|
|||||||||||||||||
Сабақтың типі: аралас сабақСтр 1 из 2Следующая ⇒
Сынып: 10 «Ә» сыныбы Химия сабағы Тақырыбы: «Натрий және калий. Натрий және калийдің қосылыстары» Мақсаты: 1. Металдардың жалпы қасиеттері туралы білімдеріне сүйене отырып, натрий және калийдің өзіне тән қасиеттерін түсіну; 2. Натрий және калийдің химиялық қасиеттерін реакция теңдеуімен көрсетіп, жаза білу 3. химиялық формулалар мен химиялық реакциялар теңдеулері бойынша есептеулер жүргізу 4. химиялық ақпараттарды өз бетінше іздеу 5. теория мен практиканы ұштастыра білу; 6. Натрий және калий қосылыстарының қолданылуы табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы және күнделікті өмірдегі орны туралы ой толғау; Сабақтың типі: аралас сабақ Сабақтың түрі: өзара белсенді құзіреттілікті оқыту Сабақтың әдісі: топтық жұмыстар, деңгейлік тапсырмалар, ребус, тест тапсырмалары Сабақтың көрнекілігі: периодтық жүйе, оқулық, интерактивті тақта, натрий және калий қосылыстарының жиынтығы, «алма ағашы», алма суреттері, А3 плакаттары Технология түрі: сын тұрғысынан ойлау технологиясы Пән аралық байланыс: биология, медицина, экология, география Күтілетін нәтиже: - Натрий, калий қасиеттерін сипаттай білу - Теориялық білімдерін жүйелей білу - Есептер мен жаттығуларды өзбетімен шығара білу - Элементтердің биологиялық маңызын білу - Өзгерістер тізбегін, химиялық реакция теңдеулерін жаза білу Сабақтың жоспары: I. Ұйымдастыру (Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу, сыныптың дайындығын тексеру,оқушылар бір-бірін бағалайтынын ескертіп өту. Топпен жұмыс жасау ережелерін еске салу) II. Үй тапсырмасын тексеру Сыныптағы оқушыларды смайликтің көмегімен 4 топқа бөлу. Презентацияда жасырын тапсырмалары бар ұяшықтар орналасқан, сол ұяшықтарды таңдау арқылы оқушылар өздеріне тапсырмалар алады ( тапсырмалар деңгейлік). Алған тапсырмаларын топпен бірігіп плакатқа (А1 өлшемдегі) орындайды. Жасырын тапсырмалары бар ұяшықтар:
Топтар: I-топ II- топ III-топ IV-топ
|
|||||||||||||||||
|