Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ЖК немесе ЖШС: салық салу режимін таңдау.



ЖК немесе ЖШС: салық салу режимін таңдау.

Бұл, шаруашылық қызметті жүзеге асыруды бастау туралы шешім қабылдаумен байланысты жаңа кәсіпкерлердің көпшілігін алаңдататын сұрақ. Сұрақ өте қызықты әрі көпқырлы, сондықтан болар, кәсіпкерлер бизнес жүргізудің нысандары жайлы ойға шомып, ЖК мен ЖШС ұғымдарын, дәл осылай бюджетпен есеп айырысу режидерін жиі шатастырып жатады. Жалпықабылданған жаңылысу: ЖК – бұл салық салудың оңайлатылған режимі, ал ЖШС – бұл әрдайым күрделі іс. Ең негізгісінен бастайық. ЖК де, ЖШС те оңайлатылған мағлұмдама негізінде, сондай-ақ жалпыорнатылған режимде бюджетпен есеп айырысуларды жүзеге асыра алады. Олай болса, айырмашылығы неде?

ЖК мен ЖШС негізгі айырмашылығы, бұл екі субъектінің несие берушілердің алдында, соның ішінде банкротқа ұшырау жағдайында, өз міндеттемелері бойынша көтеретін жауапкершіліктерінің көлемінде жатыр. Азаматтық кодекстің негізінде ЖК банкрот танылған жағдайда, несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру ЖК тиесілі мүліктің есебінен жүзеге асырылады. ЖШС несие берушілердің алдында өзіне тиесілі мүліктің көлемінде жауап береді. 

Келесі сұрақ – салық салу режимін таңдау. Айта кететін жайт, салық салу режимін таңдауда да көптеген жаңылысулар бар. 

1 жаңылысу: ЖШС немесе ЖК салық салудың оңайлатылған режимін қолдана отырып өз шығындарын ескермейді, тек табыстарын есептеулері тиіс. 

1 жоққа шығару: 2013 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтыруларды қоса алғанда, бухгалтерлік есеп туралы заң бойынша, ЖК мұнымен бір уақытта келесідей жағдайларға сәйкес келсе, бухгалтерлік есеп жүргізуге (бастапқы құжаттарды құрастыру мен сақтаудан өзге) және қаржы есептілігін құрастыруға құқылы емес: 

1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес патент, оңайлатылған мағлұмдама негізінде арнаулы салық режимдерін қолданады;

2) қосымша құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрмайды; 

3) табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтардың субъектілері болып табылмайды.

Осылайша, оңайлатылған мағлұмдама негізіндегі режимді қолданатын ЖК бухгалтерлік есеп жүргізбеуіне болады, алайда, бұл бастапқы құжаттарды құрастыру мен сақтауға қатысты емес. 2013 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша салық кодексінде сондай-ақ, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржы есептілігі туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржы есептілігін құрастыруды жүзеге асырмайтын ЖК құрастыру нысаны мен талаптары уәкілетті органмен бекітілген бастапқы есеп құжаттарын ұйымдастырады және салық есебін жүргізеді. Мұнымен қатар, бастапқы құжаттардың негізінде салық тізілімдерін рәсімдеу қажет. Жоғарыда айтылғанның бәрінен мынадай қорытынды жасауға болады: бухгалтерлік есеп туралы заңға сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізу қажеттілігінен босатылуына қарамастан, оңайлатылған режимдегі ЖК бастапқы құжаттарды жинау мен тіркеуден тұратын бухгалтерлік есепті бәрібір жүргізетін болады, сәйкесінше өзінің табысын да, шығындарын да толыққанды есептейді. 

1 мысал: ЖШС оңайлатылған режимді қолдана отырып, мысалға, базарда құжаттардың берілмейтіндігін алға тартып, бастапқы құжаттарды сақтамады делік. Нәтижесінде, бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша виртуалды жеке тұлғаның алдында үш жыл өткен ескілігі бар несиелік берешек туындады. Салық кодексінің негізінде, үш жылдық мерзім ішінде талап етілмеген берешек күмәнді берешекке жатқызылып, оңайлатылған салық режимін қолданатын ЖШС табысына жазылуы тиіс. 

2 жаңылысу:Оңайлатылған режимде жұмыс істеу тиімді, себебі ЖШС-20% және ЖК-10% жалпыорнатылған режиммен салыстырғанда, КТС (ЖТС) - 3% құрайды. 

2 жоққа шығару:Сан аз болғанымен, оңайлатылған салық режимінде жұмыс істеу кезінде сіз шегеру құқығынан айырыласыз. Егер сіз аздаған сауда үстеме бағасымен жұмыс істеуді жоспарласаңыз, жалпыорнатылған салық салу режимін қолданған әлдеқайда тиімді болмақ. 

2 мысал:

Баптар ЖШС Оңайлатылған режим ЖШС Жалпықабылданған режим ЖК Оңайлатылған режим ЖК Жалпықабылданған режим
Салық 3% 20% 3% 10%
Жылдық табыс 40 000 000 40 000 000 40 000 000 40 000 000
Шегерулер жоқ 35 000 000 жоқ 35 000 000
Салық салынатын табыс 40 000 000 5 000 000 40 000 000 5 000 000
Салық 1 200 000 1 000 000 1 200 000 500 000

 

 Жоғарыда аталған жағдайлардың кез келгенінде өзіңіздің ары қарайғы әрекеттеріңізді алдын ала ойластырып, есептеулер жүргізіп алыңыз.

Сіздің бизнесіңізге деген қамқорлықпен және сүйіспеншілікпен, Астраханцева И.Е.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.