Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





тінімдерді қабылдау мерзімі. Өтінімдер жолданатын пошта мекен-жайы және электрондык пошта.



3. Өтінімдерді қабылдау мерзімі. Өтінімдер жолданатын пошта мекен-жайы және электрондык пошта.

Өтінімдер қағаз және электронды тасымалдаушыларда берілуі тиіс (USB флэш жинақтаушы немесе CD-диск).

 

     Өтінімдерді қағаз нұсқада электронды тасымалдағышта қоса ұсына отырып, мына пошта мекен-жайына жолдау керек: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 30, «Astana Apartments» БО, 2 қабат, 211 кабинет.

 

MS Word және PDF форматындағы (бір құжат ретінде) құжаттарды бірінші басшының қолы бар сканерленген өтініш нұсқасын grants@cisc.kz электрондық поштасына жіберуге болады.

 

 Өтінімдер 2020 жылдың «30» шілдесі сағат 18.00-ге дейін қабылданады.

Оператор қызметкерлерінің өтінімдерді қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма күндері аралығы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 9.00-ден 18.00-ге дейін (түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін).

 

4. Грант ұсыну конкурсына қатысуға қажетті өтінім форматы мен құжаттар тізімі:

Өтінімдер осы хабарламаның тек 2-ші пунктінде жарияланған тақырыптар бойынша ғана қабылданады.

Мемлекеттік гранттар алу туралы конкурсқа қатысуға өтінім Операторға қазақ және (немесе) орыс тілдерінде қағаз бетінде және электронды тасымалдағыш арқылы (USB флеш жинақтағышта немесе CD-диск) пошта байланысымен және электрондық поштаға (grants@cisc.kz электрондық поштасына) жіберіледі немесе Операторға қолма-қол конкурсқа сұранымдар қабылдау мерзімінен кешіктірмей өткізіледі. Электрондық тасымалдағыш өтінімнің электрондық нұсқасы ретінде Операторда қалады, яғни қайтарылмайды.

Электронды тасымалдағыштағы конкурсқа қатысу туралы өтінім MsWord форматындағы бір құжат пен жетекшінің қолы қойылып, мөрі басылған өтінімнің сканерден өткізілген нұсқасының PDF форматындағы (бір құжат ретінде) түрінде болуы тиіс.

Егер бір ҮЕҰ бірнеше әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаға өтінім берсе, әр өтінімді жеке хат түрінде жолдауды, ал өтінімнің электронды тасымалдағыштағы (USB флеш жинақтаушы немесе CD-диск) көшірмесін қағаздағы нұсқаға қосымша ретінде жалғап, жоғарыда көрсетілген мекен-жайға белгіленген уақытта жолдануы тиіс.

 

5. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға cәйкес нысан бойынша үкіметтік емес ұйымдарға грантты беруге арналған конкурсқа қатысуға өтініш;

2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің сауалнамасы;

3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің әлеуеті туралы мәліметтер;

4) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылып отырған әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мазмұны;

5) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама барысында материалдық-техникалық қамтамасыз етуге болжамды шығыстар сомасын көрсету арқылы (әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның сомасына белгіленген пайыздар шеңберінде) әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыру бойынша шығындар сметасы. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету деп грантты іске асырумен тікелей байланысты емес және ұйымды дамытуға бағытталған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу ұғынылады;

5-тармақша бойынша ескертпелер:

Әлеуметтік жобаны жүзеге асыру мерзімі 2 (екі) жыл болса, 4 және 5 қосымшаны әр жылға сәйкес толтыру қажет.

Шығындар сметасын жасау кезінде гранттық келісімшартта бекітілген мынадай негізгі талаптар есепке алынады:

- әлеуметтік жобалардың іс-шараларына міндетті түрде қысқаша бейне шолу жасау;

- қоғммен байланыс жөніндегі маманның, бірінші басшының және бухгалтердің жобалық топта болуын қамтамасыз ету;

- қоғамдық шаралар болған жағдайда Оператордың логотипі мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің логотипі бар баннер орнатылуы тиіс.

6) ұйымжарғысының көшірмесі;

7) соңғы есеп күніне ұйымның бухгалтерлік балансы (яғни 2020 жылдың 31 наурыз);

8) ұсынылған әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламада көрсетілген әріптестер және (немесе) тартылатын мамандардың келісімі;

9) өтiнiм берушiнiң өз салымының немесе әлеуметтiк жоба және (немесе) әлеуметтiк бағдарламаны қаржыландырудың өзге де көздерiнiң болуын растайтын құжаттар (жобаға қатысатын ұйымның ресми нысанында болған жағдайда немесе немесе жобаны қолдайтын адамнан жеке толтырылған құжат болған жағдайда беріледі).

Әлеуметтік жобаға өз үлесін қосқаны жайлы ақпарат ҮЕҰ хатымен расталады. Хат ұйымның ресми бланкісінде бірінші басшының (не оның міндетін атқарушының) қолы қойылған ресми құжат.

 Әлеуметтік жобаға басқа қаржыландыру көздерінен түскен үлест жайлы ақпарат қаржыландырып отырған тұлғаның хатымен расталады Хат ұйымның ресми бланкісінде бірінші басшының (не оның міндетін атқарушының) қолы қойылған ресми құжат. Жобаға үлесін қосатын заңды тұлға үшін ұйымның ресми бланкісінде; жобаға қолдау көрсететін жеке тұлға үшін өз қолымен толтырылған құжат тапсырылуы тиіс.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.