|
|||
Оқу үдерісіОқу үдерісі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де “Математика” мамандығы бойынша жоғары білікті мамандарды дайындау Қазақстан Республикасында қабылданған “Білім туралы заңға” сәйкес төмендегідей үш сатылы оқу жүйесі бойынша жүргізіледі:
“5В060100-Математика” білім бағдарламасына сәйкес мамандар дайындау механика-математика факультетінің математикалық бағыттағы екі кафедрасында төменде келтірілген мамандандырулар бойынша жүзеге асырылады. Іргелі математика кафедрасы жүргізетін мамандандырулар:
Дифференциалдық теңдеулер және басқару теориясы кафедрасы арқылы жүргізілетін мамандандырулар:
Оқу кредиттік жүйе бойынша қазақ, орыс және ағылшын (топ ашылған жағдайда) тілдерінде жүргізіледі. Мамандық бойынша оқытылуға тиісті пәндердің жартысынан астамы оқушы (студент, магистрант, докторант) өз қалауы бойынша таңдап алатын пәндер тізбелерінен тұрады. Бұл оқушыға “Математика” білім бағдарламасы аясында өз оқу траекториясын, яғни болашақта “Математика” мамандығының ішіндегі өзі таңдаған мамандандыру бағыттары бойынша қажетті пәндерді таңдау арқылы болашақ кәсіби қызметіне қажетті сапалы білім алуға толық мүмкіндік береді.
Университетті бітірген соң “5В060100-Математика” мамандығын бітірушіге мамандандырылуы көрсетіле отырып “5В060100-Математика” мамандығы бойынша жаратылыстану бакалавры біліктілігі беріледі. Ары қарай олар өз білімдерін 6М060100-Математика (Магистратура) немесе оған жақын басқа ғылыми мамандықтар бойынша жаратылыстану магистрі дәрежесін алу, сосын 6D060100-Математика (PhD докторант) мамандығы бойынша философия докторы дәрежесін алу бағыттарында жалғастыра алады.
|
|||
|