Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Педиатрия мамандығы бойынша тесттер



1. Балаларда қан формуласында бірінші физиологиялық «қиылысу» мына жаста байқалады://

өмірінің 1-ші күнінде//

+ өмірінің 5-ші күнінде//

өмірінің 5-ші аптасында//

5 айлығында//

1 жаста

***

2. Қалыпты жағдайда 3 жастағы балада қан сынағына тән://

нейтрофилез//

+ лимфоцитоз//

эозинофилия//

лейкопения//

эритропения

***

3. Ерте жастағы балаларда физиологиялық нейтропения оларды бейімдейді://

анемияға//

гипотрофияға//

рахитқа//

диатездерге//

+ вирусты-бактериалды ауруларға

***

4. Теміртапшылық анемияны емдеу үшін қолданылатын элементарлы темірдің дозасы://

1 мг/кг/тәулігіне//

+ 5 мг/кг/ тәулігіне//

20 мг/кг/ тәулігіне//

50 мг/кг/ тәулігіне//

100 мг/кг/ тәулігіне

***

5. Үлкен жастағы балалардағы теміртапшылық анемияның ең жиі себебі болып табылады://

глисттер инвазиясы//

темір сіңірілуінің бұзылуы//

+ созылмалы қан кету//

 авитаминоз//

 темірге кедей тағам

***

6. Гиперферремиямен жүретін ауру://

фолийтапшылық анемия//

Вискотт-Олдрич синдромы//

Ниманн-Пик ауруы//

+ талассемия//

витамин В12-тапшылық анемия

***

7. Асқорыту жолдарының қай деңгейінде темір сіңірілуінің белсенді ферменттік процессі өтеді?//

өңеш//

асқазан//

+ 12 елі ішек//

ащы ішек//

тоқ ішек

***

8. Төменде көрсетілген белгілердің қайсысы жүре пайда болған апластикалық анемияға жатпайды?//

өсетін панцитопения//

айқын геморрагиялық синдром//

жоғары қызба, анемия//

кілегей қабаттарда жаралы-некротикалық өзгерістер//

+ гепатоспленомегалия

***

9. Анемия мен тромбоцитопенияның қабаттасуы тән ауру://

Блекфен-Даймонд анемиясы//

+ Фанкони анемиясы//

геморрагиялық васкулит//

Бернар-Сулье ауруы//

тұқым қуалайтын ферментопатиялар

***

10. Апластикалық анемияға тән емес лабораториялық көрсеткіш://

абсолюттік нейтропения//

салыстырмалы лимфоцитоз//

тромбоцитопения//

+ гипербилирубинемия//

ЭТЖ-ның жоғарылауы

***

11. Апластикалық анемияда қанкетудің түрі://

+ петехиальді-дақты//

гематомды//

аралас//

васкулитті-пурпурлы//

ангиоматозды

***

12. Апластикалық анемияның диагностикасында ең тиімді зерттеу әдісі://

жалпы қан анализі//

коагулограмма//

стернальді пункция//

+ трепанобиопсия//

цитогенетикалық зерттеу

***

13. Талассемияны емдеуге қолданылмайды://

қан құю//

десферал//

+ темір заттары//

преднизолон//

дезинтоксикациялық ем

***

14. Төмендегі көрсетілген дәрілердің ішінде Г-6-ФДГ тапшылығына байланысты анемияны қоздырмайды?//

левомицетин//

анальгетиктер//

нитрофурандар//

+ ферроплекс//

сульфаниламидтер

***

15. Г-6-ФДГ жетіспеушілігіндегі анемияға тән емес://

сарғаю//

жоғары қызба//

гепатомегалия//

+ спленомегалия//

қара түсті зәрі

***

16. Төменде көрсетілгендердің ішінде β-талассемия белгілеріне жатпайды://

гемоглобин және эритроцит деңгейінің төмендеуі//

+ түсті көрсеткіштің жоғарылауы//

«нысана тәрізді» түрді эритроциттер//

сарусылық темірдің жоғарылауы//

десферал сынағының оң болуы

***

17. Орақ тәрізді-клеткалық анемия диагнозын қоюға ең ақпаратты болып табылады://

эритроциттердің орақ тәрізді формасы//

ретикулоцитоз//

гипербилирубинемия//

+ гемоглобиннің патологиялық тізбегі//

гемоглобин деңгейінің төмендеуі

***

18. Қантамырішілік гемолизге тән негізгі белгілері, тек біреуінен басқасы://

гемоглобинемия//

+ эритроциттердің морфологиялық өзгерістері//

гемоглобинурия//

эритроциттердің қалыпты осмотикалық тұрақтылығы//

спленэктомия эффект бермейді

***

19. Орақ тәрізді-клеткалық анемияның белгілеріне жатпайды://

анемия//

сарғаю//

вазооклюзионды криз//

апластикалық криз//

+ геморрагиялық криз

***

20. Аутоиммунды гемолитикалық анемияға тән лабораторлық көрініс://

кенеттен ретикулоцитоз, нормобластоз//

эритроциттердің осмостық тұрақтылығының шамалы төмендеуі//

нейтрофилдердің миелоциттерге дейін лейкоциттердің жылжуы//

шамалы тромбоцитопения//

+ Кумбс сынамасының тура жалғасуы

***

21. Дәрілік заттарды қабылдаумен байланысқан гемолитикалық анемия қайсысына жатады://

аутоиммунды//

+ гетероиммунды//

изоиммунды//

трансиммунды//

иммунды емес

***

22. Гемолитикалық анемияның диагностикалық мониторингі төменде көрсетілген шаралардың барлығын қамтиды, мынадан басқа://

жалпы қан анализі ретикулоциттермен қоса//

эритроциттердің морфологиялық сипаттамасы//

+ LE-клеткаларының анықталуы//

Кумбс сынамасы//

эритроциттердің осмостық тұрақтылығын анықтау

***

23. Талассемияның клиникалық көрінісіне жатпайды://

анемия//

сарғаю//

+ ауыр сезім синдромы//

бауырдың үлкеюі//

көкбауырдың үлкеюі

***

24. ҚШҰ - синдром диагнозын қоюға ақпаратты болып табылады://

қан сынағы//

+ коагулограмма//

клиникалық көрінісі//

тромбоэластограмма//

иммунограммма

***

25. ҚШҰ-синдромының I фазасының лабораториялық көрсеткіштеріне жатпайды://

тромбоциттердің гиперкоагуляциясы//

фрагментацияланған эритроцит санының жоғарлауы//

фибриногеннің жоғарлауы//

РФМК концентрациясыынң жоғарылауы//

+ АЧТВ-ның ұзаруы

***

26. Гассер синдромы кезіндегі бүйрек жағынан бұзылыстар://

жедел пиелонефрит//

созылмалы бүйрек жетіспеушілігі//

жедел постстрептококкты гломерулонефрит//

тубулопатия//

+ жедел бүйрек жетіспеушілігі

***

27. Мошковиц синдромы кезіндегі тромбоцитопения немен түсіндіріледі://

иммунды процестер әсерінен қан арнасында жылдам бұзылуымен//

көкбауырда жылдам бұзылуымен//

+ тромбоциттердің тамырішілік қолданылуымен//

тромб түзілуінің жеткіліксіздігімен//

аталғандардың барлығымен

***

28. ҚШҰ – синдромы кезіндегі қанкету түрі://

петехиальды-дақты//

гематомды//

+ аралас//

васкулитті-пурпурлы//

ангиомотозды

***

29. Мошковиц ауыруына тән емес://

+ лимфоаденопатия//

геморрагиялық синдром//

неврологиялық көріністер//

бүйрек зақымдалуы//

тромбоцитопения

***

30. ИТП кезінде барлық шаралар геморрагиялық синдромды басады және иммунопатологиялық процеске әсер етеді, мынадан басқасы://

кортикостеройдты тағайындау//

тамыр ішілік иммуноглобулин//

+ орын басушы ем//

спленэктомия//

интерферон препараттары

***

31. ИТП-ға тән емес белгі://

қанталаудың микроциркуляторлық түрі//

тромбоцитопения//

мегакариоциттердің жоғары деңгейі//

+ спленомегалия//

уланудың болмауы

***

32. ИТП кезінде глюкокортикоидты емнің стандартты мөлшері (преднизолон - per os)://

1мг/кг/тәулігіне//

+ 2мг/кг/тәулігіне//

4мг/кг/тәулігіне//

5 мг/кг/тәулігіне//

10мг/кг/тәулігіне

***

33. Тромбоцитопатияларға қолдануға болмайтын дәрілер://

левомицетин//

викасол//

гентамицин//

+ ацетилсалицил қышқылы//

адроксон

***

34. Виллебранд ауруы кезінде гемостаз жүйесінің бұзылуы немен сипатталады://

тромбоциттердің төмендеуі//

VІІ факторының болмауы//

фибриногеннің төмендеуі//

+ VІІІ фактордың плазмалы комплексінің болмауы//

қан кету уақытының қысқаруы

***

35. Тромбоциттер агрегациясын төмендететін дәрілер://

аминазин//

инсулин//

фолий қышқылы//

пиридоксин//

+ аталғанның бәрі

***

36. Тромбоцитопатияға қатысты ауру://

Рандю-Ослер ауруы//

+ Виллебранд ауруы//

Казабах-Меррит синдромы//

Рубинштейн-Тейби синдромы//

Минковский-Шоффар ауруы

***

37. Жедел лейкоз емі эффективтілігінің негізгі көрсеткіші болып табылады://

шеткі қанда бластты клеткалардың жойылуы//

гемоглобин және лейкоциттер деңгейінің қалыпқа келуі//

баланың клиникалық жағдайының жақсаруы//

+ сүйек кемігінде бластты клеткалар саны 5 % төмен//

сүйек кемігінде бластты клеткалар саны 10 % төмен

***

38. Балаларда лейкоздың қандай түрі жиі анықталады://

жедел миелобластты лейкоз//

жедел эритролейкоз//

жедел мегакариоцитарлы лейкоз//

+ жедел лимфобластты лейкоз//

созылмалы миелолейкоз

***

39. Жедел лейкоз емінде жиі болатын асқыну://

гемосидероз//

сүйек кемігінің аплазиясы//

+ гиперурикемия//

дәрілік агранулоцитоз//

гемолиз

***

40. Созылмалы миелолейкоздың ересектер типіне тән белгі://

лейкопения//

тромбоцитопения//

+ көкбауырдың орасан ұлғаюы//

лимфа түйіндерінің ұлғаюы//

Ph' (филадельфиялық) хромосомасының анықталмауы

***

41. Реналдық тубулопатиялар кезінде ақпарат бермейтін лабораторлық-инструменталдық зерттеу әдісі://

+ бүйректің радиоизотопты зерттеуі//

қуыс сүйектің рентген суреті//

зәрдегі фосфор, кальций, натрийді анықтау//

зәр рН-ын анықтау//

глукозурияны анықтау

***

42. Пурин алмасуы бұзылған кезде бүйрек зақымдануы, бүйрекке ненің артық түсуімен байланысты://

оксалаттар//

+ ураттар//

цистин//

трифтофан//

барлық жауап теріс

***

43. Екі стақанды сынақ нені анықтауға арналған://

белсенді лейкоциттер//

бүйректегі жасырын қабыну процессін//

+ гематурия және лейкоцитурия шығу орнын//

барлығы дұрыс//

барлығы теріс

***

44. Жедел пиелонефриттің ең жиі қоздырғышы болып табылады://

стрептококк//

вирус//

+ ішек таяқшасы//

энтерококк//

көк-ірің таяқшасы

***

45. Балалардағы жедел пиелонефритке тән емес белгіні көрсетіңіз://

дене қызуының жоғарлауы//

+ ісінулер//

іштің ауруы//

интоксикацияның болуы//

лейкоцитурия

***

46. Нәрестелердегі зәр жүйесінің инфекциясында қай флора кездеседі://

+ грамм теріс флора//

грамм оң флора//

хламидия//

кандидалар//

бифидум бактерия

***

47. Ересек жастағы балаларда пиелонефриттің жұғу жолы://

гематогенді//

лимфогенді//

+ өрлеуші//

контакты//

барлығы дұрыс жол

***

48. Нефроптоз және дистопияның ажырату диагностикалық әдісі://

сипау//

УДЗ//

+ ангиография//

КТ//

нефросцинтиграфия

***

49. Тұқым қуалайтын нефриттің 1- сатысындағы зәр анализіне тән өзгерістер://

+ көбінесе гематурия//

көбінесе протеинурия//

көбінесе лейкоцитурия//

жоғарыдағылардың барлығы//

барлық жауап дұрыс емес

***

50. Тұқым қуалайтын нефритті науқас өмірін ұзартатын емдеу әдісі://

цитостатикалық ем//

+ бүйрек трансплантациясы//

гормоналдық ем//

иммуностимуляторлар//

барлығы

***

51. Тұқым қуалайтын нефрит көрінісі байқалатын жас://

3 жасқа дейін//

3-6 жас//

7-11 жас//

+ 12-14 жас//

жасқа байланысты емес

***

52. Поттер синдромы- бұл://

+ 2 жақты бүйрек агнезиясы//

1 жақты бүйрек агнезиясы//

еселенген бүйрек//

қосалқы бүйрек (үшінші)//

барлық жауап дұрыс емес

***

53. Тұқым қуалайтын нефриттің 1 – сатысындағы зәр анализіне тән өзгерістер://

көбінесе протеинурия//

+ көбінесе гематурия//

көбінесе лейкоцитурия//

жоғарыдағылардың барлығы//

барлық жауап дұрыс емес

***

54. Жедел гломерулонефриттің гематуриялық синдромының белгісіне қайсысы жатпайды://

ісінулер//

гипертензия//

+ дизурия//

микрогематурия//

олигоурия

***

55. Нефротикалық синдром белгілеріне жатпайды://

жаппай ісінулер//

+ макрогематурия//

протеинурия 3 г/тәуілігіне жоғары//

гипопротеинемия//

гиперхолестеринемия

***

56. Туа біткен токсоплазмоз кезіндегі нефротикалық синдромға не жатпайды://

қызба//

менингоэнцефалит//

+ артериялдық гипертензия//

гидроцефалия//

бас миында кальцификаттың болуы

***

57. Туа біткен цитомегалия кезіндегі НС сипатталмайды://

ОЖЖ, бауыр, бүйрек зақымдануы//

жүрек, бүйрек, сілекей безі, ішек зақымдануы//

жекеленген протеинурия//

гематурия және лейкоцитуриялы толық немесе толық емес НС//

+ күлдіреме, ринит

***

58. Минимальды өзгерісті нефротикалық синдром немен сипатталмайды://

жаппай ісіну, анасарка//

гипоальбуминемия//

гиперхолестеринемия//

+ гиполипидемия//

протеинурия 3 г/тәуілігіне жоғары

***

59. Wiscot-Aldrich синдромы кезіндегі нефротикалық синдром келесі белгілермен бірге жүрмейді://

геморрагия//

тромбоцитопения//

экзема, дерматит//

+ катаракта, нистагм//

қан кету

***

60. Жедел стрептококктан кейінгі гломерулонефрит еміне жатпайды://

антибиотиктер//

диуретиктер//

+ индометацин//

диета//

гипотензивті дәрілер

***

61. Жедел гломерулонефритпен ауырған балалар бақылауда болады://

1 жыл//

3 жыл//

+ 5 жыл//

7 жыл//

жеткіншектер емханасына ауыстырылғанша

***61. Жедел гломерулонефритпен ауырған балалар бақылауда болады://

1 жыл//

3 жыл//

+ 5 жыл//

7 жыл//

жеткіншектер емханасына ауыстырылғанша

 

62. Жекеленген зәрілік синдроммен жедел гломерулонефритке тән://

азотемия//

олигурия//

гипертония//

ісіну синдромы//

+ гематурия

***

63. Балалардағы жедел гломерулонефриттің жиі даму себебі болады://

вирусты инфекция//

стафилакоккты инфекция//

+ стрептококкты инфекция//

грамм-теріс инфекция//

барлығы

***

64. Жедел гломерулонефрит кезіндегі диета қағидасы://

ақуызды шектеу//

суды шектеу//

+ тұзды шектеу//

барлығы дұрыс//

барлығы теріс

***

65. Стероидқа-тұрақты (фокалды-сегментарлы гломерулосклероз) гломерулонефриттің таңдамалы емі болып табылады://

кортикостероидтар//

цитостатиктер//

+ циклоспорин А//

селл-септ//

симптоматикалық ем

***

66. Нефротикалық синдромды гломерулонефритке тән://

гипертония, протеинурия, гиперлипидемия//

+ гиперлипидемия, протеинурия, диспротеинемия, гипоальбуминемия//

диспротеинемия, гиперлипидемия, гематурия//

ісіну, гипертензия, азотемия//

«ет шайындысы» сияқты несеп

***

67. Фосфат-диабет болып табылады://

витамин Д-резистентті рахит//

+ витамин Д-тәуелді рахит//

витамин Д-сезімтал рахит//

бүйректік тұзды рахит//

бүйректік нанизммен витамин Д-резистентті рахит

***

68. Рахит-тәрізді аурулар жиі келесі жаста байқалады://

3 ай//

6 ай//

9 ай//

+ 1 жастан бастап//

6 жастан жоғары

***

69. Гиперуратуриялы науқастың туысқандарында айқындалмайды://

бүйрек-тас ауруы//

+ өт-тас ауруы//

семіздік//

подагра//

артропатия

***

70. Де Тони-Дебре-Фанкони ауруы кезінде айқындалмайды://

бойдың өспеуі, салмақтың артта қалуы//

реналдық тубулярлық ацидоз//

төменгімолекулалық протеинурия//

аяқ-қол сүйектерінің жиі сынуы және деформациясы//

+ гематурия

***

71. ЖБЖ-нің ақыры болмайды://

СБЖ-не ауысуы//

өліммен аяқталуы//

интерстициалдық нефрит, пиелонефрит дамуы//

+ амилоидоздың дамуы//

сауығу

***

72. ЖБЖ-нің еміне жатады://

диуретиктерді қолдану//

гемостаз бұзылыстарын жою//

негізгі сырқаттың спецификалық емі//

+ барлығы дұрыс//

барлығы теріс

***

73. Балалардағы ЖБЖ дамуының пререналдық жиі себебі болып табылады://

ГУС//

+ эксикозды жедел ішек инфекциясы//

қуық тасы//

гломерулонефрит//

ауыр металдармен улану

***

74. ЖБЖ төмендегі зерттеулердің қайсысы міндетті емес://

бүйрек УДЗ-і//

+ бүйректің радиоизотопты зерттеуі//

коагулограмма//

электролит, азот қалдықтарына биохимиялық зерттеу//

қан және зәрдің жалпы зерттеуі

***

75. ЖБЖ ағымының сатысына жатпайды://

предануриялық//

олигоануриялық//

+ уремиялық//

полиуриялық//

қалпына келу

***

76. СБЖ кезіндегі биохимиялық көрсеткіштердің өзгерісі://

гиперальбуминемия//

дислипидемия//

+ гиперкреатининемия//

уробилинурия//

гипербилирубинемия

***

77. СБЖ кезіндегі анемия себебі://

гемолиз//

фолий қышқылының жетіспеушілігі//

темір тапшылығы//

+ эритропоэтин жеткіліксіздігі//

барлығы

***

78. СБЖ кезіндегі зәрілік синдром көріністеріне жатпайды://

изогипостенурия//

протеинурия//

+ бактериурия//

цилиндрурия//

микрогематурия

***

79. СБЖ кезіндегі остеодистрофия себебіне жатпайды://

кальций тапшылығы//

Д-витаминінің белсенді метаболиттік өнімдерінің бұзылысы//

гиперпаратиреодизм//

+ анемия//

барлық жауап теріс

***

80. СБЖ кезінде геморрагиялық синдромның дамуын не анықтайды?//

тромбоцитопения//

+ тромбоцитопатия//

протромбиннің төмендеуі//

VI-фактор, тромбоциттердің төмендеуі//

гиперкалиемия

***

81. Өніштін анатомиялық бөлектерін атаныз://

мойын бөлімі//

кеуде бөлімі//

құрсақ бөлімі//

+ барлығы дұрыс

***

82. ГЭР дамуын және өңештің зақымдануын алдын алатын негізі қорғаныш факторлар болып табылады://

эзофагеалды тазарту//

өңеш шырышты қабатының резистенттілігі//

+ төменгі эзофагеалды сфинктер//

дер кезінде асқазан құрамын алып тастау//

асқазанның қышқылтүзу қызметін бақылау

***

83. Эзофагиттің негізгі белгісі://

кекіру//

+ қыжылдау//

лоқсу//

одинофагия//

дыбыстың қырылдауы

***

84. ГЭРА-кезінде аурулармен ажырату диагнозын өткізеді://

+ тарылу диафрагмадан төмен орналасады//

асқазан ауалы қабығы қатысады//

өңештің қуысының қеңеюі//

перистальтиканың босаңсуы//

кескіннің тегіс еместігі

***

85. Гастродуоденоскопия жасау көрсеткіштері://

+ асқорыту жолының жоғарғы бөлігіндегі бөгде затты алып тастау//

трахеобронхиальді ағаш және мұрын-жұтқыншақ жағы жедел қабыну аурулары//

орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануы//

аорта аневризмасы//

дұрыс жауап жоқ

***

86. Эрадикациялық емнің әсерін қанша күннен ерте емес бақылау қажет://

ем біткеннен кейін 10 күннен кейін//

14 күннен кейін//

+ 1 айдан кейін//

2 айдан кейін//

ем біткеннен кейін 4 айдан кейін

***

87. СГД кезінде асқазан секреторлық қызметі жоғарлаған кезде қолданылмайды://

сүт//

сүт тағамдары//

+ қышқыл шырындар//

көп қайнатылған ботқалар

***

88. НР-ассоцирленген гастрит емі бағытталады://

секреторлық бұзылысын коррекциялауға//

НР эрадикациясы//

дисмоториканы жою//

нейровегетативті статусты қалпына келтіру//

+ барлығы

***

89. НР- ассоцирленген гастрит кезіндегі омепразол қызметі://

олардың эрадикациясынсыз хеликобактерге супрессивтік әсер етеді//

амоксициллин әсер етуі үшін қолайлы жағдай туғызады//

асқазан сөлін тежейді//

асқазан құрамының РН-ын жоғарлатады//

+ барлығы

***

90. Эрадикациялық емді өткізген кездегі висмуттың коллоидты субцитратының мөлшері://

50 мг/кг 1 2 рет//

+ 120 м 4 рет тәулігіне//

0,5-1 мг/кг 20 мг 2 рет//

400 мг 2 рет//

20 мг/кг 500 мг 2 рет

***

91. ЖА- бұл ауру://

жедел ағымды//

қайталанатын созылмалы//

көктем- күздік маусымды өршулермен//

асқазан мен 12 елі ішектің жара ауруымен сипатталады//

+ қайталанатын созылмалы, көктем- күздік маусымды өршулермен және асқазан мен 12 елі ішектің жара ауруымен сипатталады

***

92. Өт шығару жолдарының гипертоникалық түрі кезіндегі белгілерге жатпайды://

ауырсыну кіндіктен жоғары оңға қарай тамақтанғаннан 20-30 минуттан кейін//

+ түнгі және аш қарындағы ауырсыну//

бауырдың ұлғаюы//

склераның шетіндегі субиктерия//

сфинктер Оддидің жабылу ұзақтығы дуоденалдық зондтауда 10 минуттан жоғары

***

93. Холекинетиктерге жатады://

+ магний сульфаты//

платифиллин//

эуфиллин//

нитроглицерин//

м-холинолитиктер

***

94. Өт шығару жолдарының екіншілік дискинезиялары факторларына жатпайды://

асқазан және ұлтабардың созылмалы аурулары//

ішек биоценозының бұзылысы//

тағам аллергиясы//

құрттар инвазиясы//

+ энцефалопатия

***

95. Қандай факторлардың болуы тас түзілу процесіне көмектеседі://

«литогенді» өттің болуы//

кристалдану жөне татүзілу үшін «ядро»-ның болуы //

өт тоқтау//

+ барлық фактолар қажет//

тек және қажет

***

96. Медикаменттік тасты еріту көрсеткіші://

+ тастың үлкендігі 15-20 мм-ден үлкен емес//

тас диаметрі 2 см-ден үлкен//

бауыр ауруы//

өт қабының және өт өзектерінің жедел қабыну аурулары//

рентгенпозитивті карбонат тастары

***

97. Гипотоникалық өт жолдары дискинезиясымен науқасқа қандай ем тәсілін таңдайсыз?//

ішті сипау//

жылы процедуралар//

+ сорбитпен тюбаж//

но-шпа тағайындау//

аллахол

***

98. Созылмалы холециститтің субъективті көріністері://

терінің қышынуы//

кардиалгия//

іштің ауруы//

+ барлығы//

терінің қышынуы және іштің ауруы

 ***

99. Өт айдайтын таңертеңгіліктен кейін өт қабының көлденеңінің 2 есе азаюы дәлелдейді://

өттің жылдам шығуы//

өттің жай шығуы//

+ өттің қалыпты шығуы//

«істен шыққан өт қабы» туралы

***

100. Созылмалы панкреатит асқынуы белгілеріне жатпайды://

метеоризм//

іш өтулер//

ауырсыну//

құсу//

+ дене салмағының азаюы 

***

101. Ұйқы безінің бас бөлігі зақымданғанда ауырсыну сезімі орналасады://

сол қабырға астында//

ауырсыну солға және жоғары беріледі//

+ оң қабырға асты//

іштің барлық жоғарғы бөлігінде//

белдемелі сипат алады

***

102. Ұйқы безінің экзокриндік жетіспеушілігінің белгісі://

тұрақты полифекалия//

+ үлкен дәрет майлы, жылтыраған//

метеоризм//

үлкен дәрет тұрып қалған//

гипогликемия

***

103. СЕЖК-тің эндоскопиялық белгілірі://

+ ішектің барлық айналасының зақымдануы//

сірі қабаты фиброзды қалыңдаған//

малигнизация тән емес//

псевдополиптер тән емес//

жанаған кезде қанағыштытық болмайды

***

104. Асқынған СЕЖК – кезінде ирригоскопия өткізуге болмайды://

тоқ ішек стриктурасы//

+ тоқ ішектің токсикалық кеңеюі//

қабыну полиптері//

тоқ ішек рагі//

барлық көрсетілген жағдайда

***

105. СЕЖК-тің жеңіл түріне тән://

жүйелі көріністердің болуы//

үлкен дәретте қан жағындысының болуы//

проктит, проктосигмоидит//

барлығы//

+ дурыс жауап Б және В

***

106. СЕЖК-тің ауыр түрінде қолдануға болмайды://

салофальк//

преднизолон//

+ лоперамид//

6-меркаптопурин//

метронидазол

***

107. Целиакия белгілеріне тән емес://

полифекалия//

псевдоасцит//

бойының өспеуі//

анемия//

+ коллапстық жағдай

***

108. Өмірініқ бірінші күнінен емшек және сиыр сүтімен тамақтанған кезде білінеді. Тамақ мөлшері ұлғайғанда белгілері күшейеді://

сахароза-изомальтозалық жетіспеушілік//

+лактозаның жетіспеушілігі//

глюкозаның мальабсорбциясы//

фруктоза мальабсорбциясы//

муковисцидоз

***

109. Тітіркенген ішектің көп қырлы ауру белгісіне тән://

гипохромдық қанның аз болуы//

С тобының витаминдерінің жетіспеуі//

+ аурудың жалпы жағдайы азап шекпейді//

В тобының витаминдерінің жетіспеуі//

терінің бөртіп кетуі  

 ***

110. Іш қатуды емдеген кезде қолданылмайды://

вазелин майы//

лактулоза//

+ кастор майы//

кебек//

мукофальк

***

111. 8 жасар балада ангинамен ауырғаннан соң 2 жетіден кейін ұшпалы ауырсыну, қызба, қозғалыстың шектелуі, және өлардың ісінуі пайда болды. Бауырдың ылғаюы, жүрек тоннын түйықталуы, тонның әлсіреуі, жүрек ұшындағы әлсіз шум анықталған. Қанда ЭТЖ  55 мм/час, лейкоцитоз 14.2 Г/л; АСЛ-О-500 АЕД; СРБ (+++); серомукоид-0,800.

Диагноз: ревматизм, белсенділігі III дәрежелі. Біріншілікті ревмокардит, полиартрит, жедел ағымды, ҚАЖ IIA. Патогенетикалық мақсатта төмендегі препараттардың қайсысын қолданады?//
+ преднизолон//
цефазолин//
делагил//
дипразин//
эритромицин
***
112. 10 жасар бала аурудын 3 күні іштін аурусуына, және сол жақ тізе буыны, он жақ шынтақ буынның қозғалысының қиындалуына және ауырсынуына шағымданады. Аурудын 1 күнінде дене қызуы 38.5 С, тобық буынның зақымдануы болған. Жүрек шекаралары 2 см ұлғайған, тахикардия 120 рет минутына, бірінші тонның әлсіреуі, галоп, жүрек ұшында "жұмсақ" систолалық шум естіледі. Бұл клиникалық көріністер қай ауруға тән?//
+ ревматизм//
жүйелі қызыл жегі//
ювенильді ревматоидты артрит//

Рейтер ауруы//
реактивті артрит
***
113. 8 жасар балада 3 апта бойы интермиттенген қызыну қалтыраумен, полиатрит белгілері, беті мен кеудесінде дақты, папулезді бөртпелер шыққан. Тахикардия, тон дыбысы жеткілікті. Гепатолиенальды синдром. 

НЬ-94 г/л, Л. - 14.0 Г/л, нейтрофиллез, СОЭ-58мм/сағ. Қан егуі - стерильді. 2 апта бойы жүргізілген антибактериальді терапия нәтижесіз. Бұл көріністер қандай патологияға тән?//
+ ювенильді ревматоидты артрит, жүйелі түрі (аллергосептикалық) вариант//
ревматизм//
сепсис//
жүйелі қызыл жегі//
жүйелі склеродермия
***

114. 11 жастағы қыз бала 1,5 ай бойы ауырған. Бетінде «көбелек»тәрізді бөртпе шыққан, қайталамалы полиартрит көріністері, деформация қалдырмаған. Ауыз қуысында ұсақ жаралар болды. Аускультацияда перикардтың үйкелі шум естіледі. НЬ - 73 г/л, Ер - 2.8Т/л, СОЭ - 61 мм/час. Протеинурия - 0.33-0.66 г/л. Бұл көріністер қандай патологияға тән?//
+ жүйелі қызыл жегі//
ювенильді ревматоидты артрит, жүйелі түрі//

түйінді периартериит//
ревматизм//
дерматомиозит
***
115. 3 жастағы баланың ата-анасы емханаға баланың физикалық дамуының артта қалуына шағымданып келді, бала нашар жүреді. Объективті: психикалық дамуы жасына сәйкес, қалыпты, нық аймағының артық дамуы анықталған. Дененін төменгі бөлімі, аяқтары әлсіз, бұлшықет гипотониясы анықталды. Жүрек шекаралары солға 2 см кенейген. Жүрек ұшында 1 тон күшейген. Систолық шу 2 қабырғааралалығы оң жақтан естіледі. Бауыры ұлғаймаған. Осы клиникалық көріністердің аорта коарктациясын нақтылайды.//
+ АҚ аяққа қарағанда қолда жоғары//

оң жақ қарыншадағы миокард гипертрофиясы//
АҚ қолға қарағанда аяқта жоғары//
АҚ аяқ пен қолда бірдей//
рентгенограммада өкпе сүретінің күшеюі
***

116. 3 жастағы баланың ата-анасы емханаға баланың физикалық дамуының артта қалуына шағымданып келді, бала нашар жүреді. Объективті: психикалық дамуы жасына сәйкес, қалыпты, нық аймағының артық дамуы анықталған. Дененін төменгі бөлімі, аяқтары әлсіз, бұлшықет гипотониясы анықталды. Жүрек шекаралары солға 2 см кенейген. Жүрек ұшында 1 тон күшейген. Систолық шу 2 қабырғааралалығы оң жақтан естіледі. Бауыры ұлғаймаған.Аяғынан пульс анықталмады. АҚ - 150/90 мм рт.ст. Қандай диагноз?//
+ аорта коарктациясы//
вегето-тамырлық дистония//
феохромоцитома//
ашық артериальді түтік//
аорта стенозы
***
117. 5 жасар қыз бала емханаға бас ауруы, ентігу, әлсіздік, жүректің жиі соғыуна шағымданып түсті. Екі апта бүрын гастроэнтеритпен ауырған. Объективті: бала жағдайы ауыр, әлсіз, бозарған, тахикардия 120 рет минутына, галоп ритмі, жүрек тоны анық емес, шулар анықталады, өкпеде ылғалды сырылдар, баыры 2 см. Перифериялық пульс әлсіз, жүрек шекаралары кенейген. ЭКГ-де ST сегменті және Т тісшесінің өзгеруі, аритмия анықталды. Ең алдымен қандай ауру туралы ойлау керек?//
+ ревматикалық емес кардит//
инфекциялық эндокардит//
ревматизм//
гипертрофиялық кардиомиопатия//
жедел пневмония
***
118. 4.5 айлық бала, кардиологиялық бөлмеге туа пайда болған жүрек ақауы диагнозымен түсті. Анасының шағымы бойынша дене салмағын аз қосу, ентігу және цианоз, олар физикалық күне түскенде күшейеді. Бала жағдайы кенеттен нашарлаған, ентігу және цианоз күшейген, мазасыздық пайда болған, интенсивті систолалық шу төмендеген. Қандай диагноз?//
+ Фалло ауруы, ентікпе-цианотикалық ұстамаодышечно-цианотический приступ//
жұқпалы эндокардит//
дефект межжелудочковой перегородки//
гипертрофиялық кардиомиопатия//
жүрекше аралық ақауы
***

119. 4,5 айлық бала, кардиологиялық бөлмеге туа пайда болған жүрек ақауы диагнозымен түсті. Анасының шағымы бойынша дене салмағын аз қосу, ентігу және цианоз, олар физикалық күне түскенде күшейеді. Бала жағдайы кенеттен нашарлаған, ентігу және цианоз күшейген, мазасыздық пайда болған, интенсивті систолалық шу төмендеген. Алғашқы көмек қалай жүргізіледі?//
+ көктамырға промедол, анаприлин енгізу//
көктамырға строфантин енгізу//
көктамырға эуфиллин енгізу//
көктамырға преднизолон енгізу//
көктамырға фуросемид енгізу

***

120. Аурухананың қабылдау бөліміне 3 жасар ер бала тәбетінің төмендеуі, құсу, іш өту, әлсіздік, тахикардия, ентігу шағымдарымен жеткізілді. Анамнезінде 1 ай бойы қабылдағаны белгілі болды. ЭКГ - ST сегменті корыто формалы, Т тісшесі теріс, P-Q интервалы ұзарған. Балаға тағайындау керек://
+ калий препараттарын//
допамин инфузиясын//

дигоксин инфузиясын//
кальций препараттарын//
зәр айдағыш препараттар

***
121. 10 жастағы балада туа пайда болған атриовентрикулярлы блокаданың үшінші стадиясы болған. Реанимация бөліміне есті жоғалту және тырысу ұстамаларына байланысты жеткізілді. Объективті – бала бозарған, акроцианоз, пульс 50 рет минутына, АҚ -90/50 мм рт. ст. Жедел көмек қалай жүргізіледі?//
+ көктамырға атропин енгізу//
көктамырға дигоксин енгізу//
көктамырға седуксен енгізу//
көктамырға обзидан енгізу//
көктамырға допамин енгізу
***

122. 5 жастағы қыз балада Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы анықталды. Бұл синдромның себебі болып табылады?//
+ атриовентрикулярлы өткізгіштіктің жылдамдауы//
қарыншалық экстрасистолия//
қарыншаішелік өткізгіштіктің миграциясы//

Гис будасы аяғының блокадасы//
атриовентрикулярлы блокада
***
123. 7 жастағы ер бала мектепте есі жоғалтыуна байланысты қабылдау бөлмеге жеткізілді. Объективті - бала бозарған, ауыз-мұрын ұшбұрышы мен аяқ қас цианозы. Пульс аритмиялық, 50 рет минутына, АҚ-80/40 мм рт. ст., ЭКГде қарынша мен жүрекшенің тәуелсіз әсері (Р тісшесі QRS комплексінен жоғары). Не туралы ойлау керек?//
+ атриовентрикулярлы блокада 3 дәрежелі//
қарыншаның ерте жиырылу синдромы//
синусты брадикардия//
атриовентрикулярлы блокада 1 дәрежелі//

атриовентрикулярлы блокада 2 дәрежелі

***
124. 6 айлық балада көкірек бөлімінде пневмония себемімен жатқан кенеттен ентігу, құсу, бозару және терлеу, ЖСЖ - 200 рет минутына пайда болған. Ұстаманы басу үшін не қолдану керек?//
лидокаин//
+ β-блокаторлар//
кальций антогонисттері//
дигоксин//
атропин
***
125. 10 жастағы қызда жедел респираторлы аурудан кейін 2 апта өткен әлсіздік, бозару, физикалық күне түскенде ентігу пайда болды. Объективті – тахикардия -120 рет минутына, жүрек шекаралары солға ығысқан, жүрек ұшы соққысы ұлғайған, галоп ритмі бар. Өкпенін төменгі бөлімінде ылғалды сырылдар. Дәрігер миокардит диагнозын қойды, ҚАЖ 1-11А дәрежелі. Дигоксин қандай мақсатта тағайындалды?//
+ систолық көлемді көбейту//
жүрек жұмысын төмендету//

аорта қысымын төмендету//
өттегі қажеттелігін төмендету//

коронарлы қан айналасын төмендету
***

126. 5 жастағы қыз балада Вольфа-Паркинсона-Уайта синдромы анықталды. Ұстаманы басу үшін не қолдану керек?//
лидокаин//
кальций антогонистері//
+ β-блокаторлар//
дигоксин//
атропин
***

127. 9 айлық балада туа пайда болған жүрек ақауы - тетрада Фалло бар, кенеттен мазасыздық пайда болып, ентігу күшейген, цианоз, тырысулар болған. Қандай ем қолдану керек?//
+ көктамырға обзидан енгізу



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.