|
||||||||||||
азақстанда тегін білім берудің қолжетімділігі ⇐ ПредыдущаяСтр 3 из 3 Қазақстанда тегін білім берудің қолжетімділігі
Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар адамның күнделікті өміріне әсері. Заманауи технологиялар халық өмірінің бір бөлігіне айналды және жыл сайын олардың ұстанымы нығая бастады. Көптеген адамдар үшін олар өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Оны жаман деп айту -бұл процестің бір ғана қырын қарастыруды білдіреді, себебі жаман жақтарынан артық жақтары әлдеқайда көп. Сымсыз желі байланысы, күрделі бағдарламалар, серпін және басқа да адамдарға жат құрылғылар көбінсе тек қана адамдардың өмірін жеңілдетуге, еңбегін азайтуға бағытталып жасалады. Гаджеттер — түрлі мақсаттарға қолданылатын техникалық құралдар. Олар — адамның нағыз достары. Статистикаға сүйенсек, олар жер бетіндегі әр адамға қажетті техникалық құрылғылар, яғни пайдалы гаджеттер. Олар әр түрлі мақсаттарға бағытталған (сағаттар мен телефондар, микрофондар, проекторлар және шағын роботтар) хай-тек стилінде адам өмірін жеңілдетеді, жалығуға жол бермейді. Адамдардың өмірін айтарлықтай жеңілдететін гаджеттер оңай жолмен жасалмайды, себебі бұл технологияларды жасау үшін арнайы бір топ адамдар өте үлкен жұмыс атқарады. Олар күн сайын жаңа технологияларды ойластырады, оларды тестілейді және бар технологияларды жақсартумен айналысады. Қай жақтан қарамасақ та, технологиялардың дамуы адамдардың мүмкіңдіктерін шектемейді. Дегенмен, олады дамытумен ғана шектеле қоймайды. Жаңа өмір ритмі өте тез болғаңдықтан, күнделікті бір ғана емес, бірнеше шешімдерді жасауға тура келеді. Мысалы жұмысқа бара жатқан жолда бір уақытта электронды почтамызды тексеріп, қайта жауаптар қайтарып үлгереміз. Осындай күнделікті болып тұратын өмір ритмі қандай да бір заттарды үйде, офисте жоғалтып алуға әкеліп соғады және ол заттарды іздеуге кеткен уақыттты басқа жұмыстарға жұмсауға болатыны сөзсіз. Біздің әрқайсысымыз үйдің кілтін, ұялы телефон немесе басқа да қажетті заттарды тез таба алмауымызға байланысты мектепке, университетке, жұмысқа немесе маңызды кездесуге кешігеміз. Үйдің ішіңде кілтті жоғалтып алу — жер бетіндегі адамдардың әрқайсысының басында болатын жағдай. Ақпараттық технологиялардың күннен күнге жаңаруы адамдардың оған деген тәуелділігін одан әрі арттырмаса кеміткен жоқ. Менің бір ұсынысым: «Қарапайым ғана ұялы телефонды алайық. Адамдар онсыз өмір сүре алмайтындай. Қазір «менің қалта телефоным жоқ» десе, шошып қарайтындай халге жеттік.Телефонның көз, омыртқа, белсіздік және т.б ауруларға шалдықтыратынын біле тұра қолды бір сілтейміз. Сондықтан да телефоннан келетін зардаптарды телефон экранына көрсетілсе (темекі қорабының сыртындағыдай), технологияның шамадан тыс қолданудың неге алып келіп соқтырарын халықтың біршамасы түсінер еді». Бұл өзіндік пікір ғана. Адамзат қолынан істеліп отырған дүниелер, адам өміріне зардап келтіруде. Ақпараттық технологиядан түпкілікті бас тарту мүмкін емес. Тек адамзат технологияныны өзіне бағындыра білуі керек
|
||||||||||||
|