|
|||
Мектеп деңгейінде өткізілетінСтр 1 из 2Следующая ⇒ Мектеп деңгейінде өткізілетін «Терроризмге жол жоқ!» атты интернет байқау ЕРЕЖЕСІ 1. Жалпы ережелер Шашубай кентіндегі «Мектеп-балабақша кешені» базасындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ оқушылары арасында өткізілетін байқау. Байқау мақсаты: Жастарға терроризмнің қоғамға әкелетін қауіп-қатерін көрсету. Міндеттері: - Әлемдегі және еліміздегі экстремизм мен терроризмнің қатерлі құьылыс екеніне жастардың назарын аудару; - Татулықта, бейбіт өмір сүруге, салауатты өмір салтын ұстауға тәрбиелеу; - Оқушыларды төтенше жағдайда шұғыл іс-әрекет жасауға үйрету; Қазіргі әлемдегі терроризмнің қоғамға тигізетін қасіреті туралы оқуының көзқарасын қалыптастыру. 2. Байқаудың өткізу мерзімі мен тәртібі Байқау жұмыстары электронды түрде 2016 жылдың 10 қазаны мен 31 қазанға дейін marzhan_seitova@mail.ru почтасын қабылданады. Ұйымдастыру комитетіне 2016 жылғы 15 қарашадан кейін келіп түскен сондай-ақ талаптарға сәйкес келмейтін жұмыстар қарастырылмайды. Байқаудың қорытындысы, жеңімпаздардың дипломдары, қатысушылардың сертификаттары 2016 жылғы 7 қарашада дүйсенбілік жиында табысталады. Байқауға қатысушының (жіберуші) аты-жөнін, тегін міндетті түрде көрсету керек. Байқауға қатысу үшін marzhan_seitova@mail.ru электронды поштасына келесі құжаттарды міндетті түрде жіберу керек. 1) Қосымшадағы форма бойынша өтінім; 2) Электронды түрде байқау жұмысы;
4. Байқауға қойылатын талаптар. 4.1. Байқауға: 7-17 жастағы жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары келесі жас санаттар бойынша: - Кіші жас санаты: 7-10 жас - Орта жас санаты: 11-14 жас - Жоғары жас санаты: 15-17 жас
4.2. Педагог қызметкерлер қатыса алады.
4.3. Байқаудың номинациялары: Презентация Сурет Сценарий
Байқаудың тақырыптары: Байқауға жіберілген жұмыстар тақырыпқа сай болуы керек. Сценарий, сурет, презентацияларда, қатысушылар келесі тақырыптарды ашуы керек;
1) Терроризммен күрес; 2) Террор құрбандарын еске алу; 3) Мектеп және мектепке дейінгі ұйымдастыруларды терроризмге қарсы көрнекіліктер даярлау; 4) Төтенше жағдайда қорғану ережелері; 5) Төтенше жағдайдағы алғашқы дәрігерлік көмек; 6) Сынып сағаттары т.б
Байқау келесі номинациялар бойынша жүргізіледі: І «Презентация» номинациясы бойынша: Байқауға Power Рoint бағдарламасы мен орындалған жұмыстар қабылданады. Презентацияға қосымша тақырыпты ашатын аудио, видео материялдар, түсінік хат болуы мүмкін. ІІ«Сурет номинациясы бойынша: Байқауға қысқаша сипаттамасымен суреттер байқауы.Байқауға кез – келген материялдар, орындалған суреттер, (ватман, қатырма,кенеп және т.б) және кез –келген техникамен салынған (тушь,акварель,майлы бояу т.б) болуы мүмкін. Жұмыстың фото нұсқасы А4 форматта жіберіледі. Байқау жұмыстарын бағалау өлшемдері: Байқаудың тақырыбынажәне номинациясына сәйкестігі; Жұмыстың сапалы және шебер орындалуы; Ойдың түпнұсқалығы; Жұмыстың көркемдік деңгейі; Шығармашылық деңгейдің автордың жас ерекшелігіне сәйкестігі; Тақырыптың шығармашылық ойы және толық ашылуы;
|
|||
|