Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Модуль 1 Энергожүйе туралы түсінік



Модуль 1 Энергожүйе туралы түсінік

 

ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС №2

 

Тақырып «Рұқсат етілген қызу бойынша сақтандырғыштардың балқыма ендірмелері мен ішкі тартылымдарын есептеу»

Сұрақтар:

1. Сақтандырғыштарды таңдау шарттары

2. Кернеуі 1 кВ дейінгі сақтандырғыштардың балқыма ендірмелерінің сипаттамалары

3. Сақтандырғыштардың балқыма ендірмелерінің номиналдық тоқтарын анықтау

 

Сымдар мен кабельдер электрмен жабдықтау жүйесінің элементі бола тұра қорек көздерін электр қабылдағыштармен (электрқозғалтқыштар, жарықтандыру және тұрмыстық аспаптар, электрқыздырушы қондырғылар және басқалар) байланыстырады. Электр қабылдағыштарды торапқа қорғаныс аппараттары арқылы (сақтандырғыштар, автоматты ажыратқыштар, қызу релелері) қосады. Сонымен, бірізді тізбек: өткізгіш - қорғаныс аппараты –электр қабылдағышпен жасалынады. Егер электр тоғы осы тізбекпен өтіп өткізгішті ретсіз қыздырса, апат болуы мүмкін.

Мысалы, қ.т.т. пайда болғанда (асқын жүктеме) желінің сымы сақтандырғыштың балқыма ендірмесі жанғанша немесе автоматты ажыратқыш іске қосылғанша зақымдалуы мүмкін. Сондықтан рұқсат етілген тоқпен таңдалған өткізгіштің қима ауданын қорғаныс аппаратының уақыт-тоқ сипаттамасы бойынша тексереді. Өз кезегінде қорғаныс аппараты тиісті электр қабылдағышқа және желіге сәйкес келуі керек.

Егер желі балқыма сақтандырғыштармен қорғалса, есепті келесі шарттарды ескере отыра, балқыма ендірмелерді тандаудан бастайды.

Іске қосылу тоқтары жоқ тораптарда балқыма ендірменің (плавки вставка) номиналдық тоғы:

                                                                  (2.1)

мұнда Ір –тұтынушының максималдық жұмыс тоғы.

Егер қоректі сақтандырғыш арқылы бірнеше тұтынушыға берсе, онда

,                                                              (2.2)

мұнда ko –тұтынушылардың біруақыттық коэффициенті;

Ірі-лік тұтынушының жұмыс тоғы.

Іске қосылу тоқтары бар тораптарда:

                                                   (2.3)

мұнда Iпуск –бір тұтынушының максималдық іске қосылу тоғы, А.

α –іске қосылу шарттарын ескеретін коэффициент (жеңіл іске қосылғанда α=2,5; ауырда α=1,6...2).

Бір тұтынушы үшін (электр қозғалтқыш)

Жалпы жағдайда, аралас жүктеме болса, (2.1) және (2.3) тәуелділіктерін ескереді, ал балқыма ендірме тоғының Іпв үлкендеу мәні бойынша таңдайды.

Номиналды тоғы Іпв1 таңдалған балқыма ендірме қорек көзіне қарай орналасқан номиналдық тоғы Іпв2 келесі ендірмемен селективті жүмыс істеу керек. «Сельэнергопроект» институты селективтіктің келесі шкаласын ұсынады: іргелес бірізді қосылған біртипті сақтандырғыштардың балқыма ендірмелерінің тоқтары:

Iпв1, А: 6; 10; 15; 20; 25; 30; 35; 40; 45; 50 ; 60; 80; 100; 125; 160; 200; 225;

I пв2, А: 15; 20; 25; 35; 45; 60; 60; 80; 80: 100; 125; 160; 200; 225; 300;350; 400.

Стандартты балқыма ендірмелерді таңдап, сымдар мен кабельдердің қима аудандарын анықтайды.

Егер сымның оқшауламасы поливинилхлорид, резина немесе қызу қасиеті осыларға ұқсас оқшауламасы болса және сақтандырғыштың балқыма ендірмесімен қорғалса, онда шартты орындау қажет:

Осы сымдар үшін өндіріс кәсіпорындарының жарылыстан қауіпсіз өндірістік тұрғынжайларда және кез-келген тұрғынжайларда оқшауламасы қағаз кабельдер үшін қабылдайды:

Егер өткізгіштің рұқсат етілген тоғының есептік мәні кестедегімен сәйкес келмесе, қиманың жақын кіші ауданын таңдауға болады. Бірақ қимасы мұндай сымның рұқсат етілген тоғы есептіктен яғни стандарттық балқыма ендірмені қабылдаған тоқтан кем болмауы керек.

Жарылудан қауіпсіз аймақтарда роторы қ.т. электр қозғалтқыштарға баратын тармақтарда өткізгіштің рұқсат етілген тоғы электрқозғалтқыштың номиналдық тоғынан кем болмау керек, яғни

Жарылуға қауіпті аймақтарда:

Барлық жағдайларда шартты сақтау қажет:

2.1 кесте Кернеу 1 кВ дейінгі сақтандырғыштардың балқыма ендірмелерінің сипаттамасы.

 

Сақтандырғыштың типі Номналдық тоғы, А Балқыма ендірмелерінің номиналдық тоғы, А

ПН2

30, 40, 50, 60, 80, 100
100, 120, 150, 200, 225, 250
200, 250, 300, 350, 400
300, 400, 500,

НПР

60, 80, 100
100, 125, 160, 200

НПН2

6, 10, 15
15, 20, 25, 30, 35, 45, 60

ПРС

2, 4, 6
10, 16, 20
25, 40, 63

 

2.1 есеп. Кернеуі 380 В торап (2.1-сурет.) М1, М2 электр қозғалтқыштарын және шеберханадағы жарық аспаптарын (Л желісі) қоректендіріп тұр. РЩ1 таратқыш қалқанынан РЩ2 қалқанына дейін жерде оқшауламасы қағаз кабель салынған; жердің есептік температурасы 20оС дейін. РЩ2 қалқанынан әр электр қозғалтқышқа құбырдың ішіне орналастырылған АПВ-500 үш сымы келеді, ал жарықтандырушы бас бағытқа (магистраль) - құбырда орналасқан сол маркалы төрт сым. Ғимараттағы температура 25оС; электр қозғалтқыштарының іске қосылуы жеңіл; біруақыттық коэффициенті kо=1. Сақтандырғыштардың балқыма ендірмелерінің номиналдық тоқтарын анықтап, алюминий сымдары және кабельдің қималар ауданын таңдау керек (тұтынушылардың сипаттамасы 2.2-кестеде келтірілген).

2.2-кесте

Сұлбадағы тұтынушылардың белгілері Номиналдық қуат, кВт Номиналдық тоқ, А Іске қосу тоғының еселігі, ki Жүктелу коэффициенті, kз
М1 29,3
М2 82,6 6,5 0,9
Л - -

 

2.1 сурет. Кернеуі 380 В тораптың есептік сұлбасы.

 

Шешуі. 1. М1 электрқозғалтқышының іске қосылу тоғы:

мұнда ki -іске қосылу тоғының еселігі.

Балқыма ендірменің тоғы:

2.1-кесте бойынша типі ПН2-250 балқыма ендірмесінің тоғы Іпв =100 А F1 сақтандырғышы таңдалды.

Сым қимасының ауданын анықтағанда келесі шарттарды ескереді:

Тоқтың 33 А мәні бойынша 1.1-кестеден (Харкута) 40 А шектеулі тоқтың жақын үлкен мәнін және оған сәйкес сым қимасының 8 мм2 ауданын табады. Сым маркасының толық белгісін жазады: АПВ-500-8.

2. М2 электрқозғалтқышының іске қосылу тоғы Іпуск =6,5·82,6=537 А.

Балқыма ендірменің тогы:

Іпв > 537/2,5 = 214,8 А.

Типі ПН2-250 бақыма ендірмесінің тогы Іпв=225 А F3 сақтандырғышын таңдайды. Ідоп > 82,6 А және Ідоп>0,33·225 =74,2 А шарттарынан 82,6 А (2.1 кестесінен) үлкендеу тоғы бойынша сым қимасының 35 мм2 ауданы анықталады, оған 95 А шектеулі тоқ сәйкес. Сымның маркасы АПВ-500-35.

3. Л желісіндегі жарықтандырудың жұмыс тоғы:

мұнда Р-тұтынушылардың номиналдық қуаты, кВт; U -қорек кернеуі, кВ. 2.1-кестесі бойынша типі ПРС-20 балқыма ендірмесінің тоғы Іпв=20А F2 сақтандырғышын табады.

Ідоп = 1,25 Іпв = 1,25·20 А =25 А шартынан, 1.1 кестеден (Харкута) қүбырда төселген төрт бірталсымды сымдар үшін 27 А шектеулі тоқтың жақын үлкендеу мәнін анықтайды; оған сәйкес қиманың ауданы 5 мм2; сымның маркасы АПВ-500-5.

4. РЩ1-РЩ2 желісінде F сақтандырғышының балқыма ендірмесін тоқтың үлкендеу мәні бойынша келесі шарттардан таңдайды:

1)

мұңда Ір — желідегі жұмыс тоғы, А.

Ір= kоІpi = 1,0 (29,3+74,3+18,2) = 121,8 А,

мұнда Ір1=29,3 А; Ір2 = kз·Іном =0,9·82,6 =74,3 А; Ір3 =18,2 А;

kз —жүктелу коэффициенті.

2) А;

мұнда Iпуск —М2 қозғалтқышының іске қосылу тоғы, А; α= 2,5 іске қосылу шарттарынан.

262,3 А тоқтың мәні бойынша 2.1-кестесінен типі ПН2-400 балқыма ендірмесінің тоғы Іпв=400А F сақтандырғышын таңдайды.

Балқыма ендірмесінің тоғы F2 сақтандырғышымен іріктеулі (селективтік) жұмыс атқару шарты бойынша көтерілген.

Жерде төселген кабельдің қима ауданын анықтағанда оны қысқа тұйықталардан қорғау қажеттілігін ескереді. Мұнда электрқозғалтқыштардың номиналды тоқтарын жұмысшы деп есептейді, ал жарықтандыру жүктемесі тоғының есептік мәнін асқын жүктемеден қорғану шарттарынан қабылдайды.

Кабельдің жұмыс тоғы

137 А тоқтың мәні бойынша 1.3-кестеден (Харкута) шектеулі тоқтың 165 А үлкендеу мәнін және кернеуі 1 кВ дейінгі төртталсымды кабель қимасының 50 мм2 тең сәйкес ауданын табады.

20оС жердің температурасын және 80оС талсымдардың нормаланған тепературасын ескеріп, кабель үшін шектеулі тоқты қайта есептеу үшін 1.4-кесте (Харкута) бойынша ki=0,96 түзетуші коэффициенты анықтайды

Ідоп= ki кес = 0,96 ·165 А = 158,4 А,

Бұл 137 А тең есептік тоқтан кем емес. ААШв-1-4х50 кабелін таңдайды.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.