|
|||
Атмосфералық қысым туралы қазақша реферат ⇐ ПредыдущаяСтр 4 из 4 Атмосфералық қысым туралы қазақша реферат Бізді қоршаған атмосфера ауасының салмағы (1 м ауа сынап бағанасымен 760 қысымында 1,03 кг тең) бар. Ол жер бетіне, барлық затқа соның ішінде тірі организмге де (1 см шамамен 1,033 кг) үнемі айтарлықтай қысым жасайды. Атмосфералық қысымның шамасы сол ортаның теңіз деңгейінің биіктігімен өлшенеді. Теңіз деңгейінде және температура 0С кезінде атмосфералық қысым сынап бағанасымен 760 мм. Бұл қалыпты барометрлік қысым болып есептеледі. Атмосфералық қысым сонымен қатар метеорологиялық шаруашылықта басқада өлшемдермен өлшенеді. Атап айтқанда, Бармен (б) немесе миллибармен (мб) және Паскальмен. Атмосфералық қысымның ауытқуы ауаның өзгеруіне себеп болады. Ол қысым жоғары болса, әдетте ауа райы да жақсы болып тұрады, ал төмендесе-күн бұлттанып, жауын-шашын болып, тұман түсіп, жел соғады. Атмосфералық қысымның сәл ғана ауытқуы (сынап бағанасымен 25 мм-ге дейін) мал денсаулығы пәлендей өзгеріс туғыза қоймайды. Алайда, қысым күрт ауысса сүтті сиырлардың сүті азайып, қоңы төмендейді, ал асыл тұқымды жылқының ішегі түйілетін жағдайлары жиі кездеседі. Тауға өрлеген сайын барометрлік қысым мен оттегінің парциалдық қысымы өзгеріп отырады. Биік тау (2500-3000 метрден жоғары биіктікте) жайылымдарда, немесе тауға тым тез көтерілгенде оған бейімделмеген малда тау немесе биіктік ауруы өршиді. Мұндай аурумен құлын жиі, ал жылқы, қой, ірі қара мен түйе сирек ауырады. Қаны аз және семіз мал аталмыш сырқатқа тез шалдығады. Тау жағдайына спорт аттары да өте сезімтал. Атмосфералық қысымның төмендігінен болатын бұл аурудың себебі артерия қанында оттегінің парциалды қысымының жетіспеуі. Бұл жағдай ұлпадағы оттегінің аз болуына (гипоксия) ұшыратады. Мұндайға итермелейтін факторлар: температураның төмендеуі, ауаның ылғалдылығы, күн радиациясы кернеуімен, қысқа толқынды сәулелер санының ұлғаюы және атмосфераның электрлік жағдайы. Оттегі жетіспеген соң зат алмасудың бұзылуына, организмде толық тотығып үлгермеген өнімдердің жиналуына, қан ағымының тамыр қабырғаларға өтуіне (инфильтрация) әкеліп соқтырады. Атмосфералық қысым мен оттегінің парциалды қысымның азаюы орталық нерв жүйесінің жоғарғы бөлігінде жылдам байқалады. 2 км биіктікте иттердің тежеу процесі, ал 5 км биіктікте шартсыз рефлекстері мүлде жойылып, қозғалу қызметі бұзылады. Тауға бірте-бірте баяу көтерілсе мал атмосфералық қысымының төмендігіне жақсы бейімделіп, биік таулы жерде ұзақ уақыт жүре алады. Мал организмінің тау жағдайына бейімделуі өкпе желдетілуінің, эритроциттер санының және гемоглобин мөлшерінің (айналмалы қан салмағы) ұлғаюына көп байланысты.
|
|||
|