|
|||
Мысалы төмендегілер ұсынылады.Білім алушылардың кәсіптік практика есептерінің құрылымы, дайындау тәртібі мен қорғау мерзімдері, практика нәтижесін қорытындылау барысы Ескерту: қорытынды есеп берудің формаларының үлгісі, титул беттің үлгісі қосымша көрсетіліп, есепті қабылдау туралы ақпарат пен бағалау тәртібі қоса беріледі.
Мысалы төмендегілер ұсынылады. 1.Білім алушылар келесі мәліметтер мен құжаттарды ұсынуға тиісті: 2.Жолдама (1-қосымша, Оқу орнына қайтарылатын бөлігі) 3.Кәсіптік практиканың жұмыс жоспар-кестесі (2-қосымша) 4.Кәсіптік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп (3-қосымша) 5.Тәжірибе өту кезінде орындалған қызметтің сипаттамасынан, алынған білімдер дағдылардан, жиналған мәліметтермен жұмыс істеудегі қиындықтарды талдаудан, өзінің шығармашылық жетістіктері мен кемшіліктерін бағалаудан тұратын, жүргізілген жұмыс бойынша есеп.
Оқу-өндірістік практика бойынша есеп келесі құрылымнан тұру керек: 1.Негізгі бет (Қосымша А) зерттеу практика өту бойынша есептің бірінші беті болып табылады. 2.Басты бөлім құрауға тиісті: 2.1.Оқу-өндірістік практикадан өтетін білім алушының алдында тұрған міндеттер; 2.2. Оқу-өндірістік практикадан өту реттілігі, практика базасы ұсынған мекеме бөлімшелерінің сипаттамасы; 2.3 Жасалған жұмыстың қысқаша сипаттамасы және оның орындалу мерзімдері; 2.4 Жүргізілген ғылыми-практикалық зерттеулердің түрлері, жүзеге асыру амалдары мен тәсілдері, бағыттары көрсетілген сипаттамасы; 2.5 Сұлба, кесте, график, мәтін және т.б. түрінде баяндалған зерттеу нәтижелерінің мінездемесі; 3. Қорытынды жасау керек: 3.1 Қойылған міндеттер толықтылығын бағалау; 3.2 Жүргізілген ғылыми-практикалық зерттеулердің деңгейін бағалау; 3.3 Ғылыми-практикалық зерттеулер жүргізу және практика өту кезінде туындаған мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар; 3.4 Білім алушының (магистрант, докторанттың) ғылыми-зерттеу жұмысында және шығарушы квалификациялық жұмыста ғылыми-практикалық зерттеулердің нәтижелерін қолдану мүмкіндігін бағалау. 4.Библиографиялық тізім. 5.Есептің қосымшалары: білім алушы практика кезінде өз бетімен құрастырған және рәсімделуіне қатысқан құжаттардың үлгілері, сонымен қатар үйренушінің ғылыми-зерттеу практика өту кезеңіндегі жұмыс нәтижелерін қамтитын құжаттары (мысалы, магистранттың практика кезінде жинаған мәліметтері бойынша дайындалған баяндамалар мен мақалалар мәтіндері).
6.Оқу-өндірістік практика өту бойынша дайындалған есеп көлемі 15-20 беттік мәтінді құрайды. 7.Оқу-өндірістік практика бойынша бағалау.
|
|||
|