Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған жастарға арналған консультациялық қызметтер кешені



Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған жастарға арналған консультациялық қызметтер кешені

Өмірлік қиын жағдайға тап болған жастарды әлеуметтік оңалтуға бағытталған консультациялық қызметтер көрсету.

Уақытша келу орнымен қамтамасыз ету;

ақпараттық-ағарту жұмысын күшейту;

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған жастарға арналған консультациялық қызметтер кешені:

1) медициналық көмек; білім алу; кәсіпті игеру (кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру); жұмысқа орналасуға жәрдемдесу; психологиялық сүйемелдеу; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер, өзге де әлеуметтік төлемдер алу мәселелері бойынша әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуді;

2) әлеуметтік байланыстардың қолдау жүйесін қалпына келтіруге және қалыптастыруға жәрдемдесуді (әлеуметтік-психологиялық және психологиялық консультация беру; әлеуметтік патронаж; отбасылық және өзге де әлеуметтік-оң байланыстарды қалпына келтіруге көмек);

3) әлеуметтік-тұрмыстық және мәдени бейімдеуді (оңалту іс-шараларын ұйымдастыру, мәдени іс-шараларға қатысуға тарту);

4) әлеуметтік-құқықтық және өзге де мәселелер бойынша консультациялар беруді қамтиды.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған жастарға арналған консультациялық қызметтер кешеніжобасы шеңберіндегі жүргізілетін барлық жұмыс және оның алгоритмі кешенді сипатта болады және мекемелер мен ұйымдардың қызметін үйлестіруді, жергілікті атқарушы биліктің құрылған тетіктерін пайдалануды қамтамасыз ету үшін бірыңғай схемада жұмыс істейтін болады.

2020 жылғы мамыр- қараша

14 облыс,

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары

22 017

Қылмыстар деңгейі едәуір жоғары 4 облыста жастардың қайталап жасаған қылмыстарының үлесін азайту.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.