4,5 *10^12/л 3,14-5*10^12/л
Түстік көрсеткіш 0,7 -
Лейкоцит 8,2*10^9/л 3,2-10,2*10^9/л
Т/я 6% -
С/я 52% -
Лимфоцит 25% -
ЭТЖ 10 мм/сағ 2-20 мм/сағ

 

Интерпретация:Hb-мөлшері аздап артқан.

 

2.ЖЗА:

Көрсеткіштер: Науқаста: Қалыпты:
Тәуліктік мөлшері 1300 мл 800-1500 мл
Түсі Ашық-сары Ашық-сары
Мөлдірлігі мөлдір мөлдір
Белок 0,032 г/л Жоқ немесе 0,033 г/л
Салыстырмалы тығыздығы 1011-1021
Лейкоцит 0-1
Жалпақ эпителий - -
Эритроцит - -

 

Интерпретация: Қалыпты

 

3.Биохимиялық анализ:

Көрсеткіштер: Науқаста: Қалыпты:
Жалпы белок 82 г/л 65-85 г/л
АСТ 25,1 8-40
АЛТ 5-30
Жалпы билирубин 9,8 мкмоль/л 20,5 мкмоль/л
Глюкоза 3,6 ммоль/л -
Холестерин 5 ммоль/л 5,2 ммоль/л

 

Интерпретация: Қалыпты

 

4.Ашқарынға қандағы глюкозаны 2 рет анықтағанда-10 ммоль/л, зәрдегі ацетонға реакция-теріс.

 

5.Түрік ертоқымы рентгенографиясы:ертоқым қабырғасының аздаған остеопорозы.

 

6.Бүйрек үсті безінің УДЗ:симметриялық 2 жақты ұлғаюы.

 

 

Сұрақтары:

 

1.Болжамдық диагнозды қойыңыз.

 2.Диагнозды негіздеңіз.

 3.Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдістерін тағайындау керек?

 4.Емдеуі

 

Жауаптары:

1. Иценко-Кушинг ауруы,орташа ауырлықта,өршімелі ағым.Симптоматикалық артеральды гипертензия.Стероидты қант диабеті.

2. Науқастың шағымдары: соңғы жылдары салмағының 8 кг артуы,тұлғаның өзгеруі, иық бөлігінің кеңеюі,ал жамбас бөлігінің тар болуы, иегінде,жоғары ернінің үстінде түктердің көбейгені,менструацияның келмеуі,АҚҚ-ның жоғарылауы,есте сақтаудың төмендеуі,жалпы әлсіздік,ұйқышылдық.

Ауру анамнезінен:Өзін 2015ж-дан бастап аурумын деп санайды.Сол кезде шағымдары дене салмағының артуы, тұлғаның өзгеруі, иық бөлігінің кеңеюі,ал жамбас бөлігінің тар болуы, иегінде,жоғары ернінің үстінде түктердің шыға бастауы байқалған.Сонымен қатар есте сақтаудың төмендеуі,әлсіздік,көңіл-күйінің үнемі төмен болуы мазалаған. Соңғы 2 айда жоғарыдағы көрсетілген шағымдары өршуіне байланысты,сонымен қатар жағдайының нашарлауына байланысты дәрігерге қаралған.

Өмір анамнезінен: 2013 ж жол-көлік апатына түсіп,басынан жарақат алған.

Жалпы қарағанда: науқастың жалпы жағдайы-орташа ауырлық дәрежесінде.Салмағы 75 кг,бойы 165 см.Тері жабындысыбозғылт,эластикалығы төмендеген,тургоры сақталған.Тұлғада,бет,мойын бөлінінде диспластикалық типті семіру,қою қызыл түсті беттің ай тәрізденуі,іштің алдыңғы бетінде,сандарында көкшіл-қызыл түсті кең стриялар-атрофиялық жолақтар, ер типтес түктену(мұрт,аздаған сақал тәрізді шоғыр,қасаға аймағының ер типтес түктенуі),иық бөлігінің кеңеюі,ал жамбас бөлігінің тар болуы байқалады.Өкпеде тыныс везикулярлы,сырыл жоқ. Жүрек тондары-қатқыл,қолқа үстінде II тонның акценті.ЖСЖ-92 рет/мин.АҚҚ 200/100 мм.сын.бағ.PS-92 рет/мин.,қалыпты толу.

Ашқарынға қандағы глюкозаны 2 рет анықтағанда-10 ммоль/л, зәрдегі ацетонға реакция-теріс.

Түрік ертоқымы рентгенографиясы:ертоқым қабырғасының аздаған остеопорозы.

Бүйрек үсті безінің УДЗ:симметриялық 2 жақты ұлғаюы.

 

Осы мәліметтерге сүйене отырып:”Иценко-Кушинг ауруы,орташа ауырлықта,өршімелі ағым.Симптоматикалық артеральды гипертензия.Стероидты қант диабеті” деген диагноз қойылды.

 

3. Міндетті түрде зерттеу әдістері:

 Иммунды әдіс арқылы қан сарысуынан кортизолды және АКТГ мөлшерін анықтау.

Түрік ертоқымы мен бүйрек үсті безінің компьютерлі томографиясы.

 Түрік ертоқымын контрастпен МРТ.

ЭКГ,Эхо-КГ

Биохимиялық қан анализінен иондалған калий,натрий,кальцийді анықтау

Коагулограмманы бағалау.

Қан сарысуынан ТТГ,бос Т4,ФСГ,ЛГ,пролактин,эстрадиол,тестостерон деңгейін анықтау.

2 және 8 мг дексаметазонмен сынама жасау.

 

Арнайы мамандар кеңесі:

4. –Окулист:отальмоскопия,периметрия

-Нейрохирург:Науқастың емдеу тактикасын анықтау үшін

-Радиолог:Сәулелі терапия жүргізу сұрағын шешу

-Кардиолог,уролог,гинеколог,невролог,т.б

Емі:

Медикаментозды емес:

№8 емдәм,гипокалориялы

Щадящий режим

Медикаментозы: тек қосалқы ем ретінде қолданылады.Кетоконазал 2000 мг/тәул. Ішке 1 рет. 10-14 күнде қан сарысуынан және тәул.зәрден кортизол деңгейін анықтау.

АКТГ әсерін тежеу үшін: бромокриптин-парлодел 3 мг тағайындау.Электролит алмасуын коррекциялау үшін:ацетат-калий 5,0г тәул бірге верошпирон тәул 200 мг/тәул.пероральды.Сульфонилмочевиналық препараттар,әсері болмаса бигуанид(метформин 400 мг.)

АҚҚ төмендету үшін:Эналоприл 10мг таб,ангиотензин рец.блокаторы,антиагреганттар,кальций антагонисті,т.б.

 

Аденогипофиздің сәулелі терапиясы(протонотерапия не гамма-терапия).Сәулелі терапиядан кейін резерпин 1мг/тәул.-4-6 ай көлемінде.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.