Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Экология жылына орайластырылған 8-11 сынып орыс тілі мұғалімдері арасында «Коммуникативтік кеңістіктегі эколингвистика» атты 



Экология жылына орайластырылған 8-11 сынып орыс тілі мұғалімдері арасында «Коммуникативтік кеңістіктегі эколингвистика» атты 

І Республикалық байқауды өткізу туралы»

Ереже

«Бір қадам артқа да, бір орында да емес, тек алға және барлығымыз бірге»

 

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Байқау білім беру мазмұнын жаңарту аясында жұмыс істейтін педагогтардың үздік тәжірибесін анықтауға бағытталған. Оқушылардыңфункционалдық сауаттылығын қалыптастырумақсатында орыс тілін оқыту практикасын инновациялық қайта құру, тіл құралдары арқылы экологиялық ойлауды, эмоционалды зияткерлікті, метакогнитивті дағдыларды дамыту.

Байқау Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде өткізіледі (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысы)

Республикалық байқаудың ұйымдастырушылары ҚР БҒМ ақпараттық қолдауымен "Сапалы білім баспасы" ЖШС болып табылады.

2. МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Мақсаты:

Педагогтарға кәсіби педагогикалық шеберлікті жетілдіру, сондай-ақ жеке және инновациялық шығармашылық әлеуетті іске асыру үшін кең мүмкіндіктер беру.

 

Міндеттері:

- орыс тілін оқыту процесін ғылыми-әдістемелік, практикалық қамтамасыз ету және практикалық қолдау тиімділігін арттыру;

- Республика мұғалімдерінің инновациялық педагогикалық тәжірибесін анықтау, қорыту және насихаттау;

- оқушылардың функционалдық сауаттылығын, экологиялық ойлауын, эмоциялық интеллектісін, метакогнитивтік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін іздеуге және енгізуге педагогтерді ынталандыру;

- мектептегі заманауи тіл білімінің даму үрдісін насихаттау;

- жаңартылған білім беру бағдарламаларын тікелей жүзеге асыруға қызығушылық танытатын дарынды және құзыретті орыс тілі мұғалімдерін анықтау, сондай-ақ оларды қолдау;

- педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттілігін арттыру.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.