Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ндіріс факторлары (ресурстар). Тапшылық



Өндіріс факторлары (ресурстар). Тапшылық

 

Экономикалық ресурстар дегеніміз тауарлар мен қызметтер өндірісінде қолданылатын ресурстардың барлық түрлері. Шын мәнінде бұл басқа игілік өндіру үшін қолданылатын игіліктер. Сондықтан оларды өндірістік ресурстар, өндірістік факторлар, өндіріс факторлары, экономикалық өсім факторлары деп атайды. Өз кезегінде қалған игіліктерді тұтынушылық игіліктер деп атайды.

Экономикалық ресурстарға жататындар:

· табиғи ресурстар (жер, жер қойнауы, су, орман және биологиялық, климаттық және рекреациялық ресурстар), қысқаша – жер;

· еңбек ресурстары (тауарлар мен қызметтер өндіруге қабілетті адамдар), қысқаша – еңбек;

· капитал (ақша түрінде, яғни ақшалай капитал немесе өндіріс қорлары, яғни нақты капитал);

· кәсіпкерлік қабілеттілік (тауарлар мен қызмет өндірісін ұйымдастыруға адамдардың қабілеті), қысқаша – қабілеттілік;

· шаруашылық өмір үшін қажетті білім.

Аристотель және оның ізінше орта ғасырлық ойшылдар еңбекті негізгі экономикалық ресурстардың бірі деп есептеді. Мұндай ыңғайды әлемдегі бірінші экономикалық мектеп – меркантилизмде қостады. Физиократтар мектебі экономикалық ресурс ретінде жерге көп мән берді. Адам Смит еңбек, жер және капитал сияқты экономикалық ресурстарды қарастырды. Бірақ өндірістің үш факторын неғұрлым нақты қалыптастырған француз экономисті Жан Батист Сэй (1767—1832) болды. Ағылшын экономисті Альфред Маршалл (1842—1924) төртінші фактор – кәсіпкерлік қабілетті қосуды ұсынды. Көптеген қазіргі экономистер мәні бойынша экономикалық өсім факторы ретінде – технология, ғылыми-техникалық прогресс, ғылым, ақпарат деп әр-түрлі атай отырып «білім» факторының бірінші орынға шықанын растайды.

Жоғарыда аталып өткендей, біз өмірде экономикалық ресурстардың шектеулі екендігімен көп кездесеміз. Сондай-ақ экономикалық қажеттіліктер шексіз.

Шаруашылық өмір үшін бұл екі ұқсас жағдайдың үйлесімділігі – қажеттіліктердің шексіздігі мен ресурстардың шектеулілігі – экономикалық теория, экономиканың барлық негізін құрайды. Шын мәнінде, бұл ғылым«қоғам шектеулі, тапшы ресурстармен не, қалай, кім үшін өндіру қажеттігін шешуді зерттейді», немесе басқаша айтқанда «шектеулі өндірісітк ресурстарды тиімді пайдалану мәселелерін немесе адамның материалды қажеттіліктерін максималды қанағаттандыруға жету мақсатында оларды басқаруды зерттейді».

Бұл жағдайға қазіргі заманғы экономикалық теорияны келтіруге болмайды. Бірақ шексіз қажеттілікпен шектеулі ресурстар арасындағы қарама-қайшылық айналасында шараушылық өмір жасалады және ғылым ретінде экономиканың желісінің өсін түзейді. Үй шаруашылығына, фирмаға, барлық ұлттық экономикаға сатып алу немесе әрқашан шектеулі болатын ресурстарды қандай игіліктер өндірісіне жұмсау жөнінде үнемі таңдау жасауы қажет болады.

 

Экономикалық нәтиже
Экономикалық ресурстар
Өндіріс факторлары

 

Сурет. Игілікті өндіру үдерісі

 

Еңбек
Жер
кәсіпкерлік
ақпарат
Өндіріс факторлары

 

Сурет. Өндіріс факторларының өзара әрекеті

 

Адамдардың қажеттілігі мен халықтың саны тұрақты өсуде. Адамзат өмірлік игіліктерді алу үшін тек табиғат ресурстарын ғана емес, басқада (еңбек, капитал, кәсіпкерлік), өндіріс факторларының өсімін пайдалануды мыңдаған жылдар бойы үйренді.

Дәл осы қоғамның барлық өмірін анықтайтын басты экономикалық мәселе болып табылады және экономикалық ғылымның орталығында болады. Мәселе өндіріс факторларының және оның көмегімен адамдар қажеттілігіне салыстырмалы өндірілетін игіліктердің шектеулілігінде (тапшылығында).

Шектеулілік (тапшылық)-жалпылама құбылыс. Игліктердің бірнешеуін – ауа, жаңбыр, күн жарығын есепке алмағанда,адамның қажеттілігін қанағаттандыратын барлық басқа қорлар шектелген көлемде болады. Біз шектеулілік туралы таза физикалық мағынада емес, экономикалық мағынада айтатынымызды бөліп көрсету маңызды.

Шын мәнінде, егер біз Жер қойнауында 128,6 млрд. т мұнай бар екендігін білсек, бұл – ресурстың шектеулі екендігі жөнінде ақпарат. Бірақ, егер мұнайды адамдар пайдаланбаса, онда бұл физикалық шектеулілік экономикалық мәселені құрамас еді. Бірақ адамдар мұнайды белсенді қолданады, және ол әлемнің барлық елдерінде болса, ауа және күн жарығы сияқты мүмкін болса, онда оны тұтыну көлемі жоғары болатын еді. Қазір мұнай оны өндіру мен тасымалдау шығындарын төлеуге қабілеттілерге беріледі.

Сәйкесінше, экономикалық мәселені ресурстың физикалық шектеулігі емес, басқа ресурстарды жұмсау жолымен алу мүмкіндігі түзейді.

Мысал келтіру үшін мұнайды еске түсірейік. Оны Жер қойнауынан оның қосымша көлемін алу үшін басқа шектелген ресурстардың едәуір көлемін жұмсау қажет: ұңғыманы бұрғылауға электр энергия немесе кен орнының тереңдігінен мұнайды айдау, мұнайшылардың еңбегі, металл (мұнай жабдығы мен мұнай өткізгіштің құбырлары дайындалатын) және т.б.

Осылайша, адамзаттың шаруашылық қызметі шапанды өмір бойы пішуді еске түсіреді – бір қажеттілікті қанағаттандыру үшін басқаны қанағаттандыру сферасынан алу қажет болады. Әрине, адамзат мүмкіндігінің өсімі және олардың қолданатын ресурстарының көлемі бұл «шапанның» өлшемін тұрақты ұлғайтуға мүмкіндік береді және адамзат онда өзін бірте –бірте жақсы сезінетін болады.

Бірақ шектелген ресурстарды (әртүрлі игіліктерді жасау сфераларымен), оларды алу құқығы үшін күресушілердің пайдалану сферасы арасында бөлу, бұрынғыдай күн тәртібінде қалады.

Неге экономикалық ресурстар (өндіріс факторлары) әрқашан салыстырмалы шектеулі ?

Шектеулілік (тапшылық) –адамдардың алғысы келген игіліктер көлемінің өндірісі үшін бар барлық ресурстар көлемінің жеткіліксіздігі.

Еңбектің шектеулілігі кез-келген уақытта кез келген елдің еңбекке қабілетті тұрғындар саныныңқатаң бекітілуімен байланысты.

Сонымен қатар, физикалық және ақыл-ой қабілеттері, дағдылары бойынша азаматтардың бір бөлігі ғана жұмыстың нақты түрін орындауға жарамды. Бұл шектеулерді төмендетуге болады, мысалы шетелден жұмысшыларды шақыру (60-70 жылдары көптеген Еуропа елдері әлсіз дамыған елдердің жұмысшыларын жалдаған) немесе неғұрлым тапшы мамандықтар бойынша жұмыскерлерді дайындау және қайта оқыту.

Бірақ мұның барлығына уақыт қажет, жұмыс күші шеңберін тез арада кеңейту мүмкін емес.

Жердің шектеулілігі (табиғи ресурстар) елдің географиясымен және оның жер қойнауындағы пайдалы қазбалардың болуымен анықталады.

Бұл шектеуліктің шамасын бұрын құнарсыз болған жерлерді ауылшаруашылық жарамды жерлерге айналдыру немесе теңіз түбінен мұнайды өндіруді ұйымдастыру арқылы төмендетуге болады. Бірақ бұл үшін де уақыт қажет. Сонымен бірге пайдалы қазбаларды іздеуге жұмсалған ең ірі шығындар оларды табуға кепілдік бермейді, егер қарастырылып отырған елде табиғат мұндай сыйлық жасамаған болса.

Капиталдың шектеулілігі елдің алдыңғы уақыттардағы дамуымен, оның жинаған өндірістік әлеуетімен анықталады. Бұл шектеулікті жаңа зауыттар, тас жолдар, газ өткізгіш тізбектерін құрып, қосымша жабдықтар дайындау арқылы қысқартуға (экономикалық шектеуді жою мүмкін емес болғандықтан жойылмайды) болады.Бірақ мұның барлығына біраз уақыт, сондай-ақ басқада ресурстар қажет.

Кәсіпкерліктің шектеулілігі табиғаттың әр адамға кәсіпкерлік дарынын бермейтіндігімен негізделеді. Бүгінгі күні XIXғ.аяғындағы XXғ.басындағы ұлы орыс кәсіпкерлерінің есімдерінің біздің есімізде қалуы жай емес: Рябушинский, Морозов, Елисеев, Кузнецов, Мамонтов және т.б.

Таңдау. Маңызды экономикалық шешім (не өндіру, қалай өндіру, соңғы өнімді қалай тарату қажет)

Экономикалық игіліктер шектеулі (экономикалық теория терминология бойынша сирек), яғни олардағы қажеттілік аз. Бұл шектеу экономикалық игіліктер өндірісінің көптеген табиғи ресурстар қорының шектеулілігімен, жұмыс күшінің жиі жетіспеуімен (әсіресе білікті мамандар), өндірістік қуатпен қаржылардың жеткіліксіздігімен, өндірістің нашар ұйымдасу жағдайларымен, технологияның болмауымен және қандайда бір игілік өндірісі үшін басқада білімдердің болмауымен байланысты. Басқаша айтқанда, экономикалық игіліктердің өндірісі экономикалық ресурстар шектеулі болғандықтан, экономикалық қажеттіліктерден артта қалып қояды.

Экономика шағын экономикалық бірліктермен (фирмалар, кәсіпкерлер, жекелеген мемлекеттік құрылымдар) жасалатын таңдауларды зерттейді.

Экономика пәні, сәйкесінше, экономикалық бірліктермен жасалатын таңдаулар болып табылады. Таңдаулар жүйесі төрт таңдауға жинақталады:

- нені өндіру керек және қандай көлемде өндіру қажет, яғни қандай тауарлар мен қызметтер тұтынушыларға ұсынылуы тиіс?

- қалай өндіру қажет, яғни қолда бар шектеулі ресурстар көмегімен игіліктерді дайындаудың қандай тәсілдерін қолданған жөн?

- Соңғы өнімді қалай таратуға болады (өндірістік тауарлар және қызметтер), яғни оларды өз меншігіне алуға кім үміткер бола алады?

Бірінші сұраққа жауап бере отырып, адамдар соңында шектеулі ресурстарды әртүрлі игіліктер өндірушілер арасында бөледі. Атап өтейік, егер біз бар металдан мұздатқыш дайындайтын болып шешсек, онда металл асхана пештерін дайындайтын кәсіпорынға емес, мұздатқыш дайындайтын кәсіпорынға түседі. Және пештер өндірілмейді.

«Қалай өндіру керек» екендігін шешкеннен соң адамдар игіліктер жиынтығын дайындаудың қолайлы тәсілін (технологиясын) таңдайды, ол «не өндіру керек?» деген сұраққа жауап болып табылады. Мысалы, сүйікті тамақ өнімі – картопты табиғи тыңайтқыштары мен қол еңбегін пайдалана отырып, қосалқы жер телімдерінде өсіруге болады. Бірақ сол картопты қуатты ауылшаруашылық техникаларын және химиялық өнеркәсіпорындары өндірген минералды тыңайтқыштарды қолдану арқылы ірі аграрлық кәсіпорындарда да алуға болады.

Технологиялық шешімдердің әрбір мүмкін нұсқасы шектеулі ресурстарды (бірі неғұрлым еңбексиымды болса, екіншісі энергиясиымды, үшіншісі үлкен капиталды талап етеді және т.б.) пайдаланудың өз комбинациясы мен көлемін ұсынады.

«Дайындалған игіліктерді қалай бөлу қажет?» деген сұраққа жауап бере отырып, істің мәні бойынша кімге және қанша игілік тиесілі болатындығын адамдар шешеді. Барлығы бірдей алуы қажет пе жоқ па? Егер бірдей болмаса, онда кімге қанша? Егер біреулерге көп алуға рұқсат етілсе, онда қаншалықты көп бөлінуі тиіс?Әділетсіз айырмашылықтан адамдарда ызыландыру тудырмас үшін мұндай бөлуді қалай жүзеге асыруға болады?

- күштінің құқығы – жұдырық немесе қарудың көмегімен әлсізден игілікті тартып ала-алатын адам көп көлемде және жақсысын алады;

- тепе-теңдік қағидасы – әрбір адам бірдей, тең көлемде алады, «ешкім ренжімес үшін»;

- кезек қағидасы – осы игілікті алу үшін бұрын кезекте тұрғандарға тиесілі болады.

Өмір бұл қағидалардың қауіптілігін дәлелдеді, өйткені олар адамдардыңнеғұрлым өнімді еңбекке деген қызығушылығын төмендетеді. Егер адамдар басқаларға қарағанда жақсы еңбек еткенімен және ол үшін оларға қарағанда көп алғанымен өз тілігендегі игілікті алуына кепілдік болмайды. Сондықтан әлем елінің көпшілігі (барлық бай елдерде) бүгінгі күнінегізінде бөлудің ақшалай қағидасы – сатушының ойынан шығатын бағаны төлеуге қабілетті адамға игілік тиеслі болатын, нарықтық бөлудің күрделі тетігі басым.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.