Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





4.2. Бөлшектену



Аз ғ ана тыныштық кезең інен кейін зигота эмбриогенездің келесі сатысы бө лшектенуге кіріседі. Бө лшектену біржасушалы зиготаның кө пжасушалы ұ рық қ а айналуымен сипатталады. Бұ л дә йекті тү рде жү ретін митоздық бө ліну арқ ылы іске асырылады. G1 кезең нің болмауына байланысты жасушалардың кө лемі ұ лғ аймайды. Сондық тан ә р бір бө лінуден кейін жасушалардың кө лемі кішірейе береді де, ү рдіс бө лшектену деп аталады. Сонымен қ атар ұ рық тың жалпы кө лемі бө лшектену барысында 20-40% кішірейеді. Бұ л бө лшектену барысында жаң а ақ уыздардың синтезі орнын толтырмайтын кейбір заттардың жоғ алтуын анық тайды. Бө лшектенудің нә тижесінде пайда болғ ан жасушалар  бластомерлер деп аталады.

Сү тқ оректілерде, оның ішінде адамда да, бө лшектену толық (зиготаның барлық материалы бө лінеді), біркелкі емес (кө лемі ә ртү рлі бластомерлер тү зіледі), асинхронды (бластомерлердің бө ліну уақ ыттары ә ртү рлі). Бө лшектенудің асинхрондығ ы мен біркелкі еместігі кө зге бірден шалынбайды, ол екінші бө лінуден кейін ғ ана анық тала бастайды, алғ ашқ ы екі бластомердің кө лемі бірдей болады.

Бө лшектенудің нә тижесінде ү лкен кү ң гірт жә не ұ сақ ашық бластомерлер пайда болады.

Ашық бластомерлер тез бө лінеді де кү ң гірт бластомерлерді сыртынан қ оршай орналасады. Ашық бластомерлерді трофобласт деп атайды, кейін олардан хорион эпителиі дамиды. Кү ң гірт бластомерлерден (эмбриобласт) ұ рық тың денесі жә не хорионнан басқ а ұ рық тан тыс мү шелер дамиды.

Адам ұ рығ ында бө лшектену эмбриогенездің бірінші аптасында ө теді. Осы уақ ыттың ішінде ұ рық жатыр қ уысына тү сіп, имплантация басталады.

Имплантация – ұ рық тың жатырдың шырышты қ абық шасына (эндометрий) кіре орналасып, қ ан тамырларымен тығ ыз байланыс қ ұ рауы. Ол екі сатыдан тұ рады: адгезия – трофобласттың жатырдың шырышты қ абық шасына жабысуы, жә не инвазия – ішке енуі. Имплантацияның алдында трофобласт екі қ абатқ а бө лінеді: жасушалық трофобласт, немесе цитотрофобласт (ішкі жапырақ ), жә не симпластотрофобласт (синонимдері: плазмодиотрофобласт, синцитиотрофобласт, синтрофобласт) – сыртқ ы жапырақ. Кө бінесе ұ рық жатырдың артқ ы қ абырғ асының эндометриіне орналасады, бұ л аймақ та ү лкен қ ан тамырлары ө теді.

Имплантация шамамен 40 сағ атқ а созылады. Имплантация барысында ұ рық тың қ оректенуі ө згереді. Ұ рық танудан соң қ ысқ а уақ ыт ұ рық жұ мыртқ ажасушада болатын аз мө лшердегі қ оректік заттарды қ олданады (аутотрофты қ оректену). Бұ л заттар таусылысымен ұ рық жатыр тү тікшесінің, жатыр бездерінің жә не имплантация барысында ерітілген тіндердің ө німдерін қ олдана бастайды (гистотрофты қ оректену). Эндометрийдің тамырларының қ абырғ асы ерітілген кейін гематотрофты қ оректену ә дісіне (тікелей қ ан арқ ылы) кө шеді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.