Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





лауазымдарында әскери қызметті өткеру туралы



 

Әскери қызметті өткеру Ережесіне 1 қосымша

 

____________________________________құрамы

лауазымдарында әскери қызметті өткеру туралы

КЕЛІСІМШАРТ

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан 6505 әскери бөлімі,
(уәкілетті мемлекеттік органның атауы, оның орналасқан жері) Қарағанды қаласы
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан 6505 әскери бөлімінің командирі
(уәкілетті мемлекеттік органы лауазымды адамының шені, тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы)
полковник Бекайдар Маратович Казкеевтің – атынан
 
 
               (келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылданатын адамның Қазақстан Республикасының жеке куәлігі№                
тегі, аты, әкесінің аты, оның жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, берілген мекемесі                  берілген күні                     ЖИН
жеке идентифициралған нөмірі)

                    құрамы лауазымдарында мерзімі                                            әскери қызметті өткеру туралы осы Келісімшарт заңнамамен және осы Келісім-шартпен белгіленген талаптарда жасалды.

1.            құрамы лауазымына келісім-шарт бойынша әскери қызметке қабылданатын адам "Әскери қызмет және әскери қызметшілер мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі - Заң) танысты және оған әскери қызметтің зиянды және қауіпті жағдайлары туралы, сондай-ақ әскери қызметтің міндеттерін орындауға байланысты құқықтардың шектелуі туралы ескертіледі.

2.            құрамы лауазымына келісім-шарт бойынша әскери қызметке қабылданатын адам өз еркімен мынадай міндеттеме береді:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғыларын сақтауға;

2) келісімшарт бойынша әскери қызметті өткеретін әскери қызметшілер үшін қолданылып жүрген заңнамамен белгіленген шектеулерді қабылдауға;

3) келісімшартпен белгіленген әскери қызметтің міндеттерін адал орындауға;

4) әскери тәртіп пен қызметтік әдеп ережелерін сақтауға;

5) қызмет процесінде мемлекеттік мүлікке зиян келтіруге жол бермеуге;

6) тиісті лауазымдық тұлғаның Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жарғыларымен белгіленген мерзімге тағайындалып жатқан лауазымды қабылдауға;

7) оған берілген құқықтар шегінде және лауазымдық міндеттерге сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыруға;

8) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді, соның ішінде әскери қызметті тоқтатқаннан кейін де Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген уақыт ішінде жарияламауға;

9) адамдардың өмірі мен денсаулығына және мүліктің сақталуына қатер төндіретін жағдайдың туындағаны туралы хабарлауға;

10) командирлердің (бастықтардың) және өзге де лауазымды адамдардың оларға берілген өкілеттіктер шегінде берген бұйрықтары мен өкімдерін орындауға.

3.___________________________________________________құрамы лауазымына келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылданатын адамның мынадай құқығы бар:

1) Заңда көзделген шектеулерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасы кепілдік беретін құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;

2) өзіне командирлер (бастықтар) және өзге лауазымды адамдар тарапынан жеке басының ар-ожданын құрметтеуге, әділ және құрметпен қарауға;

3) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген нормалар бойынша және тәртіппен мемлекет есебінен ақшалай, киім-кешек және заттай үлеспен қамтамасыз етілуге;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақымен қамсыздандырылуға, әлеуметтік және құқықтық қорғалуға;

5) біліктілігін, қабілеттерін, өзінің қызметтік міндеттерін адал атқаруын ескере отырып, қызмет бабымен жоғарылатылуға;

6) негізсіз айыптаулар болған кезде қызметтік тексерісті талап етуге;

7) өмірі мен денсаулығының қорғалуына;

8) Заңда және Әскери қызметті өткеру ережесінде көзделген жағдайларда уәкілетті мемлекеттік органмен келісім-шарт ұзартуға, өзгертуге және бұзуға;

9) техника қауіпсіздігі мен гигиена талаптарына жауап беретін қызмет жағдайларына;

10) демалысқа;

11) әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде өмірі мен денсаулығына немесе жеке мүлкіне келтірілген зиянның өтелуіне;

12) қызметтік міндеттерді атқаруына байланысты туындаған дауларды тараптардың келісімі бойынша немесе сот тәртібімен шешуге;

13) уәкілетті мемлекеттік органнан келісім-шартта тарапты білдіретін лауазымды адамның өкілеттіктерін растауды талап етуге;

14) өз кәсіби біліктілігін арттыруға;

15) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үймен қамтамасыз етілуіне;

16) қолданылып жүрген заңнамада көзделген басқа да кепілдіктер мен өтемақылар алуға.

4. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан 6505 әскери бөлімі

(уәкілетті мемлекеттік органның атауы)

 

(келісім-шарт бойынша әскери қызметке қабылданатын адамның тегі, аты, әкесінің аты)

келісім-шарт бойынша әскери қызметке қабылданатын адамды қабылдай отырып,

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына және келісім-шартқа сәйкес әскери қызметтің тиісті деңгейін қамтамасыз етеді;

2) әскери қызметшіні Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген нормалар бойынша және тәртіппен ақшалай, киім-кешек және заттай үлестің барлық түрлерімен, сондай-ақ олардың әскери қызметінің міндеттерін орындауы үшін қажетті құралдармен және материалдармен қамтамасыз етеді;

3) осы келісім-шарт жасасқан кезде келісім-шарт бойынша әскери қызметке қабылданатын адамды лауазымдық міндеттерімен және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген әскери қызмет өткерудің талаптарымен таныстырады;

4) әскери қызметшіге әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде өмірі мен денсаулығына немесе жеке мүлкіне келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен және жағдайларда өтеуді қамтамасыз етеді;

5) келісім-шарт бойынша әскери қызметке қабылданатын адамға әскери қызметтің зиянды және қауіпті жағдайлары және кәсіби науқас болу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ әскери қызмет міндеттерін атқаруға байланысты құқықтардың шектелуі туралы ескертеді;

6) әскери қызметшіні келісім-шартта көзделген лауазымға тағайындау туралы бұйрық шығарады.

5. Уәкілетті мемлекеттік органы лауазымды адамының мынадай құқығы бар:

1) келісім-шарт бойынша әскери қызметке қабылданатын (қабылданған) адаммен Заңмен және Әскери қызметті өткеру ережесінде белгіленген жағдайларда келісім-шарт жасасуға, ұзартуға, өзгертуге, бұзуға және тоқтатуға;

2) келісім-шарт жасасқан кезде әскери қызметке қабылданатын адамнан Әскери қызметті өткеру ережесінде көзделген құжаттарды ұсынуын талап етуге;

3) өз өкілеттіктері шегінде бұйрықтар шығаруға;

4) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғыларында белгілеген тәртіппен марапаттауға және тәртіптік жаза қолдануға.

6.                    құрамы лауазымдарында әскери қызметті өткеру туралы келісім-шарт оған екі тарап қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және жасалған мерзім аяқталғаннан кейін немесе оны бұзуға байланысты өзінің қолданылуын тоқтатады.

Әскери қызметшінің лауазымға қызметтік міндеттерін атқаруының басталуы 6505 әскери бөлімі командирінің 201 жылдың « »               № жеке құрам бойынша бұйрығы   

                              (жеке құрам тізіміне тіркеу жөніндегі бұйрықтың шығарылған күні)

болып саналады. 

7. Келісімшарттың талаптары тараптардың орындауы үшін міндетті болып табылады, тараптардың даулары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.

8. Келісімшарт 2 данада мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды, оның бір данасы келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылданған адамға беріледі.

9. Қосымша талаптар __________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

    Казкеев
(келісім-шарт бойынша әскери қызметке,   (уәкілетті мемлекеттік орган Бекайдар Маратович
қабылданатын адамның тегі, аты, әкесінің аты)    лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты)
     
(жеке қолы)   «____»___________201____ж.   (жеке қолы) М О «____»___________201____ж.

 

Келісімшарт әрекетінің тоқтатылуы______________________________________

                                                                                                                   

________________________________________________________________________________________

(негізі және күні)

М О

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.