|
|||
Лепсі ауылдық округінің тұрғындары
Адам баласының қоғамда бағалануы, дәріптелуі, ардақталуы – тікелей оның адамгершілік қасиеттеріне байланысты. Егер ол айналасындағыларға қайырымды, адал болып, бүкіл қарым-қатынастарын адамгершілік тұрғысынан реттейтін болса, нағыз адамгершілігі мол жан болып, қоғамдағы сыйлы бағасын да, орнын да иемденеді. Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын демекші,жақсылық сәулесін шашып, мейірім шуағын төгіп тұратын адамдардың бірі, «Қазақтелеком» АҚ филиалы - Алматы облыстық телекоммуникациялар дирекциясының бас директоры, Алматы облысының «Құрметті азаматы» Жексембай Арғынғазыұлы Мейрембаев.
Ағымдағы жылдың маусым айында Ұлы Жеңістің 75 жыл толуына орай жерлесіміз Жексембай Мейрамбаевтың демеушілігімен Лепсі ауылында ардагерлерге арналған мемориалды ескерткіш тақта орнатылды. Бұл күнде орнатылған мемориалды ескерткіш ауылымыздың сәнін келтіріп, мәдени құндылықты дәріптеп, болашақ ұрпаққа үлгі ретінде қалдыратындай бір нышанға айналды. Әр салада есімі елге мәлім тұлғалардың жастарға, ауыл тұрғындарына, туған өлкесіне жасаған қамқорлықтары қашан да көпке үлгі. Жақсының жақсылығын айта жүрейік. Лепсі ауылдық округінің тұрғындарының атынан алғысымыз шексіз. Ең бастысы қайырымның үлкен-кішісі, игіліктің ерте-кеші жоқ екенін ұмытпайық.
Лепсі ауылдық округінің тұрғындары
|
|||
|