Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АУДАНДЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ



2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АУДАНДЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ

ГЕОГРАФИЯДАН ТЕОРИЯЛЫҚ ТУР ТАПСЫРМАЛАРЫ

 9 СЫНЫП

Тапсырманы орындау уақыты – 90 минут

1 - Тапсырма. Метрополия мен оның отары арасындағы сәйкестікті табыңыз:(Әр дұрыс сәйкестікке 1 ұпайдан. Барлығы 10 ұпай).

 

А. Ұлыбритания а) Камбоджа
Б. Франция б) Камерун
В. Германия в) Гана (Золотой Берег)
Г. Португалия г) Батыс Сахара
Д. Испания д) Бразилия
Е. Нидерланды Ж. АҚШ З. Жаңа Зеландия И. Аустралия К. Израиль е) Индонезия ж) Палестина аумақтары з) Ниуэ и) Пуэрто - Рико к) Норфолк Ж)

2 - Тапсырма. Әңгіме болып отырған арал, әмірлік, тіл, бұғаз және мемлекетті анықтаңыз.

Арал (______) әкімшілік-аумақтық қатынаста королдіктің автономиялық бірлігі болып табылады (_________). Байырғы халқы арал тұрғындарының 80% құрайды және палеоазиаттық тілдердің бірінде сөйлейді (________). Еуропалықтар бұл аралда ең алғаш рет IX ғ. болды. Екінші рет оны ағылшын теңізшісі Мартин Фробишер 1576 ж. ашты. Бұғаз (_____) аралды әлемдегі ең кәрі парламенті бар мемлекеттен (_____) бөліп отыр.

 

Бағалау өлшемдері: Әрбір дұрыс жауап үшін 2 ұпайдан. Барлығы: 10 ұпай.

3- Тапсырма. Тест тапсырмалары(Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан. Барлығы 30 ұпай).

 

1. Солтүстік Американың ең биік нүктесі Мак – Кинли тауы қандай штат шегінде орналасқан?

A) Калифорния

B) Невада

C) Юта

D) Вайоминг

E) Аляска

 

2. Мұз елдерінің астанасын атаңыз:

А) Копенгаген

В) Рейкьявик

С) Лондон

Д) Осло

Е) Оттава

 

3. ТМД-ғы ең биік шың?  

А) Хан-Тәңірі

В) Жеңіс шыңы

С) Талғар

Д) Конгур (Коммунизм шыңы)

Е) Эльбрус

 

4. Мұхит деңгейінен төмен жатқан, Қазақстандағы ең төменгі нүктені табыңыз?

А) -134 м.

В) -132 м.

С) -28 м.

Д) -101 м.

Е) ондай нүкте жоқ

 

5. Қазақстан ТМД елдерінің арасында фосфорит қоры бойынша нешінші орын алады?

А) 1

В) 2

С) 3

Д) 4

Е) 5

 

6. Қазақстан аумағындағы солтүстік батыстан оңтүстік шығысқа қарай соғатын күшті жел:

А) Пассат

B) Муссон

С) Арыстанды - карабас

Д) Сайқан

Е) Ембі

 

7. «Арал теңізі» кітабының авторы:

А) Н. Северцов

B) Л. Берг

С) Ш. Уалиханов

Д) И. Мушкетов

Е) А. Краснов

 

8. Хромит, фосфорит, никель рудаларын өндіру және өңдеу негізінде құралған өнеркәсіптік торап:

А) Ақтөбе өнеркәсіптік торабы

B) Маңғыстаус өнеркәсіптік торабы

С) Орал өнеркәсіптік торабы

Д) Ембі өнеркәсіптік торабы

Е) Петропавлов өнеркәсіптік торабы

 

9. Орталық Азияны зерттеушілер:
A) П.П. Семенов, Н.М. Пржевальский, Ш. Уалиханов;
B) Ш. Уалиханов, А. Гумбольдт, Д. Ливингстон;
C) П. П. Семенов, Н.Н. Миклухо-Маклай, Г. Стэнли;
D) Н.М. Пржевальский, П.П. Семенов, Г. Стэнли;
E) Н. Северцев, А.Гумбольдт, П.П. Семенов.

 

10. Қазақстан аумағындағы ең көп жауын – шашын қай аймақта байқалады?

A) Тұран жазығы

B) Орал алды үстірті

C) Жоңғар Алатау

D) Каспий маңы ойпаты

E) Батыс Алтай

 

11. Орталық Қазақстандағы қара металлургия ... шығарады

A) Мельхиор

B) Ферромарганец

C) Ферроникель

D) Шойын, болат, прокат

E) Феррохром

 

12. Қазақстанда марганец қандай кен орындарында өндіріледі?  

A) Нарынқол, Кеген

B) Кендірлік, Майкүбен

C) Индер, Жарма

D) Мойынты, Ақадыр

E) Жезді, Атасу

 

13. Бір уақыттағы өзеннің көлденеңінен ағып жатқан су көлемі:

A) Су шығыны

B) Өзен еңістігі

C) Жылдық ағын

D) Өзен кемері

E) Өзеннің құлауы

 

14. Қазақстан аумағында алғаш рет салынған мұнай құбыры?

A) Доссор – Ракуш

B) Атырау – Самара

C) Өзен – Жетыбай

D) Атырау – Орск

E) Өзен – Атырау

 

15. Неліктен Антарктиданың жағалау суларында ағынды желдер соғады?

А) қысым мен температураның үлкен айырмашылығы

В) суық полюс әсерінен

С) Жергілікті жер бедері әсерінен

Д) Айсбергтер әсерінен

Е) Озон тесігі

 

16. Қазақстан территориясы қандай ендіктерде орналасқан?  

А) 66° 30 с.е. - 30° 56 с.е.

В) 60° с.е. - 35° с.е.

С) 55°26 с.е. - 40°56 с.е.

Д) 50°05 с.е. - 48°32 с.е.

Е) 45° 5 с.е.

 

17. Екі өзен бойында орналасқан, облыс орталығы болып табылатын, Қазақстандағы қала:

А) Өскемен (Ертіс, Үлбі)

В) Талдықорған (Қаратал, Іле)

С) Арқалық (Торғай, Есіл)

Д) Қарағанды (Нұра, Сарысу)

Е) Астана (Нұра, Ертіс)

 

18. Ауыл халқының үлесі жоғары облыстарды атаңыз?
А) Атырау, Павлодар
B) Түркістан, Қызылорда
C) Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан
D) Қостанай, Қарағанды
E) Барлық облыстарда ауыл халқының үлесі жоғары

 

19. Қазақстандағы шөлейт зонасында өсетін өсімдіктер:

A) шегіршін, емен

B) бөртегүл, тобылғы

C) бидайық, құлпынай

D) беде, түймедақ

E) ақ жусан, жүзгін

 

20. Тоқтағұл су қоймасы қай өзенде салынған?

A) Вахш

B) Пяндж

C) Нарын

D) Сырдария

E) Әмудария

 

21. Ірі темір кені кен орындары қай облыста орналасқан?

A) Павлодар

B) Атырау

C) Қостанай

D) Солтүстік Қазақстан

E) Батыс Қазақстан

 

22. Қазақстан жерінің жалпы еңісі:

А) оңтүстіктен солтүстікке және батыстан шығысқа

B) оңтүстіктен солтүстікке және шығыстан батысқа

С) оңтүстік батыстан және солтүстік шығысқа

Д) солтүстіктен оңтүстікке және батыстан шығысқа

Е) солтүстіктен оңтүстікке және шығыстан батысқа

 

23. Қазақстанда темекі комбинаты қай жерде орналасқан?

А) Ақтөбе

B) Шымкент

С) Алматы

Д) Петропавл

Е) Тараз

 

24. Өзен тасымалының басты бассейндері:

А) Орал және Ертіс

B) Орал және Сырдария

C) Іле және Сырдария

D) Арал және Каспий

E) Есіл және Тобыл

 

25. Сазды шөлдер болып табылады:

A) Үстірт, Бетпақдала

B) Үлкен және Кіші Борсық

C) Бестас, Шардара

D) Сарыесік Атырау, Ақдала

E) Қызыл-Құм

 

26. Масштабы 1: 5000000, картада екі нүкте арасындағы қашықтық 2 см, онда екі нысан арасындағы қашықтық неге тең?

А) 150 км.

В) 250 км.

С) 300 км.

Д) 500 км.

Е) 1500 км.

 

27. Қарағанды облысының жоғары урбанизациясы түсіндіріледі?

A) Өңірде халық тығыздығы жоғары

B) Өнеркәсіптің дамуы негізінде қалыптасқан қалалардың жоғары рөлі

C) Қалаларда туудың жоғары деңгейі

D) Шағын аудан

E) Миллионер қалаларының үлкен шоғырлануы

 

28. Зеренді мемлекеттік қорығы қай облыста орналасқан?

A) Павлодар

B) Маңғыстау

C) Қарағанды

D) Ақмола

E) Шығыс Қазақстан

 

29. Вольфрам мен молибден өндірілетін табиғи - аумақтық аймақ?

A) Мугожарлар

B) Сарыарқа

C) Қаратау

D) Тарбағатай

E) Жоңғар Алатауы

 

30. Қазақстандағы мыс кен орны?

A) Қаратау, Прорва, Теңіз.

B) Жезқазған, Кунрад, Саяқ.

C) Кендірлік, Құсмұрын, Бозшакөл.

D) Жедес, Саяқ, Текелі.

E) Саяқ, Өзен, Жайрем.

 

 

БАРЛЫҒЫ: 50 ҰПАЙ

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.